Қадір түнінің «Баламекенге» құтты сыйы

0
657

Үйлену тойлары, бесік тойларының баянды жалғасы – қоныс тойлары көбейе түсті Қызылордада! Қызылордалық көптеген отбасы бүгін де өмірдің сондай бақытты сәтін бастан өткерді.

Қызылорда облысы әкімдігі мен Сыр елінің тумасы аты мәшһүр Болат Өтемұратовтың жеке қоры арасында жасалған келісім негізінде Қызылорда қаласының “Бәйтерек” мөлтек ауданында көп балалы отбасыларға арналып салынып жатқан 150 үйлі қоныста қоныс тойы басталды. Жаңа үйдің кілтін алатын көп балалы отбасылар тайлы-таяғымен дегендей әжесі-атасы, анасы-әкесі, бала-шағасы болып қоныс тойлы “Бәйтерек” мөлтек ауданын бетке алды. Қоныс тойға құтты болсын айта, осы игілікке бастамашы болған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Болат Өтемұратов жеке қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмас Төрегелдіұлы Шарман келді.

— Қасиетті айда өздеріңізбен осындай қуанышты сәтте кездесіп тұрмыз. Қоныс тойы құтты болсын! Биыл қоғам қайраткері, жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қаржылық демеушілігімен, әкімшілікпен “Баламекен” жобасы аясында Қызылорда қаласында аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларды қолдау мақсатына және 1 маусым балаларды қорғау мерекесі қарсаңында 100 пәтердің құрылысы рекордтық 2 ай мерзімде салынып пайдалануға берілді. Қосымша облыстық бюджеттен 50 пәтерге қаржы бөлініп, құрылыс салынды, ол да маусым айында толыққанды іске қосылады,- деді облыс әкімі салтанатты сәттегі лебізінде.

Құттықтау лебіз білдірген Болат Өтемұратов қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмас Төрегелдіұлы Шарман:

— Болат Өтемұратов қоры халқымыздың жағдайын жақсарту мақсатында құрылған. Осыдан 5 жыл бұрын құрылғаннан бері осы бағыттағы жұмысты үздіксіз жүргізіп келеді. Қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов өз тарапынан көмек көрсетіп көп балалы отандастарымызды баспанамен қамтамасыз етуге үлесін қосуды ұйғарды. Біздің қорымыз 450 млн.теңге көлемінде қаражат бөліп, Қызылорда облысының әкімдігімен бірге наурыз айында “Бала мекен” жобасын іске асыруға кірісті. Көп балалы 100 отбасына арнап баспана тұрғызуды жоспарлаған едік. Бүгін жоспарымыздың табысты орындалғанына куә болып тұрмыз. Құрметті қызылордалықтар, қоныстарыңыз құтты болсын!- деді.

Өз кезегінде үйлі болған көп балалы отбасылардың да атынын риясыз лебіз білдірілді. Атап өтерлігі, халық қалаулылары мен қоғам белсенділерінен құрылған тәуелсіз сарапшы комиссияның шешімімен тұрғын үйлер бірінші кезекте 10,9,8,7 баласы бар көп балалы отбасыларға бөлінген.

Айталық “Бала мекеннен” үй кілтін бірінші болып алған Айгүл Абайдуллаева 10 баланың анасы, сондай-ақ Жаңабаева Нұргүлдің 9 баласы, Наталья Нұрбаеваның 8 баласы бар. Қоныс құтты болсын!

Ж.АЙМАҒАНБЕТОВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here