Жұлдыз жорамал: Мүмкіндігі мол шілде

0
659

Тоқты. Көптен бері қол жетпей жүргенге қол жетеді. Мәсе­лен, адал   одақтастар мен өз-өзін жетілдіруге мүмкіндік көп. Егерде өз бизнесіңіз болатын болса, қанша­лықты дұрыс бағытта келе жатқа­ныңызды сараптайтын уақыт. Тұтастай алғанда. Басқалардан ақыл сұрауға арлан­баңыз. Ақылдасып пішкен тон келте болмас. Әрі уақыт пен күш үнемдейсіз. Егерде жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда табыс табудың балама көздері бар. Әрине, өзіңіздің жұмыс орныңызда да жаман емес. Дегенменен, барлығына үлгіру үшін уақытты есептей біліңіз, әрі жалғыздың үні шықпай­тынын да ескеріңіз. Бір орында тұрып қалмаңыз. Отбасылы торпақтар отбасылық демалыс ұйымдас­тырғаны дұрыс.

Торпақ. Достармен, жақын адамдар­мен жиі араласуға тырысыңыз. Жұмыс ешқайда қашпайды. Егерде өзіңіздің бизнесіңіз бар болатын болса, жоспарлағаннан бас тарт­паңыз. Көңіл қалауын жасаңыз. Егерде жалдамалы жұмыс істейтін болсаңыз жағдайды нақты бағалай біліңіз. Қазіргі жұмыс орныңызда болашақ бар болатын болса, ұмтылыңыз, ешқандай шектеу жоқ. Кедергілер кездесіп жатса, балама жолын іздеңіз. Отбасылы торпақтар сұрамаған жерде ақыл айтпағаны дұрыс.

Егіздер. Барлық даулы мәселелерді бір­ден шешкен дұрыс. Ұзаққа жоспар құрмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді бол­масаңыз, шегіне біліңіз. Жеңіске жету үшін. Өз кәсібі бар егіздер тәуе­келге бел буады. Егерде жалда­малы жұмыс істейтін болса, онда керісінше тәжірибеге арқа сүйеген дұрыс. Тұтастай алғанда жаңа жағдайға бейімделе білу керек. Қаншалықты бейімделе білесіз, табыс та, болашақ та соған байланысты. Махаббат мәселесінде бәрі өз ретімен. Таңқалатын ештеңе жоқ.

Шаян. Негізі достыққа адал, сезімтал шаяндар бұл кезеңде ашушаң әрі қарсы келгенді таптап жібере­тіндей. Жұмыс барысында өзіңізге қатысты емес тұстарда үлкен беделге ие боласыз. Отбасында бір сөзіңізбен бәрін шешесіз. Отбасын құрмағандар талабы оң болады. Ал отбасы барлардың тілегі орындалады. Жаңалық болмағанмен жақсы­лық орнын табады. Жұмыс барысында күтпеген жерде беделге ие боласыз. Меке­меде жұмыс істейтін болсаңыз, өз қалауыңызды іске асырыңыз. Зарда­бы­нан қорықпаңыз. Басшы­лықпен әңгімеде табанды­лық танытыңыз. Барлығы дұрыс болса, жаңа қыз­метке көтерілесіз немесе табы­сыңыз артады. Егерде тәжірибеңіздің аздығын сезсеңіз, әрі өзіңізге сенімді болмасаңыз өз-өзіңізді жетілдіріңіз. Егерде өз кәсібіңіз бар болса, онда бас­қа­ларға сеніп қалмаңыз. Жаңа келісім шарттар жасауды кейінгі қалдырыңыз.

Арыстан. Алдыңызда таңдау тұрса, кейін шегін­беңіз. Қандай бағытты таң­дауға болатындығын осы ай ше­шеді. Жағдайға қарай бағыт алыңыз, әрі басқалардан кеңес алуға арланбаңыз. Өйткені бұл тек кеңес, бұйрық емес. Жаңа таныс­тардан абай болыңыз, алайда бар­лық іс-шараларға қатысыңыз. Лауазымға, ерекше­ліктерге қарамастан. Егерде өз бизнесіңіз бар бола­тын болса, уақытысында бейімделе біліңіз. Ал меке­меде жұмыс істейтін бол­саңыз, қарсы шабуылға шық­паңыз. Онымен мәселе шешілмейді. Тұтастай алғанда таңдай біліңіз, бірақ тым әрі кетпеңіз. Көпте­ген жағ­дай­лардың астарында басқаша мән болуы мүмкін. Бұл әсіресе жалғызбасты арыстандарға қатысты. Өйт­кені олардың қазір бәрін бірден өзгертуге мүмкіндігі бар.

Бикеш. Қайта бейімделуге мүмкіндік мол. Жұмыс барысында маман­дық немесе қызмет ауысуы мүм­кін. Бұл өзіңізге байланысты. Қайсысы болғанда да жаман емес. Өз бизнесі бар бикештер бәсеке­лес­терімен ашық шайқасқа шығады. Алайда, қандай жағдай болғанда да олар­дың өзіңізге қарсы қолданған әдісін пайдаланбаңыз. Сіз күштісіз. Қалғаны уақытша. Егерде компанияда жұмыс істейтін болсаңыз, өзіңізге одақтастар табыңыз. Бірге әрекет еткен оңай. Тек қиыны бір орында оты­рып, өз дегеніме жетемін деу. Қалған жағдай­лардың барлығында кіріс көзі көбейуі мүмкін, тағы да басқа жақсылықтар орын алады. Жалғыз­басты бикештер өз сезімінен қорқудың қажеті жоқ. Ал отбасы барлар өз еркін бір жұдырыққа сидырып, ортақ іске шешімді үлес қосуы керек. Бір жағынан жұлдыздар өз-өзін қинаудың қажеттігі жоғын ескер­теді. Егерде ол адаммен бірге болатын болашақты көре алмасаңыз, онда өз-өзіңізді қинаудың қажеті жоқ.

Таразы. Қолдан жіберіп алуға болмай­тын маңызды таныстық, оқиғалар орын алады. Үлгірмей жатсаңыз, қорқынышты емес. Аз істесеңіз де сапалы орындаңыз. Бизнес бас­тауға қолайлы кезең, бірақ жалғыз емес. Кей кездері күмәнді жаңадан гөрі, сенімді ескі артық. Махаббат мәселесінде де, жұмыс барысында да жаңалықтар баршылық. Сырттағылардың пікіріне құлақ асыңыз, бірақ демократияға салмаңыз. Шешімді өзіңіз қабылдаңыз. Бұл әсіресе өз бизнесі бар таразыларға қатысты. Ауқымды келісім-шарттар жасауға өте қолайлы кезең, алайда қаржы салуға асықпаңыз. Көбірек ақпарат жинаңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс шешім жасаңыз. Жұлдыздар сізге көмекке келеді, алайда мақ­сатқа жету бағыты мен әдісін өзіңіз таңдайсыз. Кеңес сұраудан қорықпаңыз, бірақ көмек емес. Барлығын дұрыс жасасаңыз, әрі қарай жаңа қызметке көтерілуіңіз немесе табысыңызды арттыруыңыз мүм­кін. Жеке бас жоспарында себепсіз соқтықпаңыз. Тұрмыс түйткіл­дерінен нақты проблеманы ажырата біліңіз.

Сарышаян. Әдетте жетік білмейтін сала­сында жеңіске жетеді. Бұл жеке­даралық сәт. Сондықтан да жағ­дайға қарай икемделіп, жеккөре­тін­нің өзін жақсы көруге тыры­сыңыз. Отбасылы сарышаяндар өз-өзіне демалыс бергені жөн. Жан дүниесін ашуға, татуласуға қолайлы кезең. Қандай жағдай болғанда да жауап­кершіліктен қашпаңыз. Үйренген қалыппен емес, дұрыс әдіспен қимыл­даңыз. Егерде өз кәсібіңіз бар болса, көпке ұмты­лыңыз, бірақ бәрі бірден бола қоймайтынын ескеріп, бірте-бірте іске асырыңыз. Басты міндетті бірнеше бөлікке бөліп, кезегімен жылжытыңыз, ал егерде мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, онда керісінше мәселеге жан-жақты қарап, барлық бағытта бірден шешуге тырысыңыз.

Мерген. Көп ретте мәселелерді кездей­соқ әдістермен шешуге тура келеді. Алайда, мүмкіндіктер де көп. Көптеген мергендер өзгерістер жасайды. Біреулері жаңа кәсіп меңгереді, енді біреулері жаңа қыз­метке тұрады, қалай болғанда да сізді қызықты, әрі маңызды оқиға­лар күтіп тұр. Өз табысыңызды көбейту мүмкіндігі де бар. Махаббат мәселесінде белгісіздік жағдайында таңдау жасауға тура келеді.

Тауешкі. Кілт өзгерістер жетерлік. Қорғанамын деп әуре болмаңыз. Керісінше бәрін шешуге тыры­сыңыз. Қандай жағдай болғанда да басқалар үшін өз жоспарыңызды өзгертпеңіз. Қызмет баспалда­ғында өсу мүмкіндігі бар. Жіберіп алмаңыз. Тәуекелдің, күтпеген тосын жаңалықтардың уақыты. Егерде өз кәсібіңіз бар болатын болса, жиі ойла­ныңыз, алайда күмәнға бола, болар нәрсені тоқтат­паңыз. Мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, ағыспен бірге аға біліңіз. Сәтті кезеңді жіберіп алмаңыз. жалғызбасты тауешкілер кез-келген жерде кафеде, аялдамада, болмаса кітап­ханада өз тағдырын кездестіруі мүмкін. Жіті қараңыз, таңдай берсеңіз, дағдарып қаласыз. Жаңа нәрсеге ашыла біліңіз.

Суқұйғыш. Жаңадан қоныс аударған немесе жұмыс орнын ауыстырған болсаңыз, жаңа орында беки түсу керек. Өз кәсібі барлар, күмәнді­нің барлығына жіті назар аудару керек. Міндеттерді бірінші, екінші деп бөлмеңіз. Маңыздысын жібе­ріп алуыңыз мүмкін. Барлық бағыт­­­тар бойынша жоспарлы түрде қозғалыңыз. Бұған қазір сіздің күшіңіз де, қуатыңыз да, уақы­тыңыз да жеткілікті. Егерде мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, бола­шаққа бағыт алыңыз, бірақ сөз бен жоспардан гөрі, нақты іске иек артыңыз. Ешқандай тәуекелге бар­маңыз. Барлығына тек өз күшіңізбен, адал жолмен ғана қол жеткізе аласыз. Ұмтылыңыз, сыйақысы жаман болмайды. Жеке бас қарым-қаты­насында барлығын бақылаймын демеңіз, қазір қыз­ғаншақтық ушықтырып жібереді. Содан да бірдеңе айтпас бұрын ойланып алыңыз. Жалғыз­бастылар үшін, маңызды таныстық орын алуы мүмкін.

Балықтар. Көптен бері армандағанға қол жеткізесіз. Еркіндік мүмкіндікпен үйлесім табады. Бір нәрсені есте ұс­тау керек, сіз қалағанның бәрі сон­ша­­лықты қажет те емес. Екін­ші­­ден, басқалар туралы айтпас бұрын көбіне өзіңізді де түсіне бер­мейсіз. Сондықтан да жеке бас қарым-қатынасына байланысты оқиғаны асықтырмаңыз. Өз-өзіңізге мүмкіндік беріңіз. Уақыт жеткілікті. Егер күмәніңіз бар болса, қайта ойланыңыз, бәлкім жан-жағыңызбен ақылдасқан жөн болар. Жалғызбасты балықтар мәселелерін жалғыз шешпегені дұрыс. Бетке күле қарағанға алданбаңыз, сын айтқанға да ашуланбаңыз. Дағдарып қалсаңыз, өзіңізден кіші­лерге зер салыңыз, олардан да үйренетін тұстар бар.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here