«ПЕТРОҚАЗАҚСТАННЫҢ» ДӘСТҮРЛІ ЭСТАФЕТАСЫ

0
170

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ АЛАҢДАРЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Еліміз жыл өткен сайын жаса­рып, жаңғыру үстінде. Тәуелсіз Қазақстан өз алдына дербес мем­лекет атанғалы әрбір саланың тамырына қан жүгіріп, өнім көр­сеткіштері артып келеді. Осылай­ша елімізге екпін беріп, қуатын молайтып тұрған мұнай компа­ниялары десек артық айтқандық болмас. Сондай компанияның бірі де, бірегейі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз».

Жақында компания басшы­лығының ұйым­дастыруымен «Құмкөл» мұнай кені­шінде жұ­мыс­шыларға арналып, заманауи үлгі­дегі футбол және баскетбол ойын алаңдарының ашылу сал­танаты болып өтті. Ойыншыларға арнал­ған жасыл алаңда жүгіруге ыңғай­лы газондар төселіп, жан­күйер­лерге де жағдай жасалып арнайы орын­дықтар орналасты­рылған.

Компания директоры­ның өндіріс жөніндегі орын­басары Брюс Андерсен мен вице-прези­дент Болат Көшер­баев құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңның лен­тасын қиып, командалар арасын­дағы жолдастық кез­десуді тама­шалады. Қызық­ты да тартысқа толы ойын тең есеппен түйінделді. Ойын қорытындысында барлық қатысушыларға естелік сыйлық­тар табыс етілді.

— Бүгінгі спорт алаңда­рының ашылуы біздерге көрсетілген зор қолдау деп білеміз. «Жаны саудың — дені сау» деген сөз бар. Мұнда жұ­мысшылар екі ауысым бойын­ша жұмыс жасайды. Енді уақыты­мыз бос кездері осында келіп демалысымыз­ды тиімді өткізетін болдық. Өзім осы компанияда 2002 жылдан бері жұмыс жасай­мын. Компания тарапынан жұ­мыс­­шыларға барлық мүмкіндіктер қарасты­рылған. Бізде бұдан басқа да үстел тенисі және арнайы жат­тығу алаңдары бар. Азаматтарға ыстық тамақ пен шай, сулары жеткілікті жағдайда. Жұмысшы­лар ар­найы тігілген жұмыс фор­масымен толық­қанды қамтылған.   Бұл біз үшін тарихи күн. Мере­кеміз құтты болсын,- дейді мұнай және газ цех басшысы Бағдатбек Тобашов.

ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ — МАМАНДАР ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАЙДЫ

Халқымызда «Өрт – тілсіз жау» деген сөз бар. Қашанда бол­сын өрттің алдын алуға әзірлік қажет-ақ. «Сақтансаң сақтайды» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек-ті. Мамандар шеберлігін шыңдау, өртті сөндірудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру арнайы құрал-саймандардың қолданылу аясын кеңінен үйрету мақса­тын­да сала мамандары арасын­да «Өртті өшіруден ескерту оңайырақ» тақырыбында дәстүрлі VІІ-ші рет кон­курс жалауын көтерді.

Биылғы оқу жаттығу жиынына «Хим система», «УТО, «КазГермұнай», «ЦДНГ-3» «Отдел техно­логии добычии», «Қуат­Амлонмұнай», «ЦДНГ Арысқұм», «ЦДНГ-2», «ТорғайПетролеум», «УМР», «ЦДНГ-1», «ЦППН», «ЦУГ», «ЦУГ Арыс­құм», «Тұзкөл» ко­мандалары қатысып, өзара шеберліктерін сынады.

Эстафетаның алғашқы бөлімінде өрт болғаны жө­нінде хабарлама жеткізу, жаралы адамды қауіпсіз алаңға шы­ға­ру, мұнай құбырын жабу, электр торабын­дағы өртті өшіру, кедергілер­ден қауіпсіз өту, сақтық шаралары­ның сақталуы, уақытты үнемді пайдалану басты назарға алынды.

Оқу-жаттығу жиынына   өрт сөндіру қызметінің спорт шебер­лері қазіргі уа­қыттағы зейнеткер­лер Бейбіт Маржанов пен Ғалым­жан Орғараев төрелік етті. Сайыс­тың екінші бөлімінде мамандар өрт сөндіру құралы арқылы суды нысаналы бағытқа жеткізу, жара­лы адамды қауіпсіз алаңға жеткізу бойынша шеберліктерін көрсетті.

Cайыс соңында алғырлық пен епті­лікті, қырағылық пен төзімді­лікті бір арнада тоғыстырған «Торғай Петролеум» командасы жеңімпаз атанды. Оларға «Петро­Қазақстан» президенті бекіткен «Өртті ескерткені үшін» медалы мен осы жарыстың ауыспалы кубогі табысталды. Жүлделі екін­ші орынды «ЦППН» коман­дасы иеленді. Үздік үштікті «КазГер­мұнай» компаниясы түйіндеді.

МАМАНДЫҚҚА АДАЛДЫҚ МАРАПАТ ӘПЕРЕДІ

Жиын қорытындысында Бағ­датбек Тобашов, Нұрлан Асанов, Молдабек Шегентаев, Асылбек Әбдірахманов, Ербол Қалдыбаев, Еділ Нұрпейіс ком­пания прези­дентінің арнайы медалімен мара­патталды.

Сонымен қатар, кәсіподақ комитеті грамотасы­мен және «Ең үлкен қатысушы» номинациясы­мен Руслан Айтбаев, «Ең жас қатысушы» номинациясы­мен Асқар Төлебаевты Бақыт Мұқа­шова марапат­тады. Жарыс бары­сында белсенділік танытқаны үшін Бауыржан Ақпанбетов, Жанатхан Тәйкенов, Мұхтар Қал­дыбаев, Марат Әбілқасым Алғыс хат иегерлері атанды. Конкурстың өтуіне атсалыс­қандары үшін инженер-энергетик Сабыр Жақ­сығұлов, директор­дың орынба­сары Ғабдол Қаражанов, жұмыс­шы Асылхан Омарханов, жұмыс­шы Ернар Аяпов, төрешілер Бей­біт Маржанов пен Ғалым­жан Орғараевқа арнайы сый-сия­паттар табысталды.

Компания вице-президенті Болат Көшербаев:

— Жұмыс алға жылжуы үшін алдымен жұмысшы қызметкерлердің жағдайы болуы керек. Адамның көңілі тоқ болған жағдайда ғана іске белсенді кірі­седі. Біздің мекеме бұл жағынан жоға­ры жетістікке жетіп отыр. Бүгінгі көрсет­кіш соның нәти­же­сі. Алдағы уақытта да басқа спорт нысандарын көптеп ашу жоспарда бар. Барлығы елдің игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар. Мұн­дағы әрбір адам өңіріміздің да­муы­на өз үлес­терін қосып жүрген майталман мамандар. Сіздерге алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін,- деді вице-президент Болат Елеуұлы өз лебізін білдіріп.

Иә, халқымызда «Еңбек ер атан­ды­рады» деген даналық сөз бар. Жалықпай жұмыс жасап, ерінбей еңбек еткеннің қашанда мерейі үстем, мәртебесі биік бола­ды. «Құмкөл» мұнай кенішіндегі ерлердің еңбек­сүйгіштігіне сүй­сініп, мамандыққа адалдықтарына жүрегіміз жылып, көңіліміз марқайып қалды.

Т.БЕКМЫРЗАЕВ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here