Бала еңбегін қанауға болмайды

0
633

Облыстық полиция департаментінің бөлімше басшысы Манарбек Есжанов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс пен «Бала еңбегін пайдалануға қарсы — 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны жайлы мәлімдеме жасады.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны барысында кәмелеттік жасқа толмағандарды мезгілдік уақытша жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңке, оларға арналған жұмыс орындарын анықтау және балаларды жазғы маусымда уақытша жұмыспен қамту бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Науқанның негізгі мақсаты – бала еңбегін қанаудың алдын-алу болып табылады.

Сонымен қатар, брифингте 12 күндік науқанда сала мамандары облыстық білім басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» және «Көше» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылады.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here