Алуа Қонарова Баян Алагөзовамен арадағы жанжалға қатысты өз шындығын айтты

0
579

«Время» басылымына берген сұхбатында отандық танымал продюсер Алуа Қонарова атышулы әріптесі Баян Алагөзовамен бес жыл бойы бір-бірін көрместей болып араздасуына не себеп болғанын айтты хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал продюсер Баян Алагөзовамен арада «нағыз жарыс пен соғыс» болғанын сөз етті.

«Нағыз сұмдық және отандық шоу-бизнестегі ең ұзаққа созылған әрі ең шулы жанжал болды. Кім мықтырақ екенін көрсетпек болдық. Бірақ, ақыры біз татуластық. Себебі, екеуміз де елу жасқа таяп қалдық. Енді қартайған шағымызда Шнуров пен Собчак сияқты арпылдасып жүру сондай ақымақтық» , — деді ол.

Қонарова бес жыл бойы араздасып жүруден екеуі де шаршағанын мойындады. Себебі, олардың дауы отандық шоу-бизнесті екіге бөлген.

«Мен Баянмен араласатындармен дос болған жоқпын. Кейін оның жақтастары маған келіп, кешрім сұраған кездер де болды. Бірақ, мен оларды кешіре де, түсіне де алмадым. Маған қоңырау шалып «Алуашка, мынадай телеарна сені жақтайды» деп айтып та жатқан» , — деп есіне алды продюсер.

Баянмен болған жанжалға қарамастан Алуа оның сіңлісі Бағым Мұхитденовамен араласуды тоқтатпаған. Олардың арасындағы жақсы қарым-қатынас араздық кезінде де сақталып қалған. Анықталғандай, Алуа мен Бағым бір мектепте оқып, жақсы дос болған екен.

«Ол маған біздің жанжалға оның қатысы жоқ екенін айтып, бірақ біздің татуласқанымызды қалайтынын жасырмады. Алайда, қалай болғанда өз әпкесін жақтады. Маған қоңырау шалып: «Неге олай істедің? Бұл деген сотқа баратын іс қой» деген. Мен ол кезде: «Барып сотқа беріңдер ондай болса» деп жауап бердім» , — деді Қонарова.
Қос продюсердің арасындағы жанжал Жанар Дұғалованың Turkvision байқауындағы жеңісінен кейін басталған. Одан бір жыл бұрын аталмыш музыкалық додада Қонарованың Rin’Go тобы қатысқан болатын. Бірақ, жігіттер финалға жете алмаған еді.
Алуа Қонарова бұл тұрғыда Жанардың жеңісі мен байқауға қатысты өз пікірін білдіріп, атышулы әріптесінің ашуын келтірген. Алагөзова оның сөздерінен Жанарға айтылған сынды байқап, өз әншісінің байқауда әділ түрде жеңгенін жеткізген.
«Жанардың жеңісін ешкім жоққа шығарып тұрған жоқ. Ол әділ түрде жеңіске жетті» , — дейді Алуа.
«Ringo» продюсері сөзі дұрыс жеткізілмегенін айтты. Бірақ, ол Баян біріншіден өзіне хабарласып, мәселені шешіп көрмей, оны ел алдына шығармауы керектігін де ескере кетті.
Алайда бес жылға созылған жанжал өткен жылы өз соңына жетті. Қос продюсер «Сиситай» фильмінің көрсетілімінде көпшілікті таңғалдырып, бір-бірін құшақтай кетті.
Жұлдыздардың жанкүйерлері олардың татуласуына аса қатты қуанған болатын.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here