Жақсылығы көп жалбыз

0
164

Бұйра, су, жапондық, бергомоттық, ананас, жүгері, австралиялық, т.т. жалбыздың түрі көп. Біздің ойымызша жалбыз тек біздің жерімізде өсетін сияқты. Алайда негізгі шыққан жері Жерорта теңізі. Әзірге біз оны шайға, тісбасарға қосамыз. Сондай-ақ қысқа сақтаймыз. Білгенге жалбыз ет, құс етіне де әдемі дәм береді. Сондай-ақ астың тез әрі жеңіл қорытылуына көмектеседі. Асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етіп, зат алмасуын тездетеді.

Дәмді жалбыз соусы

Қажетті заттар: Жалбыз бір бума, кинза 5-6 сабақ, сарымсақ 2-3 түйір, лайм — 1 түйір, зәйтүн майы 80 мл, су 20 мл, ақ шарап сірке суы — 1 шай қасық, қант ұнтағы 0,5 шай қасық, тұз дәміне қарай.

Көктерді жуып жапырақтарын ажы­ратамыз, сарымсақты майдалаймыз, бәрін блэндерге салып, үстінен су құя­мыз. Қойыртпақ жасаймыз. Бөлек ыдыста зәйтүн майын, шарап сірке суын, лайм шырынын, қант ұнтағын және тұзды араластырамыз. Бұны қойырт­паққа араластырып, блэндерден тағы өткіземіз. Дайын соусты шыны ыдысқа құйып, қақпағын жауып мұздатқышта сақтауға болады, бірақ 2-3 күнге ғана.

Қияр қосылған жалбыз соусы

Жалбыздың қасиеті ежелгі уақыттан бері белгілі. Тіпті ежелгі гректердің өзі ас ішілетін жердегі қабырғаны да, үстелді де жалбыз жапырағымен сүртетін болған. Ондағы ойлары жалбыздың хош иісі тәбетті ашады. Гректердің тәбет ашар дәстүрлі цацики немесе дзадзики соусын әркім де үйінде дайындай алады.

Қажетті заттар: 1 қияр, 100 гр табиғи йогурт, 1 уыс жалбыз жапырағы, 1 ас қасық зәйтүн майы, 1 шай қасық лимон шырыны, 1-5 түйір сарымсақ, тұз реті болса теңіз тұзы дәміне қарай.

Дайындалуы: Қиярды қабығынан аршып, теңдей екіге бөлеміз, қасықпен тұқымдарын алып тастаймыз, содан кейін майда үккіштен өткіземіз. Дәкеге салып, артық сұйығы ағып кеткенше ыдысқа іліп қоямыз. Одан кейін йогурт, зәйтүн майын және лимон шырынын араласты­рамыз. Жалбызды майдалап тураймыз, сарым­сақты да үгітеміз, оларды қияр қойырт­па­ғына қосамыз. Тұзбен дәмін келтіріп, мұз­датқышта шамалы уақыт салқындатамыз. Жегеннен қалғанын 4-5 күн ғана сақтауға болады. Бұл соусты құс етіне, теңіз өнім­де­­ріне, мал етіне қосып, пайдалануға болады. Сондай-ақ салатқа да қосуға болады.

Жалбыз домалақтары

Жалбызды жиі пайдаланғанның жү­регі, сондай-ақ қан тамырлары жақсы болады. Холистеринді ерітіп жібереді. Содан да тромб болмайды.

Қажетті заттар: 700 гр ет фаршы, 1 бас жуа, бір уыс жалбыз, чили бұрышы, 1,2 сарымсақ, 3-4 етті қызанақ, 3 ас қасық өсім­­дік майы, 100 мл су, әрқайсысы 0,5 шай қасық зере мен имбирь дәміне қарай тұз, қара бұрыш.

Дайындалуы: Жалбызды майдалай­мыз, сарымсақты да, жуаны өте ұсақ етіп тураймыз, бәрін фаршпен қосып аралас­тырып, домалақтар әзірлейміз. Терең ыдысқа өсімдік майын құйып, ет домалақ­тарын жан-жағынан қуырамыз. Қызанақ­тардың қабығынан аршып, пюре жасай­мыз, Содан кейін ет домалақтарымен бірге ыдысқа саламыз. Домалақтарды бірнеше минут булағаннан кейін, су құямыз, дәмін келтіретін бұрыш, тұз т.б. дәмдеуіштер қосып, жай отта жарты сағаттай бұқтыра­мыз. Пісуіне 10 минут қалғанда тағы да жалбыз қосамыз. 

Жалбыз кәуабы

Жалбыз жанды тыныштандыратын да қасиетке ие. Әсіресе, шаршағанда, күйзеліске түскенде пайдалы. Жүйкені жақсартады.

Қажетті заттар: Бір бума жалбыз, бір лимон, розмарин, 2 сарымсақ, 2 асқасық зәйтүн майы, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш.

Дайындалуы: Лимонды қайнаған суға салып, қабығын әбден жуамыз. Ұсақ үк­кіш­тен қабығын өткіземіз. Содан кейін жарты лимонның сөлін сығамыз. Жал­бызды ұсақтап тураймыз, барлығын ұсақ­талған сарымсақпен қосып араласты­рамыз, лимон сөлін және лимонның өзін, зәйтүн майын қосамыз. Розмарин жапы­рақ­шаларын да араластырамыз, тұз бен бұрыш қосып маринадты араластырамыз. Бұл маринад қой етінен жасалған кәуапты, сиыр етінен дайындалған стейкті, тауық аяқтарын да керемет дәмді етеді.

Жалбыз мұзы

Жалбыз әрі сергіткіш. Бұның құра­мын­дағы ментол мен эфир майының қасиеті бұрыннан белгілі. Косметологтар бет күтіміне байланысты әртүрлі жақ­памай­ларға жалбыз қосуға кеңес беріп жатады. Өйткені жалбыз бөртпеге, ыстық­тыққа қарсы пайдалануға өте қолайлы.

Жасыл сорбет дайындауға қажетті заттар: 1 стақан жалбыз жапырағы, 1 ста­қан қант, 1 стақан қайнаған су, 1 лимон, 0,5 стақан лимон шырыны.

Дайындалуы: Жалбыз жапырақта­рын еземіз, лимонды әбден жуып, құрға­тып сүртіп, үккіштен өткіземіз. Шыны ыдысқа салып, жалбыз жапырағын қо­сып, үстіне қант саламыз. Ыстық қайна­ған су құямыз. Бетін жауып, жарты сағатқа тұндырамыз. Одан кейін бірнеше қабатталған дәкеден сүземіз. Содан кейін лимон шырынын қосып, араластырып, стакандарға құямыз. Әбден мұз болып қатқанша, мұздатқышқа саламыз.

Жалбыз лимонады

Жалбыздың тағы бір қасиеті бас ау­руға ем. Әсіресе күн ыстықта эфир майы қан тамырларын кеңейтіп, қысымды қалпына келтіреді, грейфрут, лимон, лайм қосып лимонад жасауға болады. Ол шөлді қандырады.

Қажетті заттар: 1 грейфрут, 2 лимон, 2 лайм, 3-4 сабақ жалбыз, 500 мл газды су, қант дәміне қарай.

Дайындалуы: Цитрустардың барлы­ғын 2-ге бөлеміз. Оны тағы бөлікшелерге бөліп, қалғандарының барлық шырынын бір ыдысқа араластырамыз. Жалбыз бұтақ­шаларын цитрустардың бөліктері­мен бірге, ыдыс түбіне саламыз. Үстіне шырын менен минеральды суды құйып, мұздатқышта 3-4 сағат мұздатамыз.

Жалбыз диетасы

Жалбыз жақсы детокс. Өйткені ағзадағы қажет емес улы заттарды шыға­руға көмектеседі. Сондай-ақ беттің түсін жақсартады, шашты қалыңдатады.

Қажетті заттар: 1 авакадо, 1 көк алма, 1 қияр, селдерейдің бір сабағы, 4-5 сабақ жалбыз, 2 ас қасық лимон шы­рыны, 100 мл таза су, дәміне қарай бал.

Дайындалуы: Барлық жемістер мен қиярды қабығынан тазартамыз. Авака­до­ның сүйегін, алманың жүрек­шесін алып тастаймыз. Барлығын блэндерге сала­мыз. Жалбыз бен селдерейді қосып, қойырт­паққа айналғанша араласты­ра­мыз. Лимон шырыны мен су қосамыз. (Өз қалауыңызша). Тәттіні жақсы көретіндер шамалы бал қосса болады.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here