Аптап ыстық келе жатыр

0
541

Казгидромет мамандары қызылордалықтарға ескерту жасады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Казгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім бастығы Әйгерім Жүкелова толықтырып айтты.

Қызылорда қаласында маусым айының соңғы күні мен шілде айының 1 күні ауа температурасы 47 градусқа дейін болғаны белгілі. Мұны казгидромет мамандары ТЖД “112” қызметі арқылы тұрғындарға хабарлама жіберіп, ескерту жасады. Мұндай ыстық тек 2007 жылы Қармақшы ауданында болған. Бұл ыстық Иран аумағынан келген жылы ауа массасының әсерінен болып отыр екен.

– Алдағы 2-4 шілде аралығында ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 30-35 градус, солтүстік өңірлерде 25 градусқа дейін төмендеуі күтілуде. Күннің қатты ыстықтан, салқынға күрт ауысуына байланысты Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болады деп күтілуде. Жел батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с, — дейді “Казгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім бастығы Әйгерім Жүкелова.

“Казгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім бастығының айтуынша жоғарыда аталып өткен құбылыс Қармақшы ауданында желдің екпіні 25 м/с дейін байқалып, тіркеліп отыр екен. Жалпы, шілде айында Қызылорда облысында жауын-шашын аз болады. Сонымен қатар, 2-4 шілде аралығында ауа температурасы 30-35 градус болатын болса, одан кейінгі күндері 35-40 градусқа дейін жетеді. Екінші және үшінші онкүндікте ауа температурасы 45-46 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр.

Синоптиктердің болжамы осындай болды. Алдағы аптап ыстықтарда барынша сақ болыңыздар дегіміз келеді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here