QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Жайымбетовтің «Сыр анасы» жөнделуде

Автор:QAA.kz

Июл 4, 2019

Қала көркі сәулетті ғимараттар, ұзына бойына мұн­таздай таза, тақ­тай­дай тегіс, қос қапталы әдемі суреттей безенген көшелер ғана емес қалаға көрік беретін және тұрғындар үшін бірінші қажетті­ліктегі дүние тұрғын аудандардың әр тұсында болуы тиіс сквер, аллеялар.

Жол бойы жасыл желекпен көмкерілген аллеялар, шағын саябақ — скверлердің молынан қажеттігі Қызылорданың аптапты жазын да әсіресе байқалатыны да рас. Қаланың орталық тұсында бұл дүниелер ептеп қолданыста дегенмен, «шөл даладағы оазистей» жасыл алаңқай­лар тұтас қалада әлі де жетіспейтін дүние. Жалпы жазғы ауа-райы жан­төз­гісіз аптапты Қызылор­даны «баулары жайқалған» саялы қалаға айналдыру орындалмас арман болмаса керек. Бұған тұрғын жай­ларының айналасын бау-бақшаға орап тұрғындардың өздері де атсалысуы парыз дегенмен көп тұста аяқ су мәселесі деген бар. Жә делік…

Сонымен тұрғындар игілігіне қала аумағында және бір көкорайлы демалыс аймағы жасалмақ. Сонау жылдары «Елорданың «Бәйтерегі» сынды Қызылорданың символы болады» деп жарнамаланып бой көтерген «Сыр Ана» монументі айналасы абаттандырылып көпші­лікке игілікті қызметке жарамақ. «Сыр Ана» деп аты әуелеп тұрған символикалық белгінің біраз уақыт «айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау» дегендей қараусыз дүниедей қаңырап тұрғаны рас-тын. Жыл басында басшылық монумент аумағын қайта жаңғыртып, халық демалатын орынға айналдыратын жоспары барын айтқан. Жоспарлы жұмыс бүгінде басталып жатыр екен. Қайта жаңғырту жұмысын Қызылорда аумағына белгілі құры­лыс компанияларының бірі (облыс орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді, әуежайдан кіреберістегі қақпаны тұрғызған, т.б) «Техоснастка–Ремсервис» ЖШС жүргізген.

Күні кеше аумағы қайта жөнделмек нысан басына барған бола­тын­­быз. Әзірге монумент айналасындағы плита жабындылары алы­нып тасталып, ой жер биіктетіліп құм төселіп тегістеліп жатыр екен. Жұмыс барысында бірді – екілі техника, жұмысшылар жүргенін көр­дік. Нысан басындағы шағын вогонға қарай бара бергенімізде серік­тес­тіктің аға инженері Юрий Намға жолықтық. Жөнімізді айтып, атқа­рыл­мақ жұмыс жайын сұрадық. Бас инженер нысанда қайта жаңғырту жұмысын жүргізу үшін өткізілген байқауда

«Техоснастка-Ремсер­вис» ЖШС мер­ді­гер ретінде анықталғанын атап өтіп, ауқымды жұмыс атқа­рыл­мақ­тығын жеткізді. Атап айтқанда аймақ жері тегістеліп, плиткалар төселеді. Газон, гүлмен көмкеріліп дегендей көгалдандырылады. Атшап­тырым аумақта автотұрақ та қарастырылмақ. Демалыс орнының ажарын ашып, аптапты жазда салқын саф ауа бүркіп тұратын әдемі су бұрқақ орнатылмақ. Бір сөзбен айтқанда таяу аралықта «Сыр Ана» қызылор­далықтар мен қала қонақтары үшін көзайым да жайлы демалыс орнына айналады. «Жұмысты енді ғана бастап жатырмыз. Күзге қарай пайда­лануға береміз- дейді Ю.Нам атқарылған жұмыстарды тізбектей келіп.

Қалай болғанда да қызылордалықтар игілігне қызмет ететін, қала көркіне айналатын тағы бір игі іс бастау алды. Игілік орнатар құрылысшы жұмысына сәттілік дейміз біз де.

Ж.ҒАППАРҚЫЗЫ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *