Бүгінгі жұлдыз жорамал

0
423

Тоқты. Сүйгеніңізбен біргесіз. Оны бақытты ету сіздің қолыңызда. Ол да сізге өлердей ғашық. Махаббатта жолы болған жандар деп сіздерге тамсана қарайтын жандар көп болады

Торпақ. Күніңіз тамаша күтпеген жаңалықтардан басталады. Ісіңіз де алға жүреді. Махаббатта да жолыңыз болады. Ешнәрседен қаймықпаңыз тек АЛҒА.

Егіздер. Бүгін техникалық жабдықтарға жақсылап қараңыз, әйтпесе күтпеген жерден «тосын сый» алуыңыз ғажап емес. Бүгін жеке өміріңіздегі жағдай жақсы жағына қарай бiраз өзгередi. Бірақ үйiңiзде қарым-қатынастың жақсы болуы екiталай, сондықтан өзiңiздi сабырға шақырыңыз.

Шаян. Бүгін отбасы құрған шаяндар бiраз толғаныста болады. Жүйкеңiздi тоздырмағаныңыз абзал, бiрер күннен кейiн бәрi өз орнына келедi. Махаббат қатынасында ұстамды болғаныңыз жөн. Сiз жаңа адамдармен танысасыз, әңгiме-дүкен құрасыз. Егерде сiз адамдармен жақсы қарым қатынаста болсаңыз, олар да сiзге оң көзбен қарайды.

Арыстан. Бүгін сiздiң туысқандарыңыздың бiреуiне сiздiң көмегiңiз қажет болуы мүмкiн. Өз денсаулығыңызға да көңiл бөлгенiңiз жөн. Бүгін ерлi-зайыпты арыстандарға өте қолайлы. Сүйiктi жарыңызбен бiрге жүрiп үйдiң барлық шаруасын iстейсiз. Ал бойдақтар, егер де ата-анаңызбен арада кикiлжiң туса, осы күнді сол кiсiлерге арнаңыз, татуласуға өзiңiз бiрiншi қадам жасасаңыз, олар сiздi мiндеттi түрде кешiредi.

Бикеш. Бүгін өзіңіз құрметтеп, пікірімен санасатын адамдардың ықыласына бөленесіз. Олар сізді мақтап, өзіңізге деген сеніміңізді жандандырады. Көңіл-күйіңіз тұрақты болады, сондықтан көп істі аяғына дейін жеткізесіз.

Таразы. Бүгін демалып, саяхаттау үшін өте қолайлы күн. Бұл күнді сүйіктіңізге арнап, оған тосын сый жасаңыз. Таза ауада серуендесеңіз немесе әдемі жерге саяхаттап қайтасаңыздар, қарым-қатынастарыңыз бұрынғыдан да нығая түседі.

Сарышаян. Тынығып, өзіңізді тану үшін таптырмайтын күн. Соңғы кездері тым көп жұмыс жасадыңыз. Енді жайбарақат демалуға болады. Осы күні кез келген ісіңіз оң нәтижемен аяқталады.

Мерген. Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.

Тауешкі. Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекеттеріңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Сіз де, үйіңіз де көп қонақ шақыратын боласыздар. Көре алмай жүргендерден сақтанып, үйіңізге келген қонақтан пайда көруге тырысыңыз. Ұмыт болған достарыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш. Бақталастарының қарсылығына тап болады. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.

Балықтар. Балықтардың басқа адамдарға бақыт сыйлап, көңіл күйлерін көтеріп, бірақ өздерінің мұңдарын ешкіммен бөліспейді. Өйткені басқа жандарға айтып, олардың көңіл-күйлерін түсіргісі келмейді. Балықтар осындай! Адамдарға ұнайтын қылығы осы. Өте керемет. Жәй ғана бағалай біліңіздер!

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here