Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғады

0
215

Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймын», — деді МҚІСҚА ресми өкілі.

Агенттік өкілдері толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді. Ведомстводағы вице-министрдің атын әзірге атаған жоқ.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here