Бүгінгі жұлдыз жорамал

0
457

1. Тоқты

Айналаңызда болып жатқан оқиғаға салқын қандылық танытып, сабыр сақтаңыз. Жаңа іс бастамай тұрып, алға қойған мақсатыңызды саралап алыңыз. Бәріне бірден қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалудан сақ болыңыз.

2. Торпақ

Бүгін болашағыңызға жоспар құрып алыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.

3. Егіздер

Бүгін жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет болады. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Сондықтан ашуыңызды жүгендеуге тура келетін болады. Жалпы бұл күн өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт.

4. Шаян

Бүгін құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.

5. Арыстан

Бүгін көбірек демалуға тырысыңыз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бүгін ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауды жорып отыр. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз немесе оқуыңыз біраз тыныштыққа кенелетін болады

6. Бикеш

Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыздар. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да таразылардың қалтасын қағып қалуы әбден ықтимал.

7. Таразы

Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз. Өмір ақ, қара жолақтардан тұратынын ұмытпаңыз.

8. Сарышаян

Сізден жақындарыңыз үлкен жауапкершілікті күтетін болады. Ең бастысы бүгін сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.

9. Мерген

Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалысыңыздың өзінде де үлкен жұмыс туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл күн сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз.

10. Тауешкі

Бүгінгі күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз, ол қызметте болсын, жеке өміріңізде болсын. Шығармашылық жолда жүрген егіздердің өмірі жаңа шабытқа толы болады

11. Суқұйғыш

Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген.

12. Балықтар

Достарыңыздың арасында бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here