БҒМ орынбасары Э.Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді

0
385

Білім және ғылым министрі орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев шенеунік процессуалдық келісімге келгенін мәлімдеді.

«Біз істі жедел түрде сотқа жібердік», — деді Шпекбаев.

«Қазір заңнама басқаша. Егер ол кінәсін мойындаса, тиісінше іс тезірек сотқа жіберіледі. Мен 10 күннің ішінде сот істі қарайды деп ойлаймын», — деді төраға.

Алик Шпекбаев жақын арада тесттілеу орталығы директорының ісі бойынша тергеуді аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here