Қайнатылмай дайындалатын өрік (абрикос) тосабы

0
214

Өрік–2 келі (сүйегінен ажыратылған өріктің мөлшері)

Қант – 1,5 келі

Су – 300 мл

Лимон қышқылы – 5 гр

Бұл тосап қайнатылмайды. Тазартылған өріктің үстіне алдын-ала дайындалған сиропты бірнеше қайнатып жемістің үстіне құямыз.

Өрікті жуып, сүйегінен ажыратып алып, үлкені­рек ыдысқа салып қойыңыз.

Банкіні жуып тазалап, залалсыздандырып қойыңыз, қақпақты да жуып кептіріп қойыңыз.

Қантты ыдысқа салып үстіне суды құйып отқа қойыңыз, қайнап шыққан соң лимон қышқылын қосып, 10-12 минуттай қайнатыңыз. Қайнаған сиропты өріктің үстіне құйыңыз, 10 минутқа қалды­рыңыз. Қозғағышпен жаймен араластырыңыз.

10 минут өткен соң өрікке құйылған сиропты қай­тадан қазанға құйып отқа қойыңыз, 10 минут қайна­тып қайта құйыңыз да 20-30 минутқа қалдырыңыз.

20 минуттан соң сиропты қайта құйып алып және отқа қойып 10 минут қайнатып қайтадан өрік үстіне құйып 20 минутқа қалдырыңыз.

20 минуттан соң сиропты құйып алып отқа қойып 10 минут қайнатасыз, сироптың бетіне шыққан көбікті алып тасаңыз, оған дейін өрікті әр банкіге бірдей етіп салып шығыңыз да, қайнап тұрған сиропты үстінен құйып жаба бересіз.

Есте болатын жәйт: сиропты бірінші рет құйғанда ғана өрікті араластырасыз одан кейін қозғауға болмайды!

Сироп 4 рет қайнатылады.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here