Торт пісіре білу де өнер

0
170

Тәттіден бас тарта қояр адам жоқ шығар. Туған күн, үйлену тойы, басқа да салтанатты дастархандардың сәнін келтіріп, тіл үйірер дәмімен есте қалатын ұннан жасалатын тағам, ол — торт. Бұл тіске басар десерт, балалар­дың ғана емес, ересектердің де сүйсініп жейтін тәттілерінің бірі. Назарларыңызға дәмді торттың түр — түрін ұсынып отырмыз.

Жылдам жасалатын торт

Қамырына:

150 гр маргарин, 230 гр қаймақ, 2 стақан ұн.

Дайындалуы:

  1. Қамыр илеп, алты бөлікке бөлеміз.
  2. Жайып, корж дайындаймыз.

Крем үшін: 

1 банка қоюлатылған сүт, 200 гр май.

Дайындалуы: 

  1. Барлығын араластырамыз.
  2. Корж арасына жағамыз, шоколад себеміз.

Құс сүті торты

Қамыры: 

1 стақан ұн, 7 жұмыртқаның сарысы, 0,5 ст. құмшекер,100 гр. сары май, сода немесе қамыр қопсытқыш, ванилин.

Крем үшін:

7 жұмыртқаның ағы, 200 гр. су, 1 стақан шекер, 150 гр. сары май, 200 гр. қоюлатылған тәтті сүт, 1 шай қасық лимон шырыны.

Бетіне:

150 гр. қара шоколад, 100 гр. сливки (33% сүт).

Майды шекермен жақсылап миксерлейміз, жұмыртқалардың сарысын қосып тағы миксер­лейміз. Енді ванилин, қамыр қопсытқыш, ұнды қосамыз, аз ғана араластырып, тортты пісіретін ыдысқа құямыз. 15-20 минуттай пісіреміз.

Енді кремді әзірлеуге кірісеміз.Сары май мен қоюлатылған тәтті сүтті жақсылап миксерлеп, қойып қоямыз. Отқа қойып қайнатамыз, үстіне жарты стақан шекерді қосамыз. Бір қайнатып алып өшіреміз. Жұмыртқаның ағын қалған жарты стақан шекермен жақсылап 10 минуттай мик­серлейміз. Үздіксіз миксерлей отырып ыстық сиропты жайлап құямыз. Енді осы жерде шап­шаң қимылдағаныңыз жөн, себебі крем жылдам қатады. Алдын-ала миксерлеп қойған сары май мен тәтті сүтті осы қоспаға араластырып, жайлап қасықпен араластырамыз. Бұл жерде миксерді қолданбаңыз, себебі, миксерлейтін болсаңыз көпіріп тұрған креміңіз отырып қалады.

Енді тортты жинаймыз. Бисквиттің үстіне кремді құйып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қоямыз. Үстіндегі кремі жақсылап қатты дегенде, шоколадтан крем әзірлеп, бетіне құямыз. Тағы да 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Шоколад жақсылап қатқан соң барып кесіп жей берулеріңізге болады.

 Шоколад құймақтары 

Құрамы: 

Ұн – 300 г., лимон шырыны – 5 мл., қант – 60 г., жұмыртқа – 1, сода – 2 г., айран- 400 мл., какао ұнтағы – 40 г., күнбағыс майы – 60 мл.

Алдымен лимон шырынын, қант пен жұмырт­қаны жақсылап араластырып аламыз. Одан соң оған ұн, сода мен какао ұнтағын және соңынан айранды қосамыз.

Ұн қосылғаннан кейін жақсылап араластырып отыруды ұмытпау керек.

Дайындағанымыз қою болуы керек. Алдымен майды қыздырып алып, құймақты екі жағынан да жақсылап қыздырып қуырамыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Панчо торты

6 жұмыртқа, қант 200 гр., ұн 230 гр., какао ұнтағы 3 ас қасық.

Ешқандай қамыр қопсытқыш қосылмайды.

Дайындалуы: 

1.Құрғақ ыдысқа жұмыртқамен қантты қосып, миксермен шайқаймыз. Басында баяу жылдам­дықта, сосын бірте бірте жылдамдығын көбейте ең жоғарғы жылдамдықта шайқайсыз. Массаңыз көпіріп 2 есеге ұлғайып, ағарады.

  1. Бөлек ыдыста какао мен ұнды қосып, жақ­сылап араластырып аласыз. Сосын оны жұмырт­қалы массаға себе отыра, төменнен жоғарыға қарай ақы­рындап, құрғақ қасықпен аударып, араластырасыз. Ұн жақсы аралассын,бірақ тез араластырып массаңызды отырғызып алмаңыз.
  2. Дайын қою қамырыңызды пергамент қағазы төселген 4 бұрышты формаңызға, құйып,170-180 гр қызып тұрған пеште 30 мин пісіресіз.(Ерте немесе кеш пісуі мүмкін) 25 минутқа дейін пешіңізді ашпаңыз.25 мин өткен соң ашып сіріңке тығып тексеріңіз. Жабысса қамыры дайын емес, егер құрғақ болса дайын.

4.Піскен соң бір дөңгелек кесіп аласыз, тәрелкеге қойып кесуге болады. (бұл оның астыңғы бөлігі) қалған бисквитті суытып оны бірнеше (кубик) бөлікке кесесіз. Арасына банан салуға болады. Бананды дөңгелек етіп турайсыз.

Креміне: 

800 гр 25-30 % қаймақ, қант дәміне қарай, шым-шым ванилин қосуға болады.

Қант пен қаймақты жақсылап қант ерігенше араластырасыз.

Дайын  тортты жинау: Тәрелкеңізге астыңғы дөңгелек бөлігін қойып, кремге әр (кубик) бис­квиттеріңізді батырып бір 1-ші қабат жасайсыз. 2-ші қабатқа дөңгелектеп туралған бананыңызды қойып шығасыз.3-ші қабатқа қайта бисквит, солайша тортты жинайсыз да, қалған креммен тегістеп шығып,өз қалауыңызша әрлейсіз.

Арасына: 

Банан, құлпынай, киви немесе өз қалауыңыз­ша жеміс-жидек салсаңыз болады.

Құймақ торты 

Құрамы: 

3 жұмыртқа, құмшекер, ас содасы, сүт, сұйық май, ұн.

3 жұмыртқа мен  қантты жақсылап аралас­тырып аламыз.Одан кейін сүт құямыз қанша құю керектігін өзіңіз білесіз. Және ас содасын кішкене саламыз. Одан кейін азғантай сұйық май құямыз араластырамыз. Сосын ұн саламыз жақсылап араластырып, жай отқа қойып пісіреміз.
Арасына: сары майды ерітіп, қоюлатылған сүт  құйып араластырамыз. Өте дәмді болып шығады.

Сникерс торты 

Қамырына:

Жұмыртқа – 2 дана, шекер– 100 гр., қаймақ – 1 стақан, какао – 3 ас қасық, қамыр қопсытқыш– 1, ұн – 300 гр.

Креміне: 

Қоюлатылған сүт  – 1 банка, сары май – 250 гр., жер жаңғақ.

Жұмыртқаны жарып, қаймақ, қант, какао, қамыр қопсытқыш, ұн қосып қамырын илеп екіге бөліп екі корж пісіреміз. Піскен соң алып суытамыз. Енді кремін дайындап аламыз. Сары майды бөлме температурасында ерітіп оған қоюлатылған сүт  (сгушенканы) құйып жақсылап миксермен араластырамыз. Жержаңғақты аздап қуырып алып, майдалаймыз. Дайын корждары­мыздың арасына кремін жағып біріктіріп тортты айналдыра кремін жағып шығамыз. Торттың бетіне және айналдыра жержаңғақты себеміз. Тортымыз дайын. Ас болсын!

А.ОМАШ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here