«Татуластыру: Сотқа дейін, сотта»

0
131

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов «Сот төрелігінің 7 түйіні» жобасын ұсынды. Бұл жоба сот жүйесінің жұмысын оңтайландыруға және азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жоба аясында өз орнын тапқан түйіннің бірі «Татуластыру: Сотқа дейін, сотта».

«Татуластыру: Сотқа дейін, сотта» жобасының негізгі мақсаты қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін орталықтарды құру.

Жоба аясында атқарылған іс-шаралар жеткілікті. Атап айтқанда, медиация бұрыштары, татуластыру бөлмелері, медиация орталықтары ашылды. Татуластыру бөлмелері, медиация орталықтары ашылуы арқасында тараптардың жаңа институттың пайдасын біліп, дауды мәмілемен бітіруге ынтасы артуда.

Халықтың күш-қайратын, уақытын нәтижелі іске жұмсап, әуре-сарсаңын азайтатын бұл жоба көпшіліктің көңілінен шығатынына сенеміз.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Қ.Наурызбай

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here