Төреғали Арыстағы жағдай туралы: Ойнайтын да, әзілдейтін де жағдай емес

0
475

Төреғали Төреәлі Арыстағы жағдайға байланысты өз пікірін білдіріді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Арыстағы жағдайға байлынысты пікір білдіріп, ойын ортаға салды. Соғыс деген бұл оқиғадан әлде қайда қорқынышты. Сондықтан даурықпай сабыр сақтайық деді өнер иесі. Жағдайдың ауыр екенін түсініп тұрса да арты қайырлы болып, адам шығыны болмасын деп тілеген.

«Е, Алла! Соғыс деген осы көріністің жүз еселенген, тіпті, мың еселенген түрі ғой. Себебі анықтала жатар, қару өзі жарылса да, қастандықтан болса да, сырттың суық пиғылы болса да, арты xайырлы болса екен! «Аттан» деген айғайдан азар да безер болған xалықпыз ғой. Атыс кинодан көргенде қызық, шетелде боп жатыр десе уайым, ел шетінде орын алса қайғы, ауылыңда естілсе «отбасым» дейсің, үйіңде жарылыс болса «қу жаным» дейсің», — деп жазды Төреғали Төрәлі.

Бұл жағдай көптеген адамға зиян тиігізіп, кейбір отбасына қасірет сыйлады. Төтенше оқиғаның арқасында мыңдаған адамның тыныш өмірі қыран-топан болды. Дегенмен, Алла өзі жақсылығын берсін деп тілейік деп Төреғали төрәлі жұртты сабырға шықырды.

«Ойнайтын да, әзілдейтін де жағдай емес. Алла топалаң соғыстан, алды-арты белгісіз аласапыраннан сақтасын. «Ниетім жақсылық қана» деп, жамандыққа түсіп қалғаннан, «бүтіндеймін» деп жүріп бүлікке кіріп кеткеннен, «ойым таза» деп жүріп, ойының осылғаннан сақтасын! Бәрін көріп, бәрін естіп тұрған Ұлы Алла мейірімінен тастамасын, панасына алсын!» — дейді Төреғали Төрәлі.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here