Жұлдыз жорамал: Жалғыздың үні шықпас

0
559

Тоқты. Қолайлы күндер 14, 19, 28. Қолайсыз күндер 16, 26. Айдың бірінші бөлігіндегі үрей, толқыныс басты ауыр­тып, ұй­қыны қашырып, денсаулыққа әсер етеді. Қызмет бары­сында қолайсыз сәт­тер болуы мүмкін. Жол апатына, тұрмыстық техни­каның бұзы­луына байланысты, күтпеген шығындар болуы мүмкін. 18 шілдеден кейін жағдай жақ­сарады. Проблемалар шешіліп, келі­сімдер жасалып, қаржы жағ­дайы жақ­сарады. Дегенмен жұм­сақтық танытпаңыз. Айна­лаңызды аз тыңдап, өз түйсігіңізге сеніңіз. Әйтпесе басқалардың қолжау­лығы болып кетесіз. Отбасылы тоқтылар қаталдық танытқаны дұрыс. Жалғыз­бастылар қолда қадірлей білу керек.

Торпақ. Қолайлы күндер 13,29. Қолай­сыз күндер 17,24. Айдың ортасына дейін майда-шүйде пробле­малар торпақтың мазасын алады. Сезімге ерік бермеңіз. Ойланбаған әрекет жасамаңыз, сонда бәрі ретімен шешіледі. Қазір жаңа жобаның, ғылыми ізденістің, жұмысқа орна­ла­судың уақыты емес. Өз талан­тыңызды көрсетуге де мүмкіндік жоқ. Отбасында қиындық бар, бірақ ушықтырудың қажеті жоқ. Айдың 18-нен кейін бұл сейіліп, жұмыс істеуге, қарым-қатынастар жасауға жеңілдеу болады. Сондай-ақ табысты көбейтуге де, отба­сындағы қарым-қатынастарды да реттеуге мүмкіндік бар. Мекемеде жұмыс істейтіндер біраз тер төгуге тура келеді. Қайтарымы бар. Өз бизнесі бар­лар­дың абай болғаны дұрыс. Жұрттың айтқанының бәрі жөн бола бермейді. Сондай-ақ өз кәсібін немесе маман­дығын өзгерткісі келгендер де асықпағаны жөн.

Егіздер. Қолайлы күндер 19,22,29. Қо­лай­сыз күндер 17,20. Айдың бірінші жарты­сында қаржы қиын­шылықтары аз емес. Көштен қалып қоймас үшін түйсікке иек артып, өнертапқыштық жасай білу қажет. Жұмыс барысында дау-дамайға араласпаған жөн. Кей әріп­тестердің жөнсіз әрекеттері жағдайды ушықты­рып жібереді. Егіздердің кейбіріне жаңа жұмыс іздеуге тура келеді. Бұл жерде де дау-дамай, сондай-ақ өзі сеніп жүрген серіктестерінің сатқындығы болуы мүмкін. Отбасында жағдайды нақтылауға тура келеді. Өзіңізге ғана емес, қасыңыздағыларға да адалдық таныту қажет. Бизнесі барлар жаңалықтан, әсіресе өндірісті жаңғыртудан қорықпағаны жөн. Мекемеде жұмыс істейтіндер жаңа байланысқа сақ қарағаны дұрыс.

Шаян. Қолайлы күндер 19,24,30. Қолайсыз күндер 18,27. Қуат күшінің артқанын сезінеді. Алайда айналадағылардың қысымы, сыны өмірді қиындатып жібереді. Серік­тестер шыдамның шегін сынайын дегендей әрқайсысы өз мақсат­тарына пайдаланғысы келеді. Дау-дамайлардан бөлек сот ісі де болуы мүмкін. Жаңа таныстарға сенбеңіз, маңызды құжат­тарға қол қоймаңыз. Шатаққа шатылмаңыз, даулы іске араласпаңыз. Отбасылы шаяндар үйден көбірек шығып, әртүрлі іс-шараларға, науқандарға қатысқаны жөн. Ең бастысы сізді қолдайтындар көп. Жұмыс барысында бұрынғы бағыттан айнымаңыз, бірақ арасында жеңіл-желпі өзгерістер енгізіңіз. Кедергі кездессе шегінбеңіз. Аристотель айтқандай табан тірейтін күшті тауып, жерді қозғалтыңыз. Көпшілік іс-шараларын, мәселен, той, туған күн, мерейтой өзкізуге қолайлы кезең.

Арыстан. Қолайлы күндер 18,28. Қолай­сыз күндер 17. Айдың бірінші жартысында қарама-қайшы­лық­тар, сынап-мінеу, өкпе-наз жүй­кеге тиеді. Әріптестермен келісімге келу, отбасында үйлесімділікті сақтау оңайға соқпайды. Жоспар­лар­дың бұзылуы, бәсекелестермен келіс­пей қалу жағдайлары да орын алуы мүмкін. Арыстандардың кейбірі дау-дамай мен өсек-аянның құрбаны болуы мүмкін. Сәл шыдаңыз, бәрі де қалпына келеді. Айдың 18-нен кейін жақсы хабарлар, өзгерістер орын алады. Жаңа мүмкіндіктер ашылады, өз сәттілігіңізді жіберіп алмаңыз. Әрдайым белсенді болып, жетекке ерушінің емес, жетекшінің тізгінін бермеңіз. Құлағыңызды түріп жүріңіз: жақсы жаңалық жасау мүмкіндігі бар. Маңызды келісім-шарттар жасауға қолайлы кезең. Бір орында тұрып қалмаңыз. Сәтті келісім-шартқа қол қойғаннан кейін бәрі де жаңадан басталады. Әрі қарай жоспар құрыңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, өзге­рістер туралы ойланыңыз. Қазір тәуекел етуге қолайлы уақыт. Әсіресе көптен бері ойда жүрген шығармашылықты жүзеге асыруға болады. Өз еркіңіз жет­­песе, достарыңызбен ақылдасыңыз, көмекке келеді.

Бикеш. Қолайлы күндер 12,18,30. Қолай­сыз күндер 9,22. Айдың ортасына дейін жұмысқа алаңдауға тура келеді. Дау-дамайға аралас­паңыз. Кімнің кім екенін анық­тауға да тырыспаңыз, әйтпесе өзіңізге жау тауып аласыз. Әр ісіңізді алдын-ала ойланыңыз. Сонда көп мәсе­леден құтыласыз. Жол сапары кезінде абай болыңыз. Айдың 18-нен бастап келеңсіздіктер жойы­лады. Достарыңыз бен туысқандарыңыз күрделі мәселе­лерді шешуге көмекке келеді, ал кейбір мәселелер өз-өзінен шешім табады. Бұл айда бикеш­тер өздерінің дұрыстығын дәлелдейді, ол үшін табанды бола білу керек. Отбасы мәсе­ле­лерін ушықтырмай, бірден шешуге тырысу керек. Егерде өз бизнесіңіз бар болса, сырттағылардың кеңесіне құлақ түріңіз. Ұсақ-түйек мәселелердің өзіне үлкен мән беріңіз. Мекемеде жұмыс істейтіндерге тосын сый бар. Бәлкім жаңа қызмет баспалдағы болар. Бірақ, сәттілікті жіберіп алмау керек. Мүмкіндікті жіберіп алған жағдайда ренжудің қажеті жоқ. Әлі сәті келеді. Сезімнен гөрі іске басымдық беру керек.

Таразы. Қолайлы күндер 15, 19, 29. Қолай­сыз күндер 9, 17. Шаршап жүрген­мен, осалдық танытқысы келмейді. Әралуан мәселелер де жаңбырдан кейінгі саңырау­құлақ­тай көбейіп тұр. Ұнжырғаңыз түс­пе­сін. Бәріне шамаңыз келеді. Шымылдырық сыртындағы дау-дамайға араласпаңыз, әріптесте­ріңіз­бен дауласпаңыз, әрі сырыңызды да айта көрмеңіз, өз ісіңізбен айна­ласыңыз. Жағдайды ушықтырмаңыз. Айдың екінші жартысында қуат-күшіңіздің артқанын сезінесіз. Қиындықтарға басқаша қарай бастайсыз. Есесіне көптеген келеңсіз жағдайлардың шешімін табасыз. Бизнес мәселесінде тәуекел етіңіз, көп ойланбаңыз, дегенмен шегінетін тұс қалдырыңыз. Мекемеде жұмыс істейтіндерге мүмкіндіктер берілгенімен олар оны пайдалана бермейді. Жұмыс барысында ең бірінші кезекте кәсіпқойлыққа мән беріледі, содан да әркім өз-өзін жетілдіруге тиіс. Бәсеке­лестік болатыны анық. Бизнесі барлар әртүрлі тексеріс­терден, сынақтан уақытын аямау керек.

Сарышаян. Қолайлы күндер 12, 29. Қолай­сыз күндер 17,30. Аға ұрпақпен келіспей қалатын кездер болады. Саяхатқа шыққанда кедергілер кездесуі мүмкін. Сондай-ақ жұмыс барысында да сәтсіздіктер де орын алады. Бастысы жағдайды ушық­тыр­май, өте сақ болған дұрыс. Жаңа істі немесе қарым-қатынасты бастамас бұрын барлығын таразылап алған дұрыс. Сенімді, білікті кеңесшілер, адвокаттар, мамандар іздеу керек. Әйтпесе тесік астаудың жанында қаларыңыз анық. Сондай-ақ уақыт пен күш те текке кетеді. Сәл шыдаңыз. Табыс пен сәттілік есік қағады. Ескі дос­тардан қашпаңыз, өзіңіз білмеген нәрсеге аралас­паңыз, артық қимылдың қажеті жоқ қаншалықты қажет соншалықты қимылдаңыз.

Мерген. Қолайлы күндер 19,29. Қолай­сыз күндер 17, 22. Қаржылық қиындықтар бар. Мүлік дауы болуы да мүмкін. Өз мүддеңізді қорғап қалуға дайын болыңыз. Тезірек салықты, айыппұлды төлеп тастаңыз. Заң бұзбаңыз. Жұмыс барысында өзгерістер орын алады, қарым-қатынас ауқымы кеңейеді, қызметтік міндет те. Табыс пен сәттілік ауылы алыс емес. Өз бизнесі барларға өте маңызды кезең. Барлық проблемаларды бір түйіншекке түйіп, бірден шешіп тастауға болады. Бірақ бәрі де көпшілікпен бітеді. Жағдайға бейімделе біліңіз.

Тауешкі. Қолайлы күндер 19,29. Қолай­сыз күндер 17,30. Қиындықтарға төзуге тура келеді. Бәсекелестер сізді айналып өту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Өз қимыл-әрекетіңізді алдын-ала жос­парлаңыз. Тауешкілердің кейбірі еріксіз дау-дамайға арала­сады. Мұндай жағдайда басшылықтың қара тізіміне ілігесіз. Салық төлеу де, мұрагерлікке таласта қиын­дықтар болуы мүмкін. Қаржы мәселесінде сақ болыңыз, тексерілмеген ақпараттарға сенбеңіз. Түбегейлі өзгеріс жасауға қолайлы кезең, бойдағы асып-тасып тұрған күшті дұрыс бағыттау үшін спортпен айналысуға болады. Жұмыс барысында барлық мәселені тез шешуге, кейінге қалдырмауға тырысыңыз.

Суқұйғыш. Қолайлы күндер 19, 28. Қолай­сыз күндер 17, 20. Өзін қызықтыр­майтын іспен айналысқан суқұй­ғыштар қол-аяғы байлаулы адамдай. Көпшілігі айналасынан қысымды сезінеді, немесе жағ­дайға әлі келмейтінін түсінеді. Отбасындағы кикілжіңдер мен қаржы қиындығы көңілді құлазытады. Айдың 17-нен бастап қызметтік өсуге қарым-қатынасқа сәтті кезең басталады. Келісім-шарттар жасауға, жұмысқа тұруға, басшылыққа өтінішпен шығуға қолайлы. Расында да бұл кезең суқұйғыштар үшін қаржы салуға, келісім-шарттарға тамаша мүмкіндік. Алайда, несие алуға тағы да басқа қарыз алуға қарсылық бар. Жұлдыздар тек қана өз күшіне сену керектігін ескертеді. Отба­сылық мәселеден шет қалмаңыз. Қайсыбір мәселеде болмасын шешім қабылдауды кешіктірмеңіз.

Балықтар. Қолайлы күндер 19, 29. Қолай­сыз күндер 9, 22. Балықтардың өз бетінше бастама көтеруі қиындау болып тұр. Басқалардың нұсқауы­мен әрекет етуге, жағдайға қарай бейімделуге тура келеді. Құр қиялмен жеңіске жетем деп ойламаңыз. Нақты жағдайға қайта оралу қиын соғуы мүмкін. Қызметтік дау-дамайлардан қашық болыңыз. Әртүрлі «сарай ойындарынан» бойыңызды аулақ ұстаңыз. Өз-өзіңізді тежей білсеңіз, қызметте табысқа жетесіз, өміріңізде өзгерістер орын алады, шығармашылық шабыт келеді. Қаржы мәселесінде кейбір тұстарды шешуге қолайлы.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here