«Қайраттың» экс ойыншысын атып кетті

0
229

«Қайраттың» бұрынғы форварды Дуглас Нуньес да Силваны түнгі клубтан шыққан жерінен атып кетті. Бұл ақпаратты «Коринтианс» бразилиялық басылымдарға растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 жастағы Нуньес Бразилия кубогының жартылай финалынан кейін жалғыз өзі Эрехимнің орталығындағы түнгі клубтардың біріне барған. Ғимарат ішінде ол біреулермен сөзге келіп қалып, ақырында клубтан шыққан бетте оны көлікпен өтіп бара жатқандар атып кетеді. 

Мамандар оның өмірін құтқарып қала алмады. Полицейлер кінәлілерді іздестіріп жатыр. 

«Коринтианс» твиттердегі ресми парақшасында Нуньестің отбасына көңіл айтты. Клубтың бас жаттықтырушысы Андре Бие болған оқиғадан кейін полицияға барды. 

«Ол уақытта ұйықтап жатқандықтан, арада не болғанын нақты айта алмаймын. Қазір оқиғаның мән-жайын білу үшін полиция учаскесіндемін. Мен оның демалста командаластарымен бірге болғанын ғана білемін», — деді Бие. 

Нуньестің көз жұмуына байланысты Бразилиядағы «Атлантик» және «Карлос Барбоза» клубтары арасындағы ойын өтпейтін болды. Ойын 11 тамызда өтуі тиіс еді. 

Нуньес «Қайраттың» атынан 2016-17 жылдардағы маусымның екінші жартысында  ойнады. Сондай-ақ, ол Қазақстанға чемпионатты жеңуге көмектескен болатын. Артынша 2017 жылы ол өзінің «Коринтиансына» қайтып оралды. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қайратта» Нуньестің үлкен ағасы Бетао да ойнаған еді. Ол клубтан 2014 жылы кетті. 

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here