Тіл мерейі, ел мерейі

0
280

Мемлекеттік тіл елдікдің алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына жеткізеді. Қай уақытта болмасын тіл елдің қазынасы болған әрі бола да бермек. Тілінің қадіріне жете білмеген халқының қамын қамдай қоймас. Мемлекеттік тіліміз ғажап, естіген жанды елітер, бойды баурап алар сыйқыры бар әсемдігі тағы бар. Елбасымыз тарих толқынында атты кітабында «дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат қымбат не бар екен? Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретінде мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған-оның ғажайып тілі –деген сөзге сүйенсек, осынау ғажап тілдің еліміздің тұғырына нық орнығуына бір кісідей жұмыла атсалысу баршамыздың азаматтық борышымыз әрі абыройлы міндетіміз. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгүнгі де тағдыры. Қазақ тілі өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан дүниенді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді қысыл таяң қатал жағдайда қайрап,егеп сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін елге, ерге медет болып адам түгіл, жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл». Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқынымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл — халықтың жаны, сәні тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиеті мұрамыз, ана тіліміз- қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл — тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекет тәуелсіздігінің негізгі атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», — деген болатын. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі — ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық кіріс, шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда. Соның ішінде соңғы кезде, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге бағытталған бағдарламаларыдың жүзеге асырылуы, Мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім.

Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз.

Тәуелсіздік қазақ халқының маңдайына мемлекет құраушы ұлт болуды сыйлады. Кеңес кезеңі тұсында өзге ұлттың айтуымен әрекет ететін Қазақстан егемендік алған соң, дербес дами бастады. Қазіргі таңда қазақ ұлты өз тағдыры үшін өзі жауапты. Мемлекет құраушы ұлт ретінде еліміздегі өзге ұлттардың дамуына да жауапты болуды естен шығарған жоқ. Соның нәтижесінде Қазақстан түрлі ұлттардың өсіп-өркендеу, өзара келісім мен сыйластыққа қол жеткізу алаңына айналды. Бұл жөнінен еліміз басқа посткеңестік елдердің бәріне үлгі боларлықтай жағдайға жетті. Шығыс халқына тән ерекшелігіміз бен далалық менталитетіміз бізді едәуір биіктерге көтергендігін қазір мақтанышпен айтуға болады.

Талай елдерде ұлтаралық жанжалдың, араздастықтың себепшісіне айналған тіл мәселесі Қазақстанда оңай шешілуде. Төзімділік — ақылды адамның, дегдар халықтың басты ерекшелігі десек, мұның жарқын көрінісін Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі өмірімізден анық көруге болады. Елбасының үштұғырлы тіл төңірегіндегі саясаты жемісті нәтиже беруде. Кеңестік кезеңде қоғамдық өмірден мүлде алыстатылып, шетке ысырылып тасталған қазақ тілінің қазіргі жағдайы көңіл қуантарлықтай. Тілге байланысты ренішті пікір айтушылардың әлі де кездесетініне қарамастан, қазақ ұлты мен өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінде сөйлеушілер қатары қай кездегіден де анағұрлым көп.

Мемлекет саясатында жауапты мекеме басшылары тілге деген бақылауды ешқашан да босаңсытпауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алу керек. Ал, егер өзіміз бен мемлекет басындағылар керек етпесе, мемлекеттік тіл кімге керек? Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді.

Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік, ана тілімізді құрметтейік, оны аяқ астына таптамайық, ағайын! Бұл біздің болашағымыз!

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу

сотының бас маман

аға сот приставы: Керуенбаев Берік

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here