Сырдариядағы дүкен көзбояушылық емес…

0
71

Әлеуметтік дүкен 2015 жылы аудан әкімінің бастамасымен ашылды. Демеушілер — кәсіпкерлер. Аз қамтылған көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға қызмет көрсетеді. Дүкенде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері 30-50 пайыз жеңілдікпен сатылады. Негізінен 5 түрлі азық-түлік өнімдері, олар күріш, қант, ет, ұн, өсімдік майы жеңілдетіл­ген бағамен сатылса, егін жинау науқанында кейбір демеушілер қазақ­тың салты бойынша кеусен ретінде өздерінің бау-бақша өнімдерінен өткізеді.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары отбасындағы артылған немесе қысқарып қалған киімдерді дүкен сөресіне әкеліп қояды.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төмен нормалары азық-түлік себетінің құрылымына сәйкес килограмм/айына өлшем бірлігімен есептелінген.

Тұтынушылардың тізімін Тереңөзек кенті әкімі жанынан құрылған комиссия қалыптастырған. Комиссия құрамында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің редакторы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы бар. Комиссия ай сайын тізімді қарап, зерттеп, тізімді қажеттілігіне қарай жаңартып отырады. 01.07.2019 жылға әлеуметтік дүкеннен 126 отбасы 617 адам азық-түлік алса, қазіргі таңда комиссия қызмет алушылар тізімін комиссия отырысында қайта қарап, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды және тұрақты жұмысқа орналасқан отбасыларды тізімнен шығарып, тізім қайта жасақталып 77 отбасы 350 адам болды.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here