Сенаторлар Арыстағы жарылыс жайлы не дейді?

0
256

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы:

Қару-жарақ қоймасы деп естідік. Сондықтан бұған алдын-ала қатты мән беру керек. Бұл меніңше тиісті министрліктердің кемшіліктері деп есептеймін. Бұған мән беру керек. Өйткені онда қару-жарақ сақталады ғой. Ол жарылған жағдайда экология емес, үлкен адами зардаптар болады. Сондықтан бұл мәселеге негізі ешқандай компромистер керегі жоқ. Қатты заң талабында талап ету керек.

Сенат депутаты Бектас Бекназаров:

Ол жерде кешенді тексеру жүргізу керек. Жауаптыларды жауапқа тарту керек. Мұндай жағдайды болмайтындай жағдайға жеткізу керек. Бұл масқара ғой! Қайта-қайта әскери қару-жарақ қоймасында жарылыс болып жатыр, қаншама шығын кетіп жатыр, адамдар зардап шегіп жатыр.

Сенат депутаты Еділ Мамытбеков:

Қайталанбас үшін барлығын қадағалау керек. Техрегламенттерді сақтау керек. Қауіпсіздік ережелерін қадағалау керек. Тиісті мамандар істеу керек.

Сенат депутаты Серік Жақсыбеков:

Комиссия жұмыс жасайды. Содан кейін көре жатармыз. Қайдан шыққан бәле, ол қалай болды?

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here