Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындады

0
273

Нұр-Сұлтанда бұрынғы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот жүріп жатыр.

Прокурордың айтуынша, айыпталушы сотқа дейінгі тергеу барысында барлық айыпты мойындаған.

«Күдікті айыбын толық мойындады, айыптау көлеміне шек келтірмеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, шын жүректен өкініш білдіру қылмыстық жауапкершілікті және жазалауды жеңілдетеді. Тараптар қылмыстық кодекске сәйкес, 2500 АЕК (6 млн 312 мың 500 теңге ) айыппұл салуға келісті. Э.Суханбердиева Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 364-бабы 3-бөлігіне сәйкес, белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, мүлкі тәркілену жазасына келісті. Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 1-бөлігі бойынша, 2 500 АЕК көлемінде айппұл салынып, белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылсын», — деді прокурор.

Сондай-ақ, айыпталушы сотта, төрт баласы барын. Олардың үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те. Үшеуі кәмелетке толмағандығын айтқан.

Сот үкімі ертең шығады.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here