Мурсидің өлімі

0
100

2012 жылдың маусымынан бастап 2013-ші жылдың шілдесіне дейін, бас-аяғы бір жыл ғана Египет билігінде болған, Египеттің бұрынғы президенті Мохаммед Мурси сот залында көз жұмды. Дұшпаныңа да мұндай қаза тілемесің анық…

Ол 1951-ші жылы тамызда Эль-Адуа қаласында дүниеге келген. 1975-ші жылы Каир университетін инженер мамандығымен бітірген. Египетте сол жылдары тиым салынған «Мұсылман бауырлар» ислам ұйымына мүшелікке кірген. АҚШ-тың Калифорния штатындағы университетте докторлық қорғаған. Сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеу және аэроновигация ұлттық басқармасында қызмет істеген (АҚШ-та), ғалыш аппараттары үшін мотор жобаларымен айналысқан. Египетке оралып, сабақ берген, ғылыми зерттеумен айналысқан. «Мұсылман бауырлар» ұйымының халықаралық бөлімін басқарған. Оның бастамасымен сионизмге қарсы Египет комитеті құрылған. 2000-2005-ші жылдары Египет халық мәжілісінің тәуелсіз депутаты болған. 2010-шы жылы «Мұсылман бауырлар» ұйымының ресми өкілі болып, жоғары кеңеске енген. 2011-2012 жылдары «Мұсылман бауырлардың» саяси қанаты Бостандық пен әділдік партиясының төрағасы болған.

2012 жылы Египетте өткен Президент сайлауының екінші турында Президент болып сайланған. Одан кейін «Мұсылман бауырлар» қатарынан шыққан.

2013 жылдың 3 шілдесінде оның Президент болғанына тура бір жыл толғанда Египетте көп күнге созылған қарулы қақтығыстардан кейін, армия жеңіске жетіп, Мурси президенттіктен кететіндігін жариялады. Дереу тұтқынға алынды. Оған ел азаматтарының өлімі, 2011 жылғы 25 қаңтардағы төңкеріс кезінде түрмеден қашу оқиғасы бойынша 2015 жылы Мурсиге өлім жазасы өкімі шыққан, сондай-ақ сот билігін қорлады, мемлекетке сатқындық жасады, тыншылық етті деген айыптаулар тағылған. 2013-ші жылдан бастап оған қатысты бірнеше істер бойынша сот процесі жүруде.

Мохаммед Мурси 68 жасында Каирдағы сот залында қайтыс болды. Өзі басты айыпкер болып табылатын тыңшылық бойынша істі қайта қарау процесі жүріп жатқан. Ол сөз сөйлеу кезінде есінен танып құлаған. Негізі жүрек талмасы оның ажалына себеп болса керек. Әзірге белгілі осы.

Мурси негізі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырған, әрі миына ота жасалған. Мәйіті сот сараптама орнына жеткізілген. Мурсидің қазасынан кейін елдің армиясы мен қауіпсіздік күштері күшейтілген. Египет билігі «Мұсылман бауырлары» қарап жатпас деп қауіптенуде.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here