Жұлдыз жорамал: Аспандағы аққудан қолдағы тырна артық

0
532

Тамыз айында тәуекел етіп, ойланба­ған шешімдер қабылдауға болмайды. Қайсыбір нәрседе болмасын жеті рет ой­лап, бір рет пішкен дұрыс. Сондай-ақ жеке адамның даралық қасиетінің өсуіне, мұқтаждығын қанағаттандыруға қолайлы ай. Біреулер көптен аңсаған арманына қол жеткізеді, біреулер өмірлік сыңарын табады.

Тоқты. Жұлдызы оңынан туып тұр. Жылдың алғашқы жарты бөлігіндегі оқиға­лар аяқталуға жақын, немесе даму­дың жаңа бағытына бұрылады. Сырт қалмаңыз. Барлығын бақылап, араласып отыру қиынға соғар, алайда материалдық жағдайды нығайту, мақсатқа қол жеткізу үшін белсенді болуға тура келеді. Отбасы мәселесі екінші орынға жылжиды, бірақ отбасына қарайласпау үлкен қателік болар еді. Барлығын дұрыс жасаған жағ­дайда керемет табысқа кенеліп, танымал боласыз.

Айдың бірінші онкүндігінде күтпеген оқиғалар көп орын алады, қиыншы­лық­тарға кездеспейсіз, өйткені нені қай кезде, қалай істеу керек екенін білесіз. Сондықтан да бұл мәселеде осалдау жан­дарға көмектескен дұрыс. Егер де өз биз­не­сіңіз бар болса, онда қол астындағы мүм­кіндікті жіберіп алмаңыз, сонымен бірге жаңа сенімді одақтасты да өзіңізге тарта біліңіз. Кеңседе қызмет ететін бол­саңыз, өзіңізді кәсіби жағынан көрсете біліңіз. Бұрынғы әріптесіңіз дұрыс бағыт береді. Дегенмен айналадағы адамдарға сене бермеңіз. Сізді біреулер сатып кет­пе­генмен, кей реттерде айналадағылар мақсатсыз бос сөйлей береді. Ал сіз оларға сеніп қалып, қиын жағдайда қалып қоюыңыз мүмкін. Отбасылы тоқ­ты­лар өткеніне назар аударып, бола­шағын бағалай білуі керек. Өз-өзіңізге сын көзбен қарап, мүмкіндіктеріңізді ескеріп, шешім қабылдай біліңіз.

Айдың екінші онкүндігі жалғызбасты тоқтыларға табысты. Айдың бас жағында елеулі табысқа кенелмеген олар үшін бұл өтемақы іспетті. Бір орында тұрып қал­маңыз, халық даналығын басшылыққа алыңыз. Белгілерге — кездейсоқ сөздерге, қарым-қатынастарға, адамдарға назар аударыңыз. Сезімге толы уақыт. Болашақ бұлыңғыр болып көрінсе, асықпаңыз, әлі үлгіресіз. Жұмыс барысында маңызды өзгерістер орын алады. Егер де өз кәсі­біңіз бар болса, шешімін қажет ететін іспен бірінші айналысыңыз. Немқұрай­лыққа, тәртіпсіздікке қатал қараңыз.

Айдың үшінші онкүндігінде кейбір тоқтылар үшін қоныс аударуға немесе үлкен іс-шара өткізуге қолайсыз уақыт. Алайда бұның жақындарыңызға, әріптес­теріңізге ешқандай қатысы жоқ. Оларға тиым, шектеу салуға болмайды. Тек қана мәселенің қаржылық жағын ойласып, есептеп, содан кейін рахат өмір сүруге болады. Отбасылы тоқтылар өмірінде маңызды оқиға орын алуы мүмкін. Бұл уақытқа кезекті еңбек демалысын жос­пар­ламаңыз. Жоспарлап қойған жағ­дайда көңілге алмаңыз, жұлдыздар сіз жағында. Қалағаныңызға қол жеткізесіз. Бойдақ тоқтылар бастаған ісін аяқтауға қол жеткізіп, адам табиғатының жаңа бір қырын ашады.

Торпақ. Бұл ай тұрақтылығымен, қыз­мет барысында болашағымен қызықты. Спортшы тоқтылар жаңа рекордтар жасайды, науқасынан құтылғысы келген­дер тез сауығады, жалпы қайсыбір мәсе­леде болмасын тоқтылар үшін жақсы ай. Тек махаббат мәселесі кейінге жылжиды.

Айдың бірінші онкүндігі кәсібін енді бастаған тоқтылар үшін қолайлы. Қазір барлық күшті кешенді дамуға бағыттаған дұрыс. Нақты бір бағытты бөліп алудың қажеті жоқ. Тепе-теңдікті сақтауға тыры­сыңыз. Айналадағылардың пікіріне мән беріңіз. Жаңа одақтастар табасыз. Егер де мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, айдың бас жағы қолайсыздау, есесіне өзіңізден белсенді әрекет талап етілген жағдайда жаңа мүмкіндіктерді байқап, барлығын үйлестіре аласыз. Жеке қарым-қатынаста жұрттың барлығына жағынуға тырыспаңыз, әсіресе ұрпақтар дау-дамайынан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жұрттан ерекшеленбеңіз.

Айдың екінші онкүндігінде бағыттар өзгереді. Алайда жеке бизнесі бар тоқты­лар өзіне дос емес адамдар туралы маңыз­ды ақпараттарға ие болады. Асығыстық танытпай, оны ақылмен пайдаланыңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, бас­шылыққа «жайылып жастық, иіліп төсек» болмаңыз. Белсенді болған дұрыс. Кей сәттерде шабуылға шығуға да тура келеді. Көп нәрсені түсінуге, болашақты нақты­лауға көмегі бар. Отбасы жоқ тоқтылар үшін өз-өзін жетілдіретін уақыт. Еш­теңеге бас қатырудың қажеті жоқ, бар­лығы да өз уақытында болады. Отбасылы торпақтардың қиын жағдайы қалыпқа түседі, күтпеген жерден жаңа белеске көтерілесіз. Айдың ортасында демалған, оңалту мақсатында, немесе созылмалы ауруларды емдеу үшін уақыт бөлу қажет.

Айдың үшінші онкүндігінде қателесуге болмайды. Дұрыс жол таңдамасаңыз, күдіктен бой ала алмайсыз. Содан да өз түйсігіңізді тыңдап, өз өміріңізді өзіңіз­ден артық ешкім білмейтінін ескеріңіз. Жеке бизнесі бар торпақтар үшін айдың соңғы жағы қаржы салуға, жаңа бағыт­тарға қолайлы. Мекемеде жұмыс істей­тіндер үшін мамандықтарын арттыруға, жалақысын көтеру үшін басшылықпен сөйлесуге қолайлы. Отбасылы торпақтар отбасы мүшелерімен тіл табысады. Ал бойдақтар көп нәрсені түсіне бастайды.

Егіздер. Бұл ай қызмет бабында көте­рі­луге, тіпті бірнеше баспалдақтан аттап өтіп, қызметтік өсуге мүмкіндік береді. Еңбектенуге тура келеді. Қай кезде де солай. Алайда бұл айда кез-келген еңбек­тің қайтарымы бар. Асықпаңыз, мүмкін­дік пен ресурстар бұл әлі табыс емес. Табыс дегеніміз уақытысында қажетті көлемде жасалған еңбек. Күдік пен күмән болса, кеңес алыңыз артық бол­майды.

Айдың бас жағында әркім өзіне сын көзбен қарағаны дұрыс. Қажет болса кез-келген осалдықты жойыңыз. Өз кәсібі барлар үшін қатаң келісімге даяр болған дұрыс. Келісімпаз болмаңыз, мақса­тыңыз­ды есте ұстаңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, қулыққа барғанның айыбы жоқ. Бірнеше бағытта, бір уақытта үлгіруге тура келеді. Адал одақтаста­рыңыз болса, бәрін де атқаруға болады. Бой­дақ егіздер үшін жаңалық жоқ. Өзіңізді жақсы көретіндердің жанынан табылуға тырысыңыз.

Айдың екінші онкүндігінде мақсат­тарды айқындаңыз, басқалардың өктем­дігіне жол бермеңіз. Өз кәсібі барлар маңызды шешімдерді қабылдауға асық­қаны жөн. Өзіңізге жақын адамдарға мән беріп, оларды жолға салуға ұялмаңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, онда алдымен қарым-қатынастарды орнатып алып, содан кейін әрекет етіңіз. Кез-келген мәселені бейбітшілікпен шешуге болады, бірақ барлық мәселені бірдей шеше беруге болмайды, әсіресе отбасылы тоқтылар үшін. Уақыт сіз жағында емес, ең қиыны асығыстыққа жол беру. Өзіңізді ғана емес, айналаңыздағыларды да бақытты ету мүмкіндігіңіз бар.

Айдың үшінші онкүндігінде барлық қиындықтардың ойдан шығарылғанына көз жеткізесіз. Өз бизнесін дамытуға қолайлы уақыт. Инвестицияға, иннова­ция­лық жаңалықтарға өте қолайлы, тек сенімді жолбасшы таба біліңіз. Егерде өз бизнесіңіз бар болса, басқа жақтан да табыс табу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Жақсыға ұмтылыңыз. Өз-өзін көрсетуге, тек іс барысында өте қолайлы уақыт. Бой­дақ­тар үшін тосын сыйлар бар, кейбір отба­сылы егіздердің өмірінде де жақсы жаңалықтар орын алады. Отбасы толы­ғады. Айдың соңғы жағы ауқымды салта­натты іс-шаралар үшін жақсы сәт, сондай-ақ алыс туысқандардың да кездесуі мүмкін.

Шаян. Ең жақсы ай. Бір ғана мақсатқа жұдырықтай жұмылып, соның жолымен жүргенде армандағаныңыздан биік нәтижеге қол жеткізесіз. Тырысу керек. Жұмыс орнында орын алған өзгерістерге бейімделе білу керек. Қиыншылық болма­ғанмен алтындай уақытты жоғалтуға тура келеді. Күмәнға бой алдырып, бір орында тұрып қалмаңыз. Жеке қарым-қатынаста керемет жаңалықтар бар.

Айдың бірінші онкүндігінде шаяндар өз-өзін тануға тырысады. Аяқасты өзге­ріс­терден алғашқы күндері өз-өзіңізді қолай­сыз сезінесіз. Қорықпаңыз, еш­теңесі жоқ, үйренген қалыппен қимылдай беріңіз. Жеке бизнесіңіз бар болатын болса, бәрі де өз қолыңызда. Қандай қадам жасасаңыз да жеңіске апарар жол. Тек тәуекел етудің қажеті жоқ. Мәселенің заңдылық жағына назар аударыңыз. Қиыншылықтар орын алуы мүмкін. Егер өз кәсібіңіз жоқ болса онда ойланыңыз, уақыты жетті. Бұл кезең шығарма­шы­лыққа, көптен бері ойда жүрген, алайда ақылға сиымсыз, дегенмен жоспарланған идеялардың жүзеге асатын уақыты. Айдың бас жағы жеке өмірді қалыпқа келтіруге де ыңғайлы. Бойдақ шаяндарда бәрі бір қалыпты, отбасы барларда қызықты оқи­ға­лар орын алады. Жаңалықтан қорқудың қажеті жоқ, алыстан қуанышты хабар келеді.

Айдың екінші онкүндігі қарбалас оқиғаларға толы. Мүмкіндігіңізден артық жұмыс істеуге тырыспаңыз, алайда жұ­мысқа ынтаны тежемеңіз. Дәл осы уақытта мекемелерде жұмыс істейтіндер үшін қолайлы жағдай қалыптасады. Керек кезінде, қажетті уақытта, керек орында табылғандар асығы алшысынан түседі. Өз қажеттілігіңізді сезінгенде уақытты текке жібермеңіз. Қазір сізге өз-өзіңізден асып түсіп, өміріңізді өзгертетін марапатқа ие болатын сәт туып тұр. Өз кәсібі бар шаяндар жоспарына шек жоқ. Бәрін де жоспарлауға болады. Алайда түбіріне дейін жоспарланғанның да бір сәтте күйрейтінін ұмытпаңыз. Дер кезінде қолға алсаңыз, шығынға батпайсыз. Тосын оқиғаларға дайын болыңыз, ештеңеге таң қалмаңыз, өз дегеніңізге қол жеткізесіз, бастысы қимылдай білу.

Айдың үшінші онкүндігінде көңіл бо­сап, сезімге ерік бересіз. Бұндай сәттерде өз-өзіңізді тежемеңіз. Бұл әлсіздік емес, негізі достарыңыз да, жақындарыңыз да сіздің де адам екеніңізді еске алуы керек. Бұл кезең ескі байланыстарды қалыпқа түсіретін, жаңа қарым-қатынастар жасай­тын уақыт. Жаңа достар көп болғанымен, ескі достардың қай кезде де орны бөлек екенін ұмытпаңыз. Отбасы барлар дема­лыс жоспарлағаны дұрыс, балалар кере­мет көңіл-күй сыйлайды, сіз де сараңдық танытпаңыз. Бойдақ шаяндар өзі туралы жаңа бір түсінікке келеді. Қажет болса, достардың көмегіне жүгініңіз. Айдың соңғы жағында альтруизммен айналысуға бейтаныс адамдар үшін керемет сый жасауға мүмкіндік болады. Айналаңызға қаншалықты жылулық сыйласаңыз, өзіңізге де соның қайтарымы болады.

Арыстан. Алдыңғы орында қаржы мәселесі. Ұсақ-түйекке аса мән беріңіз. Дәл қазір табыстың кілті сонда. Жалпы­лай алғанда бұл кезеңде екі жақты шешім­нің, біреудің сыртынан сөз айтудың, жасырын ойын ойнаудың қажеті жоқ. Түйсігіңізге сеніңіз. Отбасылы арыстан­дар келісімге келе білу керек, ал бойдақ­тар керісінше табандылық танытқаны жөн. Қандай жағдай болғанда да өмірден сабақ алып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізесіз.

Айдың бірінші онкүндігінде бұған дейін құпия болып келген жағдайдың анық-қанығына көз жеткізесіз. Бұл ақпа­ратты ақылмен пайдалануға тырыспаңыз, тіпті кәсіби шебер адамдардың өзімен де лас ойынға бармай, өз бағытыңызбен жүріңіз. Өз кәсібіңіз бар болса, жұртқа біл­діртпей, ақырын алға қарай жылжи беріңіз. Сіздің уақытыңыз кейінірек келеді. Өз идея­ларыңызды сақтықпен, бірақ сеніммен өткізе беріңіз. міндетті түрде одақтастар табылады, тіпті өз салаңыздан болмаса да. Егерде мекемеде жұмыс істейтін бол­саңыз, онда қиын­шы­лығы бар, алайда қызықты сәт туып тұр. Бәлкім жалақыңыз көтеріледі немесе жаңа қызметке барасыз. Қазір негізін қалаңыз. Махаббат мәселе­сінде қандай күштеу болғанда да өзіңізге ұнамағаннан бас тарта біліңіз.

Айдың екінші онкүндігінде өз-өзіне келген арыстандар табысты бағытты таңдайды. Айдың орта шеңінде бұған дейін қаланған фундамент үстіне алғашқы кірпіштер қалана бастайды. Ең маңыз­дысы осы. Өз кәсібіңіз бар болатын болса онда қызметкерлердің немқұрайлы­лы­ғына жол бермеңіз, егерде мекемеде жұ­мыс істейтін болсаңыз, белгіленген жүйе­ден ауытқымаңыз. Өзіңізге деген мүмкін­діктерді пайдалана біліңіз. Отба­сылы арыс­тандар кездейсоқ жағдайға тап болып, не істерін білмейді. Үрейге бой ал­дыр­маңыз, шығатын жол бар. Оны өзіңіз табасыз. Бойдақ арыстандар не істеу керек­тігін біледі, бірақ оңай емес. Өзіңізге ғана емес, басқалар үшін де әділ шешім қабылдаңыз, өзіңізден гөрі басқаларды көбірек ойлаңыз. Қазір сіздің жағ­дайыңыз жақсы, содан да айналаңызға қолдау көрсетіңіз, әрнәрсенің шегі бола­тыны сияқты, жақсылықты да соны қабыл­дай алатын адамдарға жасаған дұрыс.

Айдың үшінші онкүндігі елеулі оқиға­ларға толы. Көпшілігі материалдық жағ­дайға қатысты. Біріншіден қанша жерден өзіңіздікі дұрыс болғанменен басқаларға астамшылық жасамаңыз. Екіншіден артыққа үйір болмаңыз. Өзіңізге тиесіліні ғана алыңыз. Өз кәсібі бар арыстандар үшін көшбасшы болу мүмкіндігі бар. Мекемеде жұмыс істейтіндер өз ойларын жасырмағаны дұрыс. Қажет болса мақса­тына жетуге кедергі жасағандармен ашық шайқасқа шығуға болады. Жұлдыздар сіз жағында. Жеке қарым-қатынаста бәрі қалыпты, жақсы жаңалықтарға, жаңа таныстарға дайын болыңыз.

Бикеш. Бұл кезеңнің өзіндік мәні бар. Дәл қазір кез-келген жобаны, міндетті, табысты аяқтауға болады. Ол үшін бағытты нақтылап, барлық ресурстарды жұмыл­дыру керек. Өз бизнесі бар бикеш­терге жеңіл. Бәсекелестері өздері де бай­қа­мастан жол көрсетеді. Егер өз бизне­сіңіз болмаса, онда заңдылықты ұмыт­паңыз. Топырақты неғұрлым өңдеген сайын, бағыт алу да жеңіл. Сол сияқты неғұр­лым көп күш жұм­салса, қайтарымы да көп болады. Тек өз ресурстарыңызды ақылмен пайдалана біліңіз.

Айдың алғашқы онкүндігінде тосын оқиғалар көп болады. Содан да жұмыстан бас көтере алмайсыз. Денсаулыққа аса мән беріңіз, қазір ауруға болмайды. Сондай-ақ асыра жұмыс істеуге де, жүйке жүйесі темір емес. Егер де өз кәсібіңіз бар болса, онда мүмкіндіктердің барлығын елеп-екшеп болашағы бар дегеніне тоқтаңыз. Тәуекел етуге тура келеді, бірақ барлығын жіберіп қоймаңыз, кейінге алып қалуды ұмытпаңыз. Қазір стратег­тер­дің уақыты. Қаншалықты тез қимыл­дау керек болғанмен. Егер мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, жоспарыңызды асыра орындаңыз, ең құрығанда соған күш салыңыз. Әйтпесе өз ісіңізді ашуды қолға алыңыз. Отбасылы бикештер үшін айдың бас жағы тынышсыз әрі қызықты, ешқандай дау-дамай жоқ, тек бірлесе шешу­дің арқасында өзіңізге қатысты жаңалық ашатын даулы жағдайлар орын алуы мүмкін. Бойдақ бикештер қандай марапат ұсынғанда да өз шешімінен қайтпауы керек.

Айдың екінші онкүндігі бірқалыпты, жаңа екпінге бой үйретесіз, не істеріңізді білмесеңіз үрейге бой алдырмаңыз, түйсігіңізге сеніңіз. Айдың орта шегінде асыра жұмыс істеу тәуекелі бар. Күш-қуатыңыз жетсе, тоқтамаңыз, өзіңізге жасағандай ниетпен асыра орындаңыз. Бойдақ бикештерге таңдау жасау қажет­тігі туады, өзіңіз қалағанға иек артыңыз. Отбасы мәселесінде басқалардың шешім қабылдауға араласуына жол бермеңіз, алайда әділ болыңыз.

Айдың соңғы онкүндігінде басталған жобалардың аяқталғаны дұрыс. Белсен­ді­лік танытыңыз, өз денсаулығына, бизне­сіне, жақын адамдарына қаржы салуға қолайлы уақыт. Ақша кетеді деп қорық­паңыз, қайтарымы бар. Егер де өз бизне­сіңіз болса, мақсатқа жетуге секіріс жасаңыз, 100 пайыз күш жұмсаңыз. Меке­меде жұмыс істейтін болсаңыз, басқа­лар­дан гөрі артықшы­лықтарыңызды көрсете біліңіз. Отбасылы бикештердің өмірінде орын алар маңызды оқиғаларға дайындық басталады, мәселен отбасы мүшесінің толығуы, бойдақ бикештер үшін қызықты сәттер көп, сезім толқынында батып кетпеңіз.

Таразы. Басқа кездерге ұқсамайтын керемет уақыт. Барлығына даяр болыңыз, ең бастысы жан-жақпен байланысты жоғалтып алмаңыз. Ақпараттың жетім­сіздігі жағдайында тез шешім қабылдау кезеңі. Жұмыс барысында түбегейлі шешім қабылдаңыз, өзіңіздің дұрысты­ғыңызға сенсеңіз, бас тартпаңыз. Өз уақы­тысында қатаң іс-әрекетке барыңыз.

Айдың бірінші онкүндігі таразылар үшін тыныштық кеткен сәт. Әрекет еткеннен гөрі көбірек бақылаған дұрыс. Ақпараттар, әсіресе бәсекелестер туралы жинаңыз. Өз бизнесі барлар үшін маңызды шешімдер қабылдауға көптеген мәліметтер керек. Тіпті өсек-аянның өзін де пайдалануға тура келеді. Мекемеде жұмыс істейтіндер өз жұмыс орнына ұқыптылық танытқаны жөн, өзгерісті содан бастаған дұрыс. Одан әрі қарай 1,2 жақсы мүмкіндіктер болады, өзіңізге тәлімгер болатын адамға кезігуіңіз де мүмкін. Отбасы тірлігі қызу қайнап жат­қанмен, отбасылы таразылар байсал­ды­лық танытады. Уайымдаудың қажеті жоқ, бәрі өз-өзінен реттеледі, сіздің міндетіңіз жағ­дай­ды бақылауда ұстап, ешкімнің билік алып кетпеуін қадағалау. Бойдақтар қызық­ты таныстықтарға кезігеді, тіпті айдың ортасында маңызды таңдау да жасайды.

Айдың екінші онкүндігінде бұған дейін екі ойлы болып келген таразылар мақса­тын айқындайды, бұл табыстың жартысы, екінші жартысы кәсіби деңгейіңіз. Егер кәсіби деңгейіңіз жоғары болса, онда айдың соңына дейін аңсағаныңызға қол жеткізесіз. Кедергілер кездессе тез жою керек. Айдың ортасы кәсіби өз-өзін жетілдіруге қолайлы. Арнайы әдебиеттер оқыңыз, білім жетілдіру курстарынан өтіңіз, әйтеуір дағдарып қалуға жол бер­меңіз. Бұл әсіресе мекемеде жұмыс істей­тіндерге қатысты. Өз бизнесі барлар үшін жаңалық жасаған дұрыс, алайда дәл қазір оған қолайлы сәт емес. Бойдақ таразылар өткенін еске алса, жарқын сәттердің көп екендігіне көз жеткізеді.

Айдың үшінші онкүндігінде маңызды жағдай орын алады. Таңқаларлық ештеңе жоқ, алайда ол маңызын әлсіретпейді. Отба­сында шынайы қалпыңызды ұстаңыз. Жұмыс барысында жұрт мақтап жүрген іске сақ болыңыз, одан қайта өз жолыңызды тапсаңыз, табысыңызды да көбейтесіз, әрі сүйікті ісіңізбен айналысасыз.

Сарышаян. Табысты кезең. Керемет нәтижелер. Жалпы ай ірі келісім-шарттар жасауға, активтерді бір бағыттан екінші бағытқа ауыстыруға ыңғайлы. Қазір барлығы да қалыптасқан жағдайды өзіңіздің қалай пайдалана білетініңізге байланысты.

Айдың бірінші онкүндігі шағын тосын­сыйларға толы. Әсіресе отбасылық сая­хат­тарда. Қазір барлық назарыңыз жұ­мыста, өзіңізбен бірге келе жатқан адам­дар туралы ұмытуға болмайды. Егер де өз кәсібіңіз бар болса, өз-өзіңізге демалыс жариялап, маңызды шешімдер қабыл­дамаңыз. Ал мекемеде жұмыс істейтін бол­саңыз, онда бар күшіңізбен еңбек етіңіз, қайтарымы болады. Қазір маңызы болмаса да, кейін пайдаға жарайтын таныстықтар орын алады. Содан да жаңа таныстарға аса мән беріңіз. Егер де кез­дей­соқ бір жағдайға кез болсаңыз, жаныңыз­дағы серігіңізбен ақылдасаңыз, маңызды нәрсені жіберіп алуыңыз мүмкін.

Айдың екінші онкүндігінде бағытты өзгертуге тура келеді. Алайда жаңа бағыт­тың әділдігіне күмән келтірсеңіз, ойын тәртібін қабылдамасаңыз да болады. Бұл сын сағаты емес. Егер де өз кемеңізді жел­дің ырқымен жіберсеңіз, белсенді қимыл­даңыз. Бұл кезең келісім-шарт жасауға, инвестициялық жобаларды жүзеге асы­руға, әртүрлі біріктірулер мен таратуларға қолайлы кезең, дегенмен барлығын қарас­тырдым дегеннің өзінде тәуекел етуге болмайды. Егер де мекемеде жұмыс істей­тін болсаңыз, өз ісіңізді атқарыңыз, жағ­дайға сенім артыңыз, содан кейін барып бірден өзгеріс енгізіңіз. Құрығанда кең­сеге жаңадан гүл әкелсеңіз де. Бойдақтар шешімнің қиындығына бас ауыртпағаны жөн, мәселе өз-өзімен реттеледі. Ал от­басы барлар барынша күш жұмсағанда дау-дамайға жол бермей, өз беделін нығайтады.

Айдың үшінші онкүндігінде кейбір қорытындылар жасалады, бірақ шектеу болмайды. Демек, қол жеткізгенге қанағат етіп, жаңа жобалар туралы ойлануға болады, немесе қолдағы барды әрі қарай дамыту керек. Айдың соңғы жағы жұмыс орнын өзгертуге, немесе өз бизнесін бас­тауға қолайлы. Өз қалауыңыз білсін, әділетсіздік жасамасаңыз болды, барлық жағдайда жұлдыздар сізді қолдайды. Егер де өз кәсібіңіз бар болса, ойдағы нәтижеге қол жеткізгенше одақтастарыңызды да, қарсыластарыңызды да аямаңыз. Егер де мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, ақырын қимылдаңыз, ешкімге тіке ештеме айтпаңыз. Жұлдыздар өтірік айтпаңыз дейді, алайда шындықтың да шегі бар, содан да өзіңізге қажетті мөлшерде ғана шындық айтыңыз.

Мерген. Қажетті міндеттерді шешуге стандарттан тыс қадамдар жасауға тура келеді. Бұл сондай қиын емес, үрейге бой алдырмаңыз. Оның үстіне алдағы уақытта көмегі болар керемет тәжірибе жинақтай­сыз. Жұмыс бағытында табысқа кенелесіз, денсаулық мәселесінде тәуекел етудің қажеті жоқ, махаббат майданында қы­зықты сәттер көп, күлкінің артықтығы жоқ, жағдайдан шығу үшін көңілді де болу керек. Алдыңғы кезекте сезім. Түйсі­гіңізге сенім артыңыз, оны тыңдай біліңіз, бірақ ақылмен әрекет етіңіз.

Айдың бірінші онкүндігінде болып жатқанды жағдайды түсінуге тура келеді, кейбір сәттер түсініксіз, оған бола тоқтап қалмаңыз. Түсінік те, шешім де өз-өзінен келеді. Уақыт жетпейтіндей көрінгенмен бәріне үлгіресіз, асықпаңыз. Өз бизнесі барларға асығыс шешімдердің кедергісі көп. Мекемеде жұмыс істейтіндер үшін тосыннан әрекет етуге тура келеді, содан да қолға алмайынша өз жоспарыңызды достарыңызға, әріптестеріңізге айта көр­меңіз. Махаббат мәселесінде серігіңізге артық нәрсе айтпаңыз, ұстамды болыңыз. Есесіне дау-дамайдан құтыласыз.

Айдың екінші онкүндігі қаржы салуға қолайлы кезең, әсіресе бағалы қағаздар нарығындағылар үшін. Қорытынды шыға­руға асықпаңыз, ауқымды іс-шара жос­пар­лаған болсаңыз, кездейсоқ жағдай­ларға дайын болыңыз. Егер өз кәсібіңіз бар болса, бәсекелестеріңізден үлгі алыңыз, басқалар өзіңізден күтпеген жаңа бір істі бастау керек. Егер де өз кәсібіңіз болмаса, кезінде сенімсіздікпен бас тартқан идеяларды еске түсіріңіз. Қазір оны тексеріп көретін уақыт. Жеке қарым-қатынаста жақындарыңызға көп уақыт бөліңіз. Өйткені, олармен өзіңізді жайлы сезінесіз. Екіншіден олардан өзіңізге қажетті істің шешімін естисіз. Жолда абай болыңыз, қауіпсіздікті сақтаңыз.

Айдың үшінші онкүндігі негізі жылдың өзінше бір ерекше кезеңі. Барлық дау-дамайлар тез шешіледі, мақсаттарға қол жетеді, жұрттың барлығына жағынудың қажеті жоқ, жаңа таныстықтар болуы мүм­кін, негізі шыншыл әділ болуға тыры­сыңыз. Егер де өз бизнесіңіз бар болса, барлық істерді аяқтап, жаңа жобаларға көшіңіз, егер де мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, ерекше мақсатқа қол жеткізіп, тәжірибе жинақтайсыз, басшылық наза­рына ілігесіз. Отбасы барлар үшін тыныш кезең, бойдақтар үшін ұсыныстардан бас тартпаған жөн.

Тауешкі. Шын мәнінде майдан. Бар­лық бағыттарда. Демалуға уақыт жоқ, егер де демалысты жоспарлап қойған бол­саңыз, қорқатын ештеңе жоқ, дема­лыс қызықты өтеді. Жұмыс барысында пайда туралы ойланыңыз, дәл қазір өзіңізді қанағат­тандыратын әрі алға қарай мақсатқа ұмтылдыратын негізгі меже осы.

Айдың алғашқы онкүндігі өз бизнесі бар тауешкілер үшін өте маңызды, қаржы мәселесінде ешқандай тәуекелге баруға болмайды. Ең бастысы ұсақ-түйекке де мән беріңіз, өзіңізге қызғанышпен қарай­тындардың әңгіме сөзіне назар аудар­маңыз. Егер де мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, бір өзгеріс жасауға тырысыңыз. Жүрегіңізді тыңдай біліңіз, бойдақтар өздеріне не қажет екенін анық­тап алғаны дұрыс, керемет таныс­тыққа кез болып, ойланбаған қадам жасауы мүмкін. Тіпті тәуекелге барып, нәтиже­сіне өзі де таңқа­лады. Ең бастысы сезімге бой алдырмай ақылға салып, жағдайды бағалай біліңіз.

Айдың екінші онкүндігінде тұрмыстық мәселелер алға шығады. Әуреге салатын, бірақ қанағат сезіміне бөлейтін әдемі сәттер де болады. Бас тартпаңыз, жұмыс шаршауынан демаласыз, айдың орта­сында отбасы барлар сезім толқынында тербеледі. Қаржыға абай болыңыз, көп жұмсай бермеңіз, пайдалы іске салуға тыры­сыңыз. Жұмыс барысында ойға сыймайтын жағ­дайлар орын алуы мүмкін, бірдеңе ойлап табудың қажеті жоқ, құр босқа уақыт алады, жағдайдың ыңғайына қарай әрекет етіңіз. Өз бизнесі барлар техникалық жабдықтарға, сон­дай-ақ қызметкерлерді бақылау құра­лына мән бергені дұрыс. Бұл айдың соңында ыңғайсыз жағдайда қалмау үшін керек.

Айдың үшінші онкүндігі маңызды кеңес қажет болады. Таныстарыңыз немесе бейтаныс адамның өзі де маңызды кеңес айтады. Кім айтқаны маңызды емес, ең бастысы оның мәні. Әбден ойла­ныңыз. Өз ісі барлар үшін келісім-шарт­тар жасауға қолайлы уақыт, бірақ алды­мен құқықтық жағын қарап алыңыз. Егер де мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, айдың соңына дейін үлгіре алмайтын жобаларға алаңдамаңыз. Қағаз жүзіндегі көрсеткіштерге көп ұмтылмай, нақты нәтижені басшылыққа дәлелдей біліңіз. Табанды болыңыз, әділдік үшін күре­сіңіз, сонда сізде бәрі жақсы болады. Ай­дың соңында сыйақы және басқалай да қаржылай бонустар болуы мүмкін. Бұл жерде оны дұрыс жұмсай білу керек. Отба­сында ашуға бой алдырмай, айқай­сыз өз шешімдеріңізді орындата біліңіз.

Суқұйғыш. Қалағанына қол жеткізу үшін көп еңбектенуге тура келеді. Жұл­дыздар сәттілік тілеп тұр. Содан да қолға алған істің сәтті болуына күмәніңіз бол­масын. Айдың соңғы айы ойланғаннан гөрі еблсенді қимылға көшетін уақыт. Оның үстіне суқұйғыштар барлық жағы­нан да табысқа кенеліп тұрған жұлдыз­дардың бірегейі. Махаббат майданында да жеңістер бар, алайда шайқасуға тура келеді.

Айдың бірінші онкүндігінде жұмыста да, отбасында да жүктеме аз емес, сон­дық­тан демалысты ұмытпаған дұрыс. Жалпы күн тәртібінің зияны жоқ. Ерте жатып, ерте тұрғанның ырысы артық екені анық. Егер де өз бизнесіңіз бар болса, көзсіз көбелек сияқты ұрына бермеңіз. Сізге табандылық, жігер керек. Алайда басқа амал қалмаған жағдайда ғана күшке салу керек. Жар жолдан тоқ­тап қалмаңыз, өзіңізге қолдау көрсете­тіндермен бірге алға қарай жылжыңыз. Жаныңызға қауіпсіздік үшін біреуді ертіп жүріңіз, әсіресе мекемеде жұмыс істейтіндер үшін тәуекелге баратын сәт­тер кездеседі. Жаңа іс бастауға қолайлы уақыт, бірақ асықпаған жөн. Жеке қарым-қатынаста бойдақ суқұй­ғыштар көптеген жаңа адамдармен танысады, бірақ оған көп жіберудің қажеті жоқ. Отбасы барлар есепсіз шығындарды тоқта­тып, үйдегі жағдайды өзгертуді ойлануы керек.

Айдың екінші онкүндігінде жалпы қозғалыс азаяды, есесіне маңызды мін­деттерге тереңірек бойлау керек. Бизнесі барлар үшін инновацияға, модерниза­цияға, жаңа өндірістік бағыттарды жүзеге асыруға қолайлы. Алайда жалғыз әрекет етпеңіз, міндетті түрде жақын адамдар­мен ақылдасыңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, тағдырлы шешімдер қабылдауға асықпаңыз, бәлкім сізге қысым жасалар, назар аудармаңыз, әлі көп уақытыңыз бар. Өз кірісіңізді көбейтуге мүмкіндіктер көп, өзіңізге-өзіңіз кедергілер қоймаңыз. Махаббат мәселесінде отбасы барлар үшін маңызды әңгіме, содан елеулі оқиға күтіп тұр. Бұл кезең бала жоспарлауға, көшіп-қонуға қолайлы.

Айдың үшінші онкүндігі өз-өзін жетіл­діріп, тәжірибе жинақтауға қолайлы кезең. Барлық жақтан қозғалыс пайда болады, ендеше жұмысқа күш салу керек. Егер де өз ісіңіз бар болса, бәріне бірдей үлгі­ремін деп әуре болмаңыз, ең маңыз­ды деген бағыттарды таңдап алыңыз. Қызметкерлеріңіздің әңгімесіне құлақ түріңіз, өсек-аянды да қалт жібермеңіз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, бір сәтке тоқтап, өз жұмысыңызды бағалай біліңіз. Қазір маңызды нәрсені аңғарып, жұмыс процесін жаңғыртып, оны тез әрі тиімді ету мүмкіндігі бар. Есесіне өзіңіз­дің материалдық жағдайыңызды жақсар­тасыз. Жеке қарым-қатынас мәселесінде айдың соңғы жағы суқұйғыштар үшін керемет. Отбасы барлар рахат сезімде болады, ал бойдақтар ерекше бір оқиға­ларға құмартады.

Балықтар. Бірнеше елеулі оқиғалар орын алады, бәрі де маңызды. Қиын жағ­дайдан шығуға дұрыс таңдау жасалады. Ақылды алдыңғы кезекке қойып, сезімді екінші қатарға қойған жөн. Бар ынта-жігерді жұмысқа, қаржы саласына аударған дұрыс. Денсаулықтың бәрі жақсы, тек айдың соңғы жағында салқын тигізіп алуыңыз мүмкін, абай болыңыз. Жалғыз басты балықтардың махаббат сезімінде көптен бері ұмытылып кеткен жай қайтадан еске түседі.

Айдың бірінші онкүндігінде жаңа жағдайға дұрыс бейімделу керек, ең бас­тысы ынталану. Егер де өз мақсатыңызға сенімді болмасаңыз, онда қадам жасау­дың қажеті жоқ, өйткені бұл уақыт жеңіс­ке жарты қадам қалғанда тоқтай­тын шақ емес. Қаржы мәселесіне де барынша ден қойыңыз. Егер де бизне­сіңіз бар болса, басқалардың айтқанына құлақ аспаңыз, сізге сырттан көмек керек емес. Бәріне де өз шамаңыз жетеді. Оның үстіне жағдай соншалықты қиын емес, әдеттегідей өзіңізге таныс қиыншы­лық­тар. Егер де мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз айдың бас жағында қапыла бермеңіз, алдағы жобаны жүзеге асыруға әлі күш-қуат керек. Жеке қарым-қаты­наста жұрт алдында ұстамды болыңыз, батыл болыңыз, бірақ шектен шықпаңыз.

Айдың екінші онкүндігінде анағұрлым өзгеріс жоқ, алайда өзіңізде өзгерістер болуы мүмкін. Жұлдыздардың айтуынша бұл кезең прогресстің уақыты. Даралық, кәсіби шығармашылық жағынан дамуға негіз бар, тек кәсіби спортта бір елеулі оқиғаларға байланысты күте тұруға тура келеді. Отбасы бар балықтар маңызды шешім қабылдайды, туысқандар тосын сый жасайды. Егер де жақын достарыңыз күтпеген ұсыныс жасаса, сақ болыңыз. Жалғызбастылар асықпағаны жөн.

Айдың үшінші онкүндігі қалғандарына қарағанда бірқалыпты. Біріншіден елеулі таныстықтар жоқ, екіншіден маңызды шешімдерді қабылдап, соның нәтиже­лері­мен жұмыс істеудесіз, бизнесі жоқ балықтар кәсіп бастауды ойланғаны дұрыс. Алайда бірден бастап кетуге де болмайды. Негізі жұмыс орнын ауыс­тырған жөн. Қазіргіден жақсы жұмыс орнын табу үшін мамандықты өзгерту керек, егер де бұған тәуекел етсеңіз, бәрі жақсы болады. Бизнесі бар балықтар инновациялық шешімдерге байланысты табысын көбейтеді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here