Қазақ боксшысы мексикалықты 90 секундта жеңді (видео)

0
679

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) Канаданың Тетфор Мин қаласындағы бокс кешіне қатысты.

Оның қарсыласы мексикалық Даниэль Вега Кота (14-3-1, 11 КО) болды.

Сегіз раундқа есептелген бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Ахмедов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы 90 секундтың ішінде екі рет нокдаунға түсті. Жекпе-жектің видеосын төменде көруге болады.

Ахмедовтың бұл кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі, ал Кота төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой бокстағы екі чемпиондық белбеуді иеленіп үлгерді – WBC «жастар» титуы мен бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі. Сондай-ақ Садриддин әуесқой бокста жастар арасында әлем чемпионы атанған.

Sputniknews.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here