ҚОСШЫҢЫРАУ – ӨРКЕНИЕТ АУЫЛЫ

0
62

Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолында егемен еліміздің еңсесін тіктеп шаттығына шаттық қосып, шаңырағына уық болып шаншылған Сыр өңірінің бас қаласы Қызылорданың іргесінде орналасқан ауылдардың қайсы­бірін қарасаңыз да кемелденіп, көркейіп келеді. Осы орайда, ауылдың қазіргі жағдайы мен келешек жоспарлары жайында Қосшыңырау ауылдық округ әкімі Таубай Дулат Раушанбекұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

— Алғашқы әңгімемізді ауылдың өткені мен бүгіні жайында бастасақ…

— Қазіргі Қосшыңырау ауылдық округі 1952 жылы Интернационал, Абай, Казрис, Жыңғылдыкөл колхоздары қосылып, орталығы Абай колхозы  болып құрылған. Халықтың негізгі басым бөлігі егін және мал шаруашылығымен айналы­сады. 1997 жылға дейін  Сырдария ауда­ны­ның  құрамында  болған. Елді-мекен­нің жалпы жер көлемі – 53 313 гектар болса, халық саны – 3150 адамды құрайды. Оның ішінде, экономикалық белсенді халық саны – 1736 адам. Өз-өзін жұмыс­пен қамтығандар саны – 451. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы­ның «Қосшыңырау» бастауыш партия ұйымында 106 партия мүшесі бар. «Жүрек жылуы» — қайырымдылық акциясы аясында жыл сайын тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік таратылады.

— Кәсіпкерлік саласы бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

— Ауылдық округте 125 шағын кәсіп­керлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде 3 заңды тұлға, 68 дара кәсіпкер, 51 шаруа қожалықтары бар. Биылғы жылы 3 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, жаңа жұмыс орындары ашылды.

-Мемлекеттік бағдарлама­лар­дың шарапатын көріп отырғандар бар ма?

— Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 10 жобаны іске асы­рып, 55 тұрғынды жұмыспен қамту және 10 адамды бизнес негіздеріне оқыту жоспарланды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2017-2018 жылдар аралығында қаржы ұйымдарына жалпы құны 155,2 млн. теңгені құрайтын 36 жоба ұсынылып, (2017 жылы 56,2 млн.теңгені құрайтын 11 жоба, 2018 жылы 99 млн.теңгені құрайтын 25 жоба ұсынылып), 132,2 млн теңгені құрайтын 31 жоба қолдау алса (2017 жылы 41,2 млн.теңгені құрайтын 9 жоба, 2018 жылы 91 млн.теңгені құрайтын 22 жоба қолдау алса), ағымдағы жылы жалпы құны 147,5 млн. теңгені құрайтын 25 жоба ұсынылып, 1,5 млн. теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырылуда.

— Бұдан бөлек орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

— «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 35,7 млн. теңгені құрайтын 10 жоба (2017 жылы – 25,2 млн.теңгені құрайтын 7 жоба; 2018 жылы – 10,5 млн.теңгені құрайтын 3 жоба), «Қызылорда өңірлік инвести­ция­лық орталығы» микро­қаржы ұйымы» арқылы 42 млн. теңгені құрайтын 12 жоба (2017 жылы – 4 млн.тг құрайтын 1 жоба, 2018 жылы 38 млн.тг құрайтын 11 жоба), «Сырдария» несие серіктестігі арқылы 45,6 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды. 2017 жылы 6,0 млн.теңгені құрайтын 1 жоба, 2018 жылы 39,6 млн.теңгені   құрай­тын 5 жоба. 2017-2018 жылдар аралығында 132,2 млн теңгені құрайтын 31 жоба оның ішінде 1 монша, 1 наубайхана, 1 шаштараз, 1 техникалық жөндеу орта­лығы қайтарымсыз грант иеленді. «Биз­нес­тің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарлама­сы­ның «Қайтарымсыз грант» бағыты бойынша 2018 жылы 1   кәсіпкер 900 мың теңгеге ие болcа, 2019 жылы 9 млн. теңгені құрайтын 3 жоба бар. Жыл аяғына дейін 146 млн. теңгені құрайтын 24 жобаны жүзеге асырамыз деген жоспарымыз бар. «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы 52 млн. теңге – 10 жоба, Ауыл шаруашы­лығын қаржылай қолдау қоры арқылы 30 млн теңге – 8 жоба, Қайтарымсыз грант бағыты арқылы 9 млн. теңге 3 жоба, «Сырдария несие серіктес­тігі» арқылы 15 млн.теңге 2 жоба, «Қара­пайым заттар эконо­ми­касы» бағдарла­масы арқылы 40 млн.теңге 1 жоба бар. Ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыту мақ­сатында қолдау алған жоба­лардың нәтижесінде қазіргі таңда 1 асхана, 1 наубай­хана, 1 монша, 1 шаштараз, 1 техникалық жөндеу орта­лығы жұмысын жүргізуде.

— Мал шаруашылығы жайында айтып берсеңіз. Ет, сүт өнімдерін қалай жаратып жатырсыздар?

— Ауылымызда 25 кәсіп­кер мал басын көбейту және сүт, ет бағытын дамыту мақсатында 2017 – 2018 жылдары 263 бас мүйізді ірі қара (2017 жылы 89 бас аналық, 1 бас бұқа, 2018 жылы 167 бас аналық, 6 бас бұқа) және 194 бас жылқы (2017 жылы 82 бас, 2018 жылы 112 бас) мал сатып алынды. Сондай-ақ, 2018 жылы «Құлан» бағдарламасы аясында 14 бас жылқы алынды. Кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған шара­лардың нәтиже­сінде 54 жеке кәсіп­кер­лерден ағым­дағы жылдың 4 айында 124,0 мың теңге салық түсіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыс­тырғанда (62,9 мың теңге) 49 пайызға артты. Нәтижесінде 34 жаңа жұмыс орны ашылды. (2017 жылы – 9, 2018 жылы – 22, жыл басы­­нан бері бұл көрсеткіштер ауыл­дық округтің дамуына да оң сеп­ті­гін тигізуде. Ал­дағы уақытта да ауылдық округтің кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған жұмыстар жалға­сын табатын болады. Мемлекет басшысы атап өткен 10 бағыттың ең басында халықтың табысын арттыру мәселесінің тұруы азамттары­мыздың өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиеленуіне жол ашады, он бағыттың ішінде, ауылдық округі бойын­ша 4 жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жүргізудеміз.

Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары — Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін нығайту, рухани жаңғыру үрдісін жалғас­тыру, тарихқа құрмет бағытындағы жұмыс­тар бар. Жастарға үлкен сенім артылады. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша да жұмыстар атқарылады.

— Халқымызда «Жол қадірін жүрген білер» деген нақыл сөз бар. Ауыл арасын­дағы көшелердің ахуалы қалай? Және газға қосылу жайы не болып жатыр?

— Ауылдық округ бойынша 12 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы сомасы 312 млн. 136 мың теңгенің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Осы ретте, ауылдық округ тұрғында­рын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округке қарасты Досан елді мекеніне газ құбырларының құрылысын жүргізуде «ДосСтрой­Проект» ЖШС өз қызметін ұсынып, жұмыс жүргізуде. Құрылыстың жалпы сметалық құны — Досан ауылы бойынша 138 млн. теңгені құрайды.

— Сұхбатыңызға рахмет.

Иә, «Ауылына қарап, азаматын таны» деген аталы сөз бар. Қосшыңы­раудың көркейген келбетін көріп, халқының болашағы жарқын екеніне шүбәсіз сенесің. Қаламен қатар дамып жатқан елдің тұрғындары, білімді жас­тары, аузы дуалы ақсақалдары мен байыпты басшысы қай істе болсын жұды­рықтай жұмылып жұмыс жасайды. Ал, бірлік бар жерде тату тірлік болатыны әмбеге аян.

Т.БЕКМЫРЗАЕВ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here