Онлайн түрде несие алған қазақстандықтардың қарызы өтеле ме?

0
261

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайда қалғандардың несиелік қарызын жабу туралы жарлыққа қол қойған еді. Алайда Ұлттық банк төрағасы Олег Смоляков бұл бағдарлама бойынша кімдердің қарызы өтелмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бұл бағдарлама банктер мен қазіргі уақытта реттелген микроқаржы ұйымдарын қамтиды. Ал реттелмеген субъектілердің бәрі, сонымен қатар онлайн түрде несие берушілер бұл бағдарламаға кірмейді», — дейді Олег Смоляков.

Смоляковтың сөзінше, реттелмеген субъектілер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап реттеу периметріне кіреді. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін, оларға қойылатын талаптар жоғары болады, дейді ол.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here