Жұлдыз жорамал: Маусым айы қарбаласқа толы болмақ

0
1314

Қарбаласқа толы ай. Әралуан мәселелерге орай атқарылуға тиіс іс жетерлік. Біреулер жазғы демалысқа, енді біреулер үйді жөндеуге, тағы біреулер кәсіби білімін жетілдіруге алаңдаулы. Қалай болғанда да, жүйкені жұқартпай, қалтаға салмақ салмай іс бітер ме? Биылғы жазда жақсы жаңалықтардың көптігі көңіл қуантады. Жер үстінде өз жағдайларына өздері мәз бақытты адамдар қатары арта түседі.

Бұл ай әсіресе қаржы мәселесін шешуге ыңғайлы. Сондай-ақ, денсаулыққа да назар аударған жөн, созылмалы аурулардан айығуға болады.

Тоқты. Қаржы мәселесіне қолайлы ай. Сондай-ақ отбасында да жаңалықтар орын алады. Бәлкім басқа жаққа қоныс аудару, әйтпесе отбасы мүшелерінің жаңару мүмкіндігі бар. Қызмет барысында келісімге келе білудің маңызы зор. Басты мәселелерді шешудің балама жолдарын іздеген жөн. Барлық оқиғаларға мән бере қарау керек. Ұрымтал тұста ұтылып қалмаған жөн. «Жалғыздың үні шықпас». Жаңа одақтастар табу мүмкіндігі бар.

Айдың бірінші онкүндігінде қысқа мерзімді жоспарларды жүзеге асырған жөн. Қайсыбір істі болмасын алдын ала дайындалған дұрыс. Бәлкім жеңіл құрбандықтар жасап, үлкен нәтижеге жетуге болады. Ұсақ-түйекке мән бермеңіз. Махаббат мәселесінде шешім қабылдамас бұрын әбден ойланыңыз, қиындықты тез жеңемін десеңіз, мәселе тереңде болуы мүмкін. Айдың бас жағы өз-өзін жетілдіруге ыңғайлы. Қақтығыстардан қашық жүріңіз.

Айдың екінші онкүндігінде өз кәсібіңіз болса, өткеннің тәжірибесіне мән беріңіз. Одақтастарыңызға ғана емес, қарсыластарыңызға да назар салыңыз. Айқасты шешімдер қабылдауға, агрессивті саясатқа қолайлы. Қасыңыздағыларға әділ болыңыз, салқынқандылық танытпаңыз. Кеңею мүмкіндігі пайда болса, сәтімен пайдаланыңыз. Компанияда жұмыс істейтін болсаңыз айдың ортасында түсініксіз жағдай орын алады, әріптестерге түсіндіруге тура келеді. Реті келсе жария емес көшбасшыға айналыңыз, қолыңызда нақты билік бар, әлі әлемді жақсы жағына өзгертуге мүмкіндік те бар. Айдың орта шені кәсіпті ауыстыруға, не кәсібилікті көтеруге қолайлы. Алайда, айдың соңғы жағына қарай бағытты өзгертіңіз.

Айдың үшінші онкүндігінде қарапайым заттардың өзіне басқаша қарауға тура келеді. Бұрынғы қате кеткен тұстарды түсініп, сол қателіктерді игілікке қалай айналдыруға болатынын түсінесіз. Айдың соңғы жағы жаңа іс бастауға, немесе қолда барды кеңейтуге жақсы, қызықты адамдармен таныстықтан бас тартпаңыз. Белгілі бір жерде жұмыс істейтіндер кез-келген мәселені өзіне бағындыра алады. Жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға қысылудың керегі жоқ. Бәлкім кездейсоқ табыс табудың балама жолы табылып қалар. Қысқа мерзімді болғанымен, көлемі аз емес. Махаббат мәселесінде еш кедергі жоқ. Қысқа, әрі төте жол табасыз. Әрі сізге қарсылас жоқ.

Торпақ. Аспан әлемінің жіберіп тұрған тәңір сыйына ие болу үшін Торпақтарға көп еңбектенуге тура келеді. Қаржы мәселесі оңтайлы. Алайда тұрақсыздық бар, тізгінді тарта ұстау үшін түйсік керек. Табысты көбейту үшін іске қолжетімді одақтастарыңызды түгел қосып жұмыс істеуге тура келеді. Кімнен болса да көмек, қолдау артықтық етпейді. Қарыздар болып қалмас үшін бизнес әріптес ретінде барлық шартты ашып айтыңыз. Жақын арада пайда беретін бизнес жобаларды қолға алыңыз. Махаббат мәселесінде жұрттың бәріне ұнауға тырыспаңыз. Нақты меже болмаса нәтиже де жоқ.

Айдың бірінші онкүндігінде Торпақтар еркін қимылдаса да болады, алайда, жағдайды бақылаудан шығармау керек. Жағдай әрдайым өзгеріп отырады, бірақ ақылды қадамдар жасай білгенде бәрі дұрыс. Өз билігіңізді пайдаланыңыз, бірақ басқалардың да пікірін тыңдаңыз. Өзіңізге ғана емес, баршаға ыңғайлы жағын таңдаңыз. Сонда күтпеген табысқа кенелесіз. Өз кәсібіңіз бар болса, қызметкерлерді мақтаудан аянбаңыз, тіпті ақшалай сыйлық та жасаңыз. Қызметкерлеріңізге қамқорлығыңыз алдыңыздан шығады. Ал, белгілі бір мекемелерде жұмыс істейтін Торпақтар бәсекелестерінің осал тұсын пайдалана білуі керек. Үйден, кеңседен сыртқа шығып, жаңа таныстықтар жасаған, ақпараттар алған өте жақсы.

Айдың екінші онкүндігі алдыңғысынан да табысты. Алғашқы өскіннің өсімі мол. Алайда қаржы активтерін қолда ұстамай, іске салу керек. Айдың ортасы жинақтаудан гөрі, іске салуға қолайлы. Сенімді болмасаңыз уақыт өткізбеңіз, көмек сұраңыз, жақсы ақыл айтатындар табылар. Отбасында кикілжің орын алса, бітістіремін деп әуре болмаңыз, біріне көмек беріп, кикілжіңді ертерек шешуге тырысыңыз. Махаббат мәселесінде аз-кем шайқасып, жеңіске жетесіз. Алайда өз-өзіңізге күмәніңіз болса, кейін шегініңіз.

Айдың үшінші онкүндігі шығармашылыққа қолайлы. Әсіресе, жазушыларға, суретшілерге, шешендерге. Спортшылар да жарыстарды осы күнге жоспарлағаны дұрыс. Сондай-ақ бұл кезең емделуге де қолайлы. Содан да қажеттілік болса кейінге қалдырмаңыз. Аға ұрпақ өкілдеріне де назар аударсаңыз білгеніңіз молая түседі. Даналыққа жеткіңіз келса, аяқ астына қарай ????, әйтпесе сүрініп құлайсыз.

Егіздер. Кез-келген жоспарды жүзеге асыруға қуат жетеді, бірақ асықпаған жөн. Жұлдыздар жағдайды ыңғайлайды, қажетті бағытқа итермелейді, қай жолдың қолайлы, жақсы екенін сездіреді, алайда қай кезде бастау керектігі, қай кезде тоқтау керектігін өзіңіз түйсікпен сезе білуіңіз керек. Кезең алмасып отырады. Бірде баяу, бірде тез. Махаббат мәселесінде қызықты жағдайлар орын алады. Тосынсыйлар бар, арманға қол жеткізесіз.

Жаздың алғашқы айы өзіңізге көңіл аударуға қолайлы. Сондай-ақ өзіне мін тағудың, қателік іздеудің уақыты емес.

Айдың алғашқы онкүндігінде өмірді қаз қалпында көреміз. Кейбіреулер үшін бұл даулы болуы мүмкін, негізі кейіннен рахмет айтасыз. Алдамшы қалыптан арыласыз. Өз бизнесіңіз бар болса, онда болмайтынға бас қатырмаңыз, одан қайта жаңаға қадам басыңыз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, онда сақ болыңыз, басқаларға бейімделіңіз, сонда көп табысқа жетесіз. Отау құрмаған Егіздер өмірінде күтпеген жағдай орын алады. Тез шешім қабылдаңыз, көпке созбаңыз, әйтпесе кейіннен ұшына жете алмайсыз. Отбасы барлардың өмірі үйлесімді, дұрыс болмаған жағдайда, ойланып, қате кеткен жеріңізді табыңыз.

Айдың екінші онкүндігінде кездейсоқ жағдайлар жетерлік. Қаржы мәселесінде жақсы болғанымен, бір жағынан қаржы келісімдерінде сәтсіздік бар. Бұл жағдайда не істеу керектігін өзіңіз шешіңіз. Егер де өз-өзіңізге сенімді болып, кедергі көріп тұрмасаңыз, онда алға. Күмән басым болып, серіктестеріңізге сенбесеңіз онда шешім қабылдауға асықпаңыз. Отбасында бәрі жақсы. Шамаңыз келмесе де жақындарыңыздан алыстамаңыз. Спортшыларға қолайлы уақыт. Бір оқиғаларға қатысы бар ескі таныстарыңызды еске алыңыз.

Айдың үшінші онкүндігі тыныш. Тек кейбір шешімдерге өзгеріс жасауыңыз мүмкін. Өзіңізге бағыныштылардың ісіне көп араласа бермеңіз. Бір мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз жақын достарменен бас қосып, болашақ туралы ойланыңыз. Керемет идея болуы мүмкін.

Шаян. Қорытынды жасауға асығыңыз. Бүгінгі күні алғашқы әсер шынайы. Сізде уақыт көп. Тілек одан да көп. Сондықтан ойға беріліп, бір орында тапжылмай отыра бермеңіз. Өз қаражатыңызға зер салыңыз, күткендегідей ме? Бұл ай барлығын өзгертуге қолайлы.

Айдың алғашқы онкүндігі жеке қарым-қатынастар үшін маңызды. Айдың бас жағында сізге қатысты маңызды мәселелер орын алады. Алдағы үлкен өзгерістер үшін интеллектуалды ресурстар, уақыт қалдыру керек. Барынша ашық болыңыз. Өз-өзіңізді тежей бермеңіз. Егер де отбасын құрмаған болсаңыз, тезірек шешкен дұрыс. Сіз үшін бұл өте қажет. Әрине Шаяндар еркін, тәуелсіз болғанды қалайды. Алайда әрнәрсенің шектеулі уақыты бар. Жұмыс барысында бәрі орнықты, қарсыластарыңыз бен әріптестеріңіздің мүмкіндігін бағалай біліңіз. Бәлкім олардан үйренеріңіз бар шығар. Ең бастысы қаржыға алаңдамаңыз, жағдайдың өзі өзгеріске әкеледі.

Айдың екінші бөлігі ойланатын кезең. Өзіңіздің ынтаңызды зерттеп көріңіз, өз бизнесіңіз бар болса, онда табыс табудың балама, қосымша жолдарын қарастырасыз. Әр кезде де мүмкіндік бар. Әлі іс бастамаған болсаңыз, онда бастауға тырысыңыз. Бұл кезең алға қадамдар жасауға сәтті. Басшылықпен ашық шайқасқа шықпаңыз, отбасында жақындарыңызға көңіл бөліңіз.

Айдың үшінші бөлігінде кәсіби қызметке назар аударыңыз. Жеке қарым-қатынаста барлығы орнықты, өз шешіміңізге байланысты жаңа таныстықтар болуы мүмкін. Алыс туысқандарыңыздан, жақын достарыңыздан хабар болуы мүмкін. Қаржы мәселесінде жинақтауға ыңғайлы. Айналаңыздағы адамдардың қалайша дамып, көтеріліп жатқанына назар аударыңыз. Оларды қайталамағанымен, өз жолыңызды табуға тырысыңыз. Айдың соңында күтпеген қонақтар келеді.

Арыстан. Бұл кезең кездейсоқ жағдайларға толы, әрі шығармашылық уақыт. Мәселені тікелей шешу керек. Көңіліңіз қаламаса да мәселенің шешілуі үшін кейбір жандарға жағынуға тура келеді. Қысқа мерзімді сәт болғанымен, алдамшы қалыптан шығуға болмайды. Пайдасы бар. Кәсіби қызметте сабыр сақтап, байыппен жақсы кезеңді күте білу керек дейді. Жеке қарым-қатынас мәселесінде отбасын құруға, немесе бірлескен шешім қабылдауға қолайлы.

Айдың бірінші онкүндігі өмірлік бағытты айқындауға ыңғайлы. Мәселе сіздің қалауыңызда емес, жақындарыңыздың талабында. Нағыз күш білімде. Білімді бола білсеңіз, айнала әлемді өзгерте аласыз. Жұмыс барысында оқиғаны тездетуге тырыспаңыз, сіздің ұсынысыңызды ойлауға одақтастарыңызға уақыт керек. Егер де өзіңіз күдіктенсеңіз, идеядан бас тартыңыз, одан да жақсы болу мүмкіндігі бар. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін арыстандар үшін мүмкіндіктер уақыты. Егер де басшылықтың шешімі түсініксіз болса, талапты қатал қоюға болады. Махаббат мәселесінде қаталдықтың қажеті жоқ.

Айдың екінші бөлігінде табыс табуға көбірек назар аудару керек. Бизнесті нығайтуға қолайлы кезең. Жаңғыртудың барлық түрі жарамды, тек кадрлық ауыс-түйістің қажеті жоқ. Іссапарға, алыс серіктестерменен келісім шарттар жасауға ыңғайлы уақыт. Түйсікпен шешім қабылдаңыз. Бүгінде әдеттегіге қарағанда көбірек естіп, көруге жұлдыздардың өздері күш беріп тұр. Ең бастысы дос емес адамдар, сіздің бұл қасиетіңізді білмейді, сондықтан да түйсікпенен қажетті жасаңыз. Қаржы салуға, ірі мүлік сатып алуға, дұрысы материалдық емес қолайлы.

Айдың үшінші онкүндігінің алдыңғы кезеңдерге қарағанда қарама-қайшылығы көп. Жеке қарым-қатынаста алдыңғы кезекке шығады, әсіресе жалғызбасты арыстандар өздерін жақсы сезінеді. Біріншіден таңдау бар, екіншіден күмәнданған жағдайда ақыл беріп көмектеседі, үшіншіден нағыз махаббатқа кезігесіз. Еңбек демалысын алып, барлық мәселеде демалғандар ұтады. Отбасылы арыстандар өздерінің қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтереді.

Бикеш. Жыл ішіндегі ең керемет ай. Қаржы мәселесінде ірі ұтыс бар, бірақ бұл құмар ойынына қатысты емес. Жұмыс мәселесінде өз жағдайын өзгертуге мүмкіндік бар. Махаббат мәселесінде табыс жеткілікті. Айдың бірінші онкүндігінде өз ресурстарыңызды қалай пайдалану жағдайын ойланыңыз. Өз-өзіңізді қолға алып, өзгерістерге дайын болыңыз. Өз кәсібіңіз бар болса, онда әріптестеріңізге, бақталастарыңызға қарамаңыз, тек өз күшіңізге, өз мүмкіндігіңізге сеніңіз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, өзіңізді еркін сезініңіз. Өзіңіздің кәсіби біліктілігіңіздің басқалардан мықты екенін дәлелдеңіз.

Айдың екінші онкүндігінде достарыңыздың, әрі ыңғайлы жағдайдың арқасында өз күшіңізге деген сенім нығаяды, күтпеген жағдайларға, өзгерістерге дайын болыңыз. Отбасылы бикештер үшін бақыт кезеңі, отбасын құрмағандар кездейсоқ оқиғаларға көп кезігеді. Қаржы мәселесінде жаңа қызметкерлерге назар аудару керек, бұл мамандығына, қызметіне қарамастан, барлық бикештерге ортақ. Жеке бизнесі барлар бәрі де ойлағандай бола бермейтінін, оны түсіну үшін уақыттан бөлек ынта да қажеттігін нақтылау керек.

Айдың үшінші онкүндігінде жеке бизнес бастауға қолайлы, достарменен, жақын адамдарменен біріккенде де немесе өзі бастағанда да ең бастысы фундаменті дұрыс болуы керек. Тәуекелді кәсіптің табысты болу мүмкіндігі бар. Жалғыз басты бикештер мәңгілікке өмірін өзгертетін адамға жолығады. Біреулер ыстық күнді үйде, енді біреулер сыртта өткізгенді қалайды. Ең бастысы өзінің қасиетін жоғалтпау. Отбасылы бикештер үшін отбасын толықтыру мүмкіндігі бар.

Таразы. Таразылар өз қаражатын ретімен жұмсап, өз өміріне үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін. Өзгерістің қиындығы болғанымен, өзі үшін де, айналасы үшін де маңызды. Жұмыстан гөрі жақын адамдармен уақыт өткізген қолайлы. Өз кәсібі бар таразылар жаңа мүмкіндіктерге назар аудару керек. Сіз жеңбейтін кедергілер жоқ. Уақытында қабылданған шешім табыстың жоғарылауының негізі.

Айдың бірінші онкүндігі мүмкіндіктер кезеңі. Жалғызбасты таразылар үшін қызықты уақыт, алайда нақты мақсат болмаса, дымсыз қалуы мүмкін. Отбасылы таразылар ескірген дау-дамайды шешуге мүмкіндік алады, жағдай ушығып бара жатса, ашық шайқасқа шығудың қажеті жоқ. Қаржы жинақтауға, салым салуға қолайсыз уақыт, ал сатып алуға ыңғайлы, ең бастысы бір өзіңіз шешім қабылдамаңыз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, табанды болыңыз, ашық басынуға келіспеңіз. Ақырына дейін күресуге қуатыңыз жетеді.

Айдың екінші онкүндігінде шақырған жерден қалмаңыз. Барлық уақытта, барлық жерге барыңыз. Қазір сізге көптеген жаңа таныстықтар керек. Достық кездесулер арқылы бұрынғы байланыстарды да нығайту қажет, сол арқылы өз бизнесіңіздің шығармашылықпен дамуына жаңа мүмкіндіктер ашасыз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндер үшін балама немесе қосымша табыс көзін табу керек, бірақ өзіңіз үйренген жолдан басқаша әрекет ету қажет. Неғұрлым жаңаша қимылдасаңыз, соғұрлым жағдайда жақсарады. Махаббат мәселесінде ештеңеден аянбаңыз, өз дегеніңізге жетіңіз. Тосын сыйларға дайын болыңыз, ешнәрсеге күмәнданбаңыз.

Айдың үшінші онкүндігі бір сәттік рахатқа ғана қызмет ететін тілектер пайда болады. Төсек мәселесі емес, керісінше өзін-өзі дамытуға, рухани дамуға байланысты. Бұл кезең көпнәрсеге қолайлы. Тәуекел етіп, ұтуға болады. Іс бастауға, қаржы салуға да қолайлы. Ең бастысы, өзіңіз танымайтындардың, білмейтіндердің жетегінде кетпеңіз. Кәсіби спортшыларға жеңісті сәт.

Сарышаян. Өз-өзіңізді қолға алыңыз. Ештеңеге алаңдамаңыз, алға қойған мақсатқа нық қадам жасаңыз. Аяқ астынан гөрі жоғарыға көп қараңыз. Қол жеткенге тоқтап қалуға болмайды. Ой толқынының уақыты өтті. Бұған дейінгі жұмсалған уақыт пен күштің қайтарымына қол жеткізетін кезең. Махаббат мәселесінде өзгерістер бар, жұмыс мәселесі тұрақты.

Айдың бірінші онкүндігінде айнала орта мен жеке қарым-қатынас алдыңғы кезекке шығып, жұмыс бағыты кейін қалғандай әсер болады, бәлкім солай да шығар. Болып жатқан жағдайға түбегейлі талдау жасаудан уақыт аямаңыз. Көптеген ақпарат жинаңыз. Отбасылы сарышаяндар қызғаныш кесірінен дау-дамайға кезігеді, алайда бірлесіп шешімін табуға болады. Бойдақ сарышаяндар да өмірі тыныш емес. Сезімді бақылай білу керек. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін сарышаяндар қамсыз болмауы керек, сондай-ақ жағдайды ушықтырып араласпауы керек.  

Айдың екінші онкүндігі өз бизнесі бар сарышаяндарға қолайлы. Қазір барлық қосымша күшті қосу керек. Әріптестеріңізді ғана емес, бәсекелестеріңізді де таңқалдыру мүмкіндігіңіз бар. Негізгі міндеттер бойынша бірлескен жоспарлы мәжілістерді көбірек өткізуге, келісіп пішкен тонның келте болмайтынын ескеру керек. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін сарышаяндар үшін жағдай басқаша. Әділетсіздік орын алуы мүмкін. Сізге қатысты болмаса да түбірінен жоюға тырысыңыз. Ең бастысы сіздің кішкентай төңкерісіңіздің нақты мақсаты айдың орта шені барлық байланыстарды нығайтуға қолайлы.

Айдың үшінші онкүндігі барлық оқиғалар мен бағыттарды біріктіруге ыңғайлы. Егер де өз бизнесіңіз болатын болса, жұмыста жұмыс уақытынан тыс кешікпеңіз, сізді үйде де күтеді. Егер де өз ісіңіз болмаса онда көптен бері армандаған бағытқа қадам жасауға асығыңыз, жеңіл болады. Отбасылы сарышаяндар көптен бері шешілмей келе жатқан мәселенің шешімін табуы керек. Жеке басты саряшаяндар да тез шешім қабылдауы қажет.

Айдың соңғы жағында денсаулыққа назар аударып, емделумен, сауықтырумен айналысқан жөн. Аға ұрпаққа да назар салыңыз. Көмектен аянбаңыз, есесіне ақшаға да сатып ала алмайтын үлкен игілікке ие боласыз.

Мергендер. Бұл айда орын алатын оқиғалар көп. Бір күн қарбаласқа толы болса, келесі күні тыныш. Өз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін сәтті ұстап қалу қиын. Ұсақ түйекке де мән беріңіз. Ақшаны шашпаңыз, өзіңізден көмек күткендерден аянбаңыз. Жолға шығуға, ашықтыққа қолайлы кезең, табысқа әртүрлі жолмен жетуге болады. Айдың бірінші онкүндігі мергендер үшін қиын кезең, алайда шегінен шыққан қиыншылық жоқ. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндер бар ынтасымен жұмыс істеуі керек, алайда кешке дейін артық жұмыс істеудің қажеті жоқ. Өз кәсібі барлар үшін керісінше, ақырына дейін еңбек ету керек. Жаңа шешімдерді ендіруге, ресурстарды сауатты бөлуге қолайлы кезең. Бақылауды күшейтіп, бағыныштыларды қатаң тәртіпке алу керек. Махаббат мәселесінде бойдақ мергендер үшін ерекше таңдау жоқ, қолжеткенге қанағат етуге тура келеді. Ең бастысы ешкімді алдамау керек, әйтпесе өзі де алданып қалып, ыңғайсыз жағдайда қалады. Отбасылы мергендер жұбайының жанында болып, бұрынғы келіспеушіліктерді жоюы қажет.

Айдың екінші онкүндігінде ұзақ мерзімді жоспар құрудың қажеті жоқ, шешім қабылдауда көп ойланбаңыз, қазіргі жағдай бұрынғының көрінісі, сондықтан да бұрын бұндай жағдайда қандай шешім қабылдағаныңызға назар аударыңыз. Өз кәсібіңіз бар болса, жаңаны енгізуді жалғастырыңыз, дамудың даму жолдарын тұрақты іздестіре беріңіз. Өз бизнесі жоқтар бағыттарын өзгертуге тырысу керек, бәлкім қосымша мамандық алу керек шығар. Қол қусырып қарап отырғыңыз келмесе, мүмкіндіктер өте көп.

Айдың үшінші онкүндігі қаржы мәселесінде өте табысты. Тек жоспарлай білу керек. Бұл ретте жылдар бойы жинаған тәжірибеге арқа сүйеңіз. Жұлдыздар мергендерге алға қарай жылжи беруге, алайда қаржыны орнымен пайдалануға кеңес береді. Атап айтқанда қаржыны аз-аздан бірнеше жобаға салған дұрыс. Көп ақшаны бірден салғаннан ұтылып қалуы мүмкін. Отбасы мәселесінде жақындарыңызға еркіндік беріңіз.

Тауешкі. Жылдың басқа кезеңіне ұқсамайды. Сезімге толы ай. Дегенменен, барлығына бірдей, дұрыс болып көрінгеннің өзінде сене беруге болмайды. Сенім білдіргенменен күмәнданған да дұрыс дегенді басшылыққа алу керек. Жеке қарым-қатынаста қатаң талап қою керек. Уақыт сіз жағында, тек өзіңізге сеніңіз.

Айдың бірінші онкүндігінде жақсы бастама бар. Өз кәсібіңізді ашқыңыз келсе, уақыт оздырмаңыз. Айдың бас жағы қаржылық жоспарлауда маңызды шешім қабылдауда, орын алған оқиғаларды сараптауға ыңғайлы. Егер де өз ісіңіз бар болатын болса, онда жаңа келісім шарттар өте табысты. Ең бастысы өзіңізбен қарым-қатынас жасағысы келетіндерден қашпаңыз. Сізге балама қарсы пікірлер керек, әйтпесе дұрыс қорытынды жасай алмайсыз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндер жұмыс барысында өзгеріс жасағаны дұрыс. Отбасылы тауешкілер тұрмыстық мәселелерге назар аударғаны жөн. Отбасында көптен бері орын алып келе жатқан кикілжіңді ақыл айтумен емес, үйретумен шешіңіз. Бойдақ тауешкілер басқалардың пікіріне тәуелді. Көмектескісі келгендерге қарсы болмаңыз.

Айдың екінші онкүндігінде айналаңыздағы жандарға, олардың тіршіліктеріне қарап, өзіңізге жаңа мүмкіндіктер ашасыз. Проблемадан қашпаңыз. Бойдақ тауешкілер өздерінің қажеттілігін, мақсатын анықтай білу керек. Ал отбасылылар бәрін өз қолына алуы қажет. Жұмыс барысында әйелдер үшін басшысы ер адам болса, ер адамдар үшін басшысы әйел болса, тілекті құдайдың бергені. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Алдымен ойланып алыңыз.

Айдың үшінші онкүндігі өз бизнесі барлар үшін шешімді қадамды жасауға ыңғайлы. Келісім шарт жасайтын болсаңыз, өте сақ болыңыз. Ал техникалық мәселелерде кәсіби мамандарға сенім артыңыз. Кадр мәселесінде басқалардың ақылын тыңдамай, өзіңіз шешім қабылдаңыз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін тауешкілер жағдайға кеңінен қарағаны дұрыс. Егер де қосымша табыс табу мүмкіндігі болса, пайдаланыңыз. Махаббат мәселесінде өз сезіміңізден ұялмаңыз. Басқаларға сенбеңіз, қолдау күтпеңіз, өзіңіз ойлағаннан мықтысыз. Маусым айындағы қиындықтардың барлығы бір сәттік қана. Ақыр соңы қайырлы.

Суқұйғыш. Қазір өз жағдайыңызға назар аударып, жақын арада жүзеге асатын жоспарларға мән беріңіз. Бәлкім кейбір суқұйғыштар ессіз идеяларға беріледі. Бірақ оны қазір жүзеге асырудың қажеті жоқ, әсіресе айдың бас жағында. Уақыт сіз жағында. Көп жағдайларда басқалар үшін жол көрсетер жұлдыз боласыз. Негізі қарсылықсыз, айқайсыз, ұрансыз көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Жауапкершіліктен қашпаңыз, барлығын да жақсы жасай аласыз.

Айдың бірінші онкүндігінде қаржыға байланысты мәселе туындайды. Сіздің міндетіңізден тыс салада не болып жатқанына назар аударыңыз. Мәселенің түйіні сізден қашықта. Егер де өз ісіңіз бар болатын болса, ұмытуға айналған ескі таныстарыңыздан сақтаныңыз. Жаңа қарым-қатынастарды ұсыныстарға ашық болғаныменен ірі қаржы салуға асықпаңыз. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндер алдымен жағдайды бағалап алып, сондан кейін барып қимылдаған дұрыс. Жаңа қызметке көтерілуге немесе табысты арттыруға мүмкіндік бар. Бір қызығы қазір сізге одақтастар керек емес. Жеке қарым-қатынаста да мәселені ешкімді араластырмай өзіңіз шешуге тырысыңыз.

Айдың бас жағы отбасы өзгерістеріне, нақты шешімдер қабылдауға қолайлы. Тұрмыстық мәселеде тірлік көбейеді.

Айдың екінші онкүндігінде жаныңыздағы серігіңіз өзіңізді таңқалдырудан танбайды. Не істейтініңізді өзіңіз шешіңіз. Бей-жай қалмайтыныңыз анық. Бойдақ суқұйғыштар айдың ортасында жақсы бір адаммен танысады. Махаббат болмағанымен де, достық болуы мүмкін. Әсіресе 30 жастан асқандар үшін. Жұмыс істейтіндер барлық қиындықты жеңетіндей көңіл күйде. Алайда асығудың керегі жоқ. Мәселе жылдамдықта емес, әрнәрсенің өз сәті бар. Уақытында қимылдай білу керек. Ең бастысы өз мүмкіндігіңізге күмәнданбаңыз. Сізді жақсы нәтиже күтіп тұр.

Айдың үшінші онкүндігі өте белсенді кезең. Жақсылықпен аяқталатын кездейсоқ оқиғалар көп. Бұған аса мән бермей, ойдағыны жүзеге асыру сәтін күте біліңіз. Өз бизнесі барлар үшін келісім шарттар жасауға, өндірісті техникалық жаңғыртуға қолайлы кезең. Ал белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндер сенімге кірген іс қимылға иек артуы керек. Жұлдыздар әріптестеріңізге олар қиналған сәтте көмек сұрамаса да қол ұшын созуға кеңес береді. Алдағы уақытта оның қайырымы болады. Жеке қарым-қатынаста түбегейлі өзгерістерден қорықпаңыз, жақындарыңызбен бірге өткізген уақыттың рахатын сезіне біліңіз.

Балықтар. Бұл кезеңге жеке қарым-қатынастарға, отбасылық мерекелерге қатысты маңызды оқиғаларды жоспарлаудың қажеті жоқ. Алайда жоспарланып қойылған болса, ол да қорқынышты емес. Сіз жеңіп, жеңімпаз болмайтын жағдай болған емес. Оның үстіне айдың бас жағында және ортасында кәсіби қызметіңізге баса мән беріңіз. Ең бастысы қолайлы жағдайды үркітіп алмаңыз. Сондықтан да асықпаған жөн.

Айдың бірінші онкүндігі материалдық база жағынан қолайлы. Сырттан табыс түсуі мүмкін. Бұл кезең ақша жинақтауға қолайлы емес. Жұмсауға ыңғайлы. Не алуға болатынын әбден таразылаңыз. Егер де өз ісіңіз бар болатын болса, болып жатқан жағдайлардың түбірін зерттеуге қиналмаңыз. Көп нәрсе құпия қалпында қалады, онда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Есесіне кадр мәселесіне назар аударыңыз, кейбір бағыттарда өзгерістер жасаған дұрыс. Белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін болсаңыз, шешім қабылдауға асықпаңыз. Махаббат мәселесінде бәрі де орнымен, тек күтпеген қонақтардан абай болыңыз.

Айдың екінші онкүндігі нақты мүмкіндіктерді айқындайды. Қаржы салуға, инвестицияға қолайлы кезең, егер де өз бизнесіңіз бар болса, онда ойланбастан өндірісті жаңғыртуға қаржы салыңыз. Қалыптасқан жағдайдың заңдылық жағына назар аудару керек. Жаңа келісім шарттар арқылы мүмкіндіктерге ие боласыз. Жұмыс істейтін балықтар айдың ортасында сәттілікке кез болады. Толығымен пайдалану керек. Бұрын жарты қадам жасайтын болсаңыз, толық қадам жасаңыз. Басқалар екі қадам жасап жатса, сіз төрт рет аттаңыз. Қуат, мүмкіндік жеткілікті, біліктілік жетпей жатса, ол өз кінәңіз. Отбасында ұстамды болып, басқаларға үлгі көрсетіңіз. Жалғызбасты балықтар өзіне рухтас жан табу мүмкіндігі бар. Ал отбасы барлар бір-бірінен рахат табады.

Айдың үшінші онкүндігі балықтарға керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Негізі романтикалық іс-шараға қатысты болса керек. Бұған дейінгі жоспарыңызды өзгертудің қажеті жоқ. Бұл мүмкіндікті жақындарыңызға, немесе достарыңызға сыйлаңыз. Жомарттық танытыңыз, ашық болыңыз. Барлығының қайырымы бар. Жалғызбасты балықтар үшін жақсы сый бар, ең бастысы асықпаңыз, мүмкіндікті жіберіп аламын деп қорықпаңыз. Жұмыс мәселесінде бәрі орныменен, шығармашылық ойыңызды жүзеге асырып, қосымша қаржы табу мүмкіндігі бар.

 

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here