Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы нормаларын сақтауы тиіс

0
178

Кәсіби білікті кадрлар – мемлекеттік қызметтің заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қою жеткіліксіз. Мемлекеттік қызметші халықпен араласу мен қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптастырып, әрдайым әдеп нормаларын сақтауы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды, мүдделер қақтығысын болдырмауы, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы нормаларын сақтауы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу бағытында іс-қимыл жасау соттар қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

Сыбайлас жемқорлықпен алдын ала күресудің маңызды бағыттарының бірі, сөзсіз, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайластық мәміле жасауына тосқауыл болатын тиісті заңдар шығару. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуына немесе өз әрекеті үшін сыйақы алуына қойылатын тыйым-норма ғана емес, олардың ез бетімен әрекет етуіне немесе біреулердің мүдделерін қорғауына «саңылау» қалдырмау керектігі сөз болып отыр. Әрине, онсыз мемлекеттік басқару процесі іске аспайтын шаралар сақталуға тиіс. Сонымен қатар, заңда басқару процесін күрделендіретін (тікелей немесе жанама) нормалардың болмауына көңіл бөлу керек, себебі олар бопсалау, парақорлық және т.б. үшін әкімшілік тосқауыл түрғызуға мүмкіндік береді.

Сыбайластық дегеніміз — құқықтық нормаларда бар, оларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуына жол беретін мүмкіндік.

Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзып, экономиканың дамуына шектеу қояды. Жемқорлықпен күресу күнтүзбеден түспейтін мәселелердің негізгісі болып қала бермек. Қоғамымызға жабысқан бұл дертпен күресу негізінен құқық қорғау органдарына жүктелген. Алайда, сотта қаралған істерді бағамдасақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайлар да болып жататындығы жасырын емес. Осындайда «Ет бұзылса тұз себеміз, ал тұз бұзылса не себеміз?» — деген нақыл сөз ойымызға оралады.

Үлкен дертке айналған сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы дау аз айтылып жатқан жоқ. Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі дегенмен «алтын көрсе періште жолдан таяды» деп қолдарын жеке бас мүдделігінен аулақ ұстауын қояр емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен тікелей айналысатын

прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден, шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция секілді арнайы органдар бар. Бірақ бұл тек қана осы органдардың қызметі деп түсінсек, қателескеніміз болар еді. Себебі, бұл дертпен қоғам болып күреспесек, толық айығу мүмкін емес. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар ол адамның жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жәрдем беруші адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, одан бір нақты нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз. Жемқорлықпен күрес – науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен әрбір ұжым, бүкіл халық болып күресуіміз қажет.

Мөлдір Асанова, Қызылорда облысы бойынша

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here