Бүгінгі жұлдыз жорамал

0
410

1. Тоқты

Бүгін қайырымдылық іс жасауға асығыңыз. Сізден қолдау күтіп отырған достарыңызды ұмытпай, жәрдем беріңіз. Бүгін қандайда болмасын қолға алған істеріңіз нәтижесіз қалмайды.

2. Торпақ

Бүгін ата-анаңыздың қасынан табылыңыз. Олардың көңілін аулап, сый-сияпат жасаңыз. Бүгін жол сапарына шығып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан уақытыңызды үнемдеңіз. Əр уақытта үлкендердің ақылына мəн беріңіз.

3. Егіздер

Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалысыңыздың өзінде де үлкен жұмыс туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл күн сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз.

4. Шаян

Бүгін сіз бәрін жасай аласыз, көптеген жұмыстың басын қосып, бәрін біріктіріп, бір сөзбен айтқанда 2 оқпен 1 қоян атқандай боласыз. Оңай жолды таңдай біліңіз. Мүмкін кешке жақын осындай керемет ерлігіңізді, мықты еңбегіңізді серіктестеріңізбен, жақындарыңызбен, достарыңызбен атап өтулеріңізде мүмкін.

5. Арыстан

Бүгін айыңыз оңынан туып, жұлдызы жарқырайтын күн болмақ. Серіктестеріңіз қолдау көрсетіп, өзіңізді профисионалдық қырыңыздан көрсететін кез. Егер сіз осы бетіңізден таймасаңыз, аз күнде ақ биіктен көрінетініңіз анық. Алда бірнеше шешілмеген сұрақтар келіп жатырса, асықпай байыппен, ақылмен ойланып, барып жауап бергеніңіз өзіңізге жақсы.

6. Бикеш

Бүгін жоспарларыңыздың алғашқы қадамы орындалайын деп тұр. Егер сіз тырыссаңыз керемет жұмыс та тауып қалуыңыз мүмкін, сіздей жан әрбір мекемеге керек. Жақын адамдарыңыз болса, сол жандардан да көмек сұрағаныңыз жөн.

7. Таразы

Мүмкін бүгін жақындарыңызға сізден көмек керек болып қалар, қастарында болғаныңыз жөн. Егер бір кездсу бола қалса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін.. Алдағы уақытта кеш жоспарланып тұр, сізге тосын сый болайын деп тұрған сиятқты шамасы…

8. Сарышаян

Бүгін сізді өте маңызды бір кездесу күтіп тұр, абдыраудыңда, асығудыңда қажеті жоқ. Бүгін сіз үшін көптеген қателіктерді түзеуге тағы бір мүмкіндік келіп тұр. Айналаңызда сізді қалай сынға алсам болады деген оймен жүрген бірнеше адам бар. Сондықтан асықпай, жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән бергеніңіз жөн.

9. Мерген

Жұмыс жұмыс деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан еш қорықпай, батылырақ бола түсіңіз. Сізді ешкім де қорқытып, үркіте алмайды. Ойыңызға келген мақсатты нақты нақты жоспарлап, орындай біліңіз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға тырысыңыз.

10. Тауешкі

Бүгін сіз шыныменде қатты таң қалатын сияқтысыз. Сізге уақытыңызды құр текке өткізе беруге болмайды,себебі сізге сенбеген адамдарды шаңынызда қалдыруға тырысыңыз. Батыл әрі нақты сөйлей біліңіз, бір нәрсені ойладыңыз ба, сол жоспарыңызды міндетті түрде орындауға тырысыңыз!

11. Суқұйғыш

Бүгін сіздің жоспармен құрған алғашқы орындалатын ісіңіз. Сол себепті уақытты үнемді жұмсай біліп, ақылменде санасқаныңыз жөн. Керемет сізді кей уақытта күтпеген қоңырауларда күтіп тұр. Оған алаңдайтын еш себеп жоқ, ол қоңырау мүмкін сізге тағы бір мүмкіндік алып келуі де ғажап емес

12. Балықтар

Көп уақытыңызды серуендеп, көңіл көтеруге бөліңіз, серіктестеріңізбен, достарыңызбен қыдырыңыз, қиын күндерді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқараспен қараңыз. Бұл күн сіз үшін өте маңызды, асықпай таразыға салып ойланып, қандай шешім болмасын, асықпай ойланып бір шешім қабылдаңыз!

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here