Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды

0
118

Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріліп, еңбек демалысының мерзімі 56 күнге дейін ұлғайтылмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан президенті мұғалімдердің айлығы төмен екенін атап өтті.

«Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұстаздардың айлығын көтеруді тапсырды.

«Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын», — деді ол.

Президенттің айтуынша, «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасында ұстаздарды қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мұғалімдердің жүктемесін азайту, абыройы мен беделін көтеру, материалдық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр.

Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақыны екі есеге өсіру, еңбек демалысының мерзімін 56 күнге дейін ұлғайту, магистр дәрежесі үшін үстемақы төлеу және тағы басқа шаралар көзделген.

Ә

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here