Саматбек Ізімғали әлемдік біріншілікте «алтын» медаль иеленді

0
146

Болгарияның София қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық «классик» Саматбек Ізімғали әлемдік біріншілікте «алтын» медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлемдік біріншіліктің финалында Саматбек Ізімғали 45 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық қарсыласы Асадбек Бахрамовтан басым түсті. Чемпионаттың қола жүлдесі грузиялық Тамази Глонти мен әзірбайжандық Фарид Садихлиге бұйырды.

Тағы да екі отандасымыз турнирде жүлделі болды. 48 келі салмақ дәрежесінде Ербол Камалиев пен 80 келі салмақта Мақсат Сайлау қола жүлдегер атанды.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here