Жұлдыз жорамал: Қарыздарды қайтаратын кез келді

0
442

Тоқты. Қолайлы күндер 22,25. Қолайсыз күн­дер 28,31. Шілде айы тоқтылар үшін демалысқа, алыс жол-сапарға, жаңа әсерге тама­ша кезең. Сондай-ақ тұрмыс­тық мәселелерді шешуге де, туысқандық, отбасылық қа­рым-қатынастарды нығай­туға қолайлы кезең. Іскерлік және жеке мәселелерде серік­тес­терінің көмегі көп. Алайда, айдың соңғы жағында ойланбай қадам жасаудан аулақ болған жөн. Әсіресе, құмар ойындарға үйір болмау керек. Жеңілтаптық соңы қиындыққа әкеледі. Маңызды мәселелерді шешуде табандылық керек. Тоқтылардың кейбірі үшін қателіктерді жөндеуге мүмкіндік беріледі. Отбасы мәселесінде үлкен жобаларға, мысалы жөн­деу жұмыстарына тәуекел етпеу керек. Қарыздарды қайтаратын кезең де келді. Ұстамдылық аса қажет. Ең басты деген мақсатқа жұмылу керек. Сырттан соққан соққыларға табандылықпен қарсы тұра аласыз. Асқазан сыр беруі мүмкін. Спиртті ішімдік­терден бойды аулақ ұстаңыз. Емделуге, тіс салдыруға қолайлы. Тәнді тазартуға да. Тамақ аурулары да сыр беруі мүмкін.

Торпақ. Қолайлы күндер 24,29,31. Қолайсыз күндер 19,23,27. Тыныштық тек түске ғана кіреді. Өмір қайнап жатыр. «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал» дегендей. Балалар­мен де тіл табысу керек. Еңбек демалысына шыққанға не жетсін. Ойламаған жерден ақша түсімі болуы мүмкін. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады». Өсекке жол бермеңіз. Қолқаға абай болыңыз, негізі тыныс алу жаттығулары мен гимнастикасына мән беріңіз. Сондай-ақ бауырды тазалауды да ұмытпаңыз. Созылмалы науқасы барлардың алдын алғаны жөн.

Егіздер. Қолайлы күндер 21,22,26,31. Қолайсыз күндер 20, 24,28. Әрине демалысқа қолайлы кезең. Алайда жұмыс бары­сында бір істі бастасаңыз, соған мән беріңіз. Бәлкім үйреншікті көзқарасыңызды өзгертерсіз. Танысуға, кездесуге қолайлы кезең. Өзгеріс желі соғып тұр, тек бағытыңызды айқындап алыңыз. Егіздер жұрт­тың бәрін бақытты еткісі келеді. Ең құрығанда жақындарын, әйтпесе өзін бақытты ету жоспары бар. Достармен керемет кездесу, тіпті тағдырыңызға әсер етер оқиғалар орын алуы мүмкін. Шаруашылық және тұрмыстық істермен айналысасыз. Алайда жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырған дұрыс. Қызмет мәселесінде жоғарыға   секірудің қажеті жоқ, тек қол жеткенге ие болуы керек. Бұл да оңай емес. Егіздер көпшіл, бәрін білуге құмар. Ал қазір жұмыс­тағының бәрі іш пыстырып жібереді. Жағдайды өзгерткісі келеді. Алайда, қызметті ауыстыруға асықпаған жөн. Қаржы мәселесінде қиындық бар. Ойламаған жерден тұрмыстық шығындар шығады, төлемдер кешігеді. Жаңа іс бастаудың, оның ішінде несие алудың қажеті жоқ. Аллергиядан қиналасыз, бауырды, қанды тазартуға қолайлы кезең.

Шаян. Қолайлы күндер 24,29. Қолайсыз күндер 21,26,27. Күн астындағы өз орныңызға таласуға дайын болыңыз. Алайда шаруа күйіп бара жат­паса, асықпасаңыз да болады. Қазір шаяндар үшін қолайсыз кезең. Содан да отқа май құйып, маңызды істер жоспарлап, өзіңіз­дің де жаныңыздағылардың да өмірін қиын­датудың қажеті жоқ. Алыс сапарларға шығу қауіпті. Әсіресе ауа мен су. Сондай-ақ жол үстінде аса сақ болу керек. Тұрмыстық және отбасылық мәселелер сәтімен шешіледі. Қызмет барысында басшылық көңілінен шығу қиын, не болғанда да шыдамдылық танытыңыз. Қаржы мәселесі қиындау. Қазір кейінгі қайтарымға жұмыс істеп жатырсыз. Бірақ өзіңізге қажеттіге қиналмайсыз. Бизнесі барлар үшін маңызды шешімдер қабылдауға, құжаттардың рәсім­деуге қолайсыз, жұмыс барысында жауапты бол­ғаныңызбен басқаның жүгін арқаламаңыз. Денсау­лық мәселесінде жүйкеге мән беріңіз. Асқазанды емдеуге, диетаға, дұрыс тамақтануға қолайлы уақыт. Өкпені тексертіңіз. Созылмалы ауруларға да қарсы күресіңіз. Қан мен бауырды тазартуға қолайлы сәт.

Арыстан. Қолайлы күндер 21,31. Қолайсыз күндер 19,26,27. Жақсы да, жаман да жеткілікті. Жағдайға шүкіршілік етіңіз. Күш пен қаржы жинаңыз. Ежелгі жұлдызшылардың түсі­нігі бойынша, туған күн алдын­дағы уақыт күш жинайтын, сондай-ақ тіршілік пен жоспар­ларды тәртіпке келтіретін кезең. Жаңа іс бастаудың қажеті жоқ. Одан қайта ескі істерді реттеп, алдағы жеңістерге жол ашыңыз. Көңіл-күйдің түсіп кететін, жүйкенің сыр беретін сәттері болады. Бастысы демалыс. Сондықтан да мүмкіндік болса, өз-өзіңізге тыныштық жариялаңыз. Қаржы саларда жан-жақты бағалаңыз, тәжірибелі адамдардың кеңесіне құлақ түріңіз. Тәуекел істерге, ойланбаған қадамдарға бармаңыз. Алысқа жол сапарды кейінге қалдырыңыз. Құжаттардан қажеттілік шығу мүмкіндігі бар. Жеке бастама көтермеңіз, ешкіммен қақтығыспаңыз, ортақ келісімге келуге тырысыңыз. Іс бастағаннан гөрі аяқтаған жеңіл. Қиындықты жеңуге күш жетеді, қиын жобаларда өз күшіңізді сынап көріңіз. Кез-келген қиындықты жеңуге өз күшімен жетеді. Бас­шы­лықпен келіспеушілік болады, өз-өзінің дұрысты­ғын қазір дәлелдеу мүмкін емес. Денсаулық мәселе­сінде остехондроз, радикулит сыр береді. Спиртті ішімдіктерге әуестенбеңіз, ауырған жағдайда дәріханаға жүгіргеннен гөрі, ашыққан дұрыс.

Бикеш. Қолайлы күндер 20,24,25. Қолайсыз күндер 21,29. Іскер­лік және жеке басқа қатысты жоспарлар жасауға болады. Өзгерістерге, жаңару­ларға қолайлы. Күш тасып, тау қопаруға дайын кез. Ең бас­тысы күйзелістен, шаршаудан сақтану керек. Қорытынды жасайтын, жобаларды, жоспарларды тәртіптейтін кез. Әрі қарай ізденуге, өз-өзін жетіл­діруге мүмкін­діктер мол. Үйреншікті жолмен жүрген­дер ұтыл­майды. Жаңаның бәрі ұмытылған ескі болуы да мүмкін. Шыдамдылық пен табандылық жетістіктің кепілі. Нәтиже кеш болуы да мүмкін. Өз жоспарыңыз өзіңізге қарсы шықпас үшін құпиялық сақтаңыз. Қозғалмайтын мүлікке қатысты сатып алу, айырбас­тау, тұрғын жайды кеңейтудің болашағы бар. Денсау­лық мәселесінде көп қозғалыс жасау керек. Бүйрек сыр беруі мүмкін. Ісіктің алдын алу үшін тұзды ас қолданыңыз. Ауыр зат көтергенде абай болыңыз.

Таразы. Қолайлы күндер 21,22,26. Қолайсыз күндер 20,24,31. Қажет емес шаруа­лардан арылыңыз. Маңызды таңдау жасауға тура келеді. Алдағы болашаққа әсерін бағалаңыз. Сезімге емес, ақылға салыңыз. Жұмыс барысында жауаптылық артады. Тұрмыс­тық қолайлылықтан бас тартып, үстеме жұмыс істеуге тура келеді. Жақын адамдарыңыздың түсіністік танытуына тырысыңыз. Қазіргі қарбаласыңыз болашақта отбасы бюджетіне түсім болады. Қазір ақшадан қиналып жүрсіз. Жомарттық танытыңыз. Уақытымен қамқорлық жасау, бұл өз сезіміңіздің кепілі. Қызмет мәселесімен қатар, отбасын да ұмытпаңыз. Балалар демалысына көңіл бөліңіз. Отбасында келіспеушіліктер болса, шатақ шығар­маңыз. Басшылықпен келісімге келуге тырысыңыз. Бастамашыл болудың қажеті жоқ. Қарыздардан құтылыңыз. Ашық әрі үйренген қалыппен әрекет етіңіз. Ұжым мүддесі үшін қызмет еткенде таразылар көп нәтижеге қол жеткізеді. Келесі лауазым үшін күресуге болады. Алайда бәсекелестік күрес бар. Шығармашылық бастама мен жаңашылдық нәти­жесін береді. Жайбасарлыққа салынбаңыз. Маңызды шешімдер қабылдап, қосымша міндеттемелер алудың қажеті жоқ. Ондай бола қалған жағдайда алғыс ай­тады деп күтпеңіз. Қаржылық тұрақтылыққа туыс­қан­дарға көмектесу керектігі әсер етеді. Жөндеу жұмыс­тарына да шығын кетеді. Денсаулық мәселе­сінде диета сақтаған жөн, су жағасының әсері ерекше, ұйқысыздықты, жүйке ауруларын емдеуге қолайлы кезең.

Сарышаян. Қолайлы күндер 24,29. Қолайсыз күндер 22, 26,27. Өзінің де, өзгенің де тәжіри­бесінен сабақ алу керек. Алдағы уақытта керек болады. Жағ­дайды тездетудің, артық қызы­ғу­шылықтың соңы айналамен келіспеушілікке әкелуі мүмкін. Ұсақ-түйекке дейін мән беріңіз. Өз әрекетіңіздің соңы не боларын ойланыңыз. Отбасында бәрі үйлесімді, тіпті алыс туысқандардың өзі сізге риза, дегенмен отбасылық бюджетке бай­ланысты кішігірім келіспеушіліктер болуы мүмкін. Балалардың бос уақытын ұйымдастыра біліңіз. Қызмет барысында басшылықпен келіспеушілік орын алуы мүмкін. Өз дұрыстығыңызды дәлелдеймін дегенмен бәрібір сізді кінәлі етіп, ақша шығынына әкелуі мүмкін. Дұрысы сәтті кезеңді күтіп, қызмет міндетін атқарған. Ақшалай қарыз немесе несие алуға болмайды, өйткені қайтаруы қиын болады. Денсау­лық мәселесінде зиянды әрекеттерден арылу керек. Бүйрекке, өт жолына, тамаққа мән беру керек. Қантты көп қолданудан бас тартыңыз. Өзіңізге жеке диета таңдаңыз.

Мерген. Қолайлы күндер 23,28,31. Қолайсыз күндер 19,25,30. Махаббат, демалыс, шығарма­шылық кезеңі. Саяхат, жол­сапар, тіпті шетелге шығу мүм­кіндігі бар. Бизнеске, шетелдік серіктестермен табысты келі­сім-шарттар жасауға қолайлы уақыт. Алайда қаржы шырға­лаңынан абай болыңыз. Жеке қарым-қатынастарда да мәселе орын алады. Отбасына, үйге көп көңіл бөлесіз. Ата-анаға да. Қаржы мәселесінде, келісім-шарттар жасауға жол ашық. Қайда жүрсеңіз де жақын адамдарыңызды ұмытпаңыз. Көптен бері ойға алған жоспарды жүзеге асыруға ешқандай кедергі жоқ. Қайта бәрі сізге көмекке келеді. Бірақ сақ болыңыз. Сізге ниеті дұрыс емес адамдар да белсенді қимылға көшеді. Кейбір жобалардан бас тартуға тура келсе, өкінбеңіз. Шамалы уақыттан соң қайтадан қолға аласыз. Жаңадан ақша аямаңыз. Қазіргі жұмсаған ақшаңыз игілікті. Сондай-ақ мүмкіндіктен көп жұмсадым деп те уайымдамаңыз. Жақын арада ірі ақша түсімі болады. Ұзақ мерзімді іс-сапардан бас тартпаңыз. Қызметіңіздің болашағына әсер етуі мүмкін. Денсаулық мәселесінде сұйық нәрселерді, әсіресе ішімдікті көп ішу қауіпті. Бүйрек сыр береді. Тері де әлсірейді. Кез-келген инфекция қанды бүлдіруі мүмкін. Аяғыңызға аса мән беріңіз. Бас пен бетке ота жасатпаңыз. Тіс жұлдыртуға болмайды. Денсаулығы сыр берген мергендер дәрі-дәрмекке көп қаржы жұмсайды. Жүйкеңізді шаршатпаңыз, диета ұстаңыз.

Тауешкі. Қолайлы күндер 19,20,25. Қолайсыз күндер 22,30. Көп­тен бері ойда жүрген тұр­мысқа қатысты істерді атқа­руға, туған-туыстардың жағ­дайын білуге ыңғайлы. Ту­ған-туыс­қан­дармен, бала­лармен қа­рым-қатынас әлсі­реуі мүмкін, келісімге келе біліңіз. Басшы­лықпен арадағы келіспеушілік күшейе түседі, тіпті жұмыс ауыстыруға себеп те табылады. Дегенмен, кезекті еңбек демалысымен шектелген дұрыс. Қаржы мәселесінде қиындық­тар бар, артық табыс көзі жоқ, іскерлік бағытында жаңа сынақтар пайда болады. Қосымша жауапкершілік пен міндет алудың керегі жоқ. Денсаулық мәселесінде демалысқа, ұйқыға жеткілікті уақыт бөлу қажет, қан айналымы сыр береді, бәлкім бұрыннан келе жатқан сырқа­тыңыздан тәуір болудың жолы табылар. Жақсы емші, немесе жақсы ем кезігеді. Спортпен айналысқанда сақ болу қажет.

Суқұйғыш. Қолайлы күндер 19,21,25. Қолайсыз күндер 23,27. Жұ­мыста қарбалас, ескі уәде­лерді сондай-ақ міндетті орын­дау оңайға түспейді. Тіпті еңбек демалысын да кейінге қалды­руға тура келеді. Шабытты кезең. Жағымды жаңалықтар, жаңа таныстықтар, ескі достармен кездесу — бәрі қуаныш. Сондай-ақ тосын сыйлар, шырғалаң оқиғалар салдарынан өмір жақсы жағына да өзгереді. Күтпеген жерден керемет жолсапар болады. Жұмыста бәрі бірқалыпты. Алайда, суқұйғыштардың бірнәрсені өзгертсем деген қасиеті ойдан кетпейді. Келешекті болжай білетін қасиетіне орай табысты коммерциялық жоспар жасауы мүмкін. Егерде материалдық жағдайды жақсартқыңыз келсе, немесе жұмысты ауыстырып, қызмет бабында өскіңіз келсе, бұл ойды кейінге қалдыру керек. Негізі жұлдыздар басшылықпен келіспеушілік болады деп ескертеді. Денсаулық мәселесінде ағзаны күшейтуге, сауықтыруға мән беру керек. Бүйрек пен бауыр сыр береді.

Балықтар. Қолайлы күндер 19,21,30. Қолайсыз күндер 23,28. Тағдырлы кезең. Өміріңізде үлкен бір өзгеріс болады. Бәрі де жеңіл болады деп еш жерде жазылмаған, сынаққа даяр болыңыз. Бүкіл әлем өзіне қарсы тұрғандай әсерде болады. Тереңірек қарағанда бұның бәрі ұсақ-түйек. Ең дұрысы қарбаластан қашық болып, тыныштықта өмір сүрген. Жұмысқа, кәсіпке барынша назар аудару керек. Айналадағы жұртпен келісімге келіп, тіл табыса білу керек. Демалысқа ең қолайлы уақыт. Қарыздарды қайтаратын уақыт. Барлық міндеттемелерді орындаған дұрыс. Қаржы мәселесінде абай болыңыз. Қызметті аса пайдаланбаңыз, басшы­лықтың қаһарына ұшырайсыз. Үнемдей біліңіз, өйткені ақша түсімі   әзір болмайды. Еңбектің қайтарымы болатынын ұмытпаңыз. Еңбек еткенде ғана табысқа кенелесіз, ал еңбек зая кетпейді. Денсаулық мәселесінде аллергияның алдын алу керек, созылмалы сырқаттар сыр береді. Жүрекке салмақ салмаңыз.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here