Мұғалімдердің абыройына нұқсан келтіргендерге 252 мың теңге айыппұл салынады

0
551

Бүгінгі күні қоғамда мұғалім мәртебесін төмендететін жағдайлар жиілеп кетті. Оқушының ұстазына қарсы сөз айтуын қойғанда қол көтеретіндері де баршылық. Мазақ етіп оқытушыны ыңғайсыз жағдайда әжуалап жариялаған бейнебаяндарда жеткілікті. Осыған орай, мұғалім мәртебесін көтеруде заңға өзгеріс әзірленуде.

Қазақстанда ұстаздарды қорлаған, олардың абыройына нұқсан келтірген, ел алдында ұятты жағдайда қалдырған оқушылардың ата-аналарына (100 АЕК) — 252 мың 500 теңге  көлемінде айыппұл салу туралы ұсыныс берілуде. Бұл «Педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қарастырылмақ.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 127 бабын 1-1 бөліктерімен толықтыруға ұсынылған ұсыныстың мәтіні: «1-1. Кәмелеттік жасқа толмағандар мұғалімнің абыройына нұқсан келтірген жағдайда олардың ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлға 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді».

Биылғы жылдың 27 маусымына дейін «Ашық үкімет» порталының сайтында жаңа заң жобасымен танысып, талқылауға мүмкіндік бар.

Сіз бұған қалай қарайсыз?

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here