Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

0
204

Қала әкімінің 2019 жылдың 20 мамырындағы Өкіміне сәйкес, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген Мира Қазбекова қала әкімінің әлеуметтік-саяси жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

М.Қазбекова мемлекеттік қызметтің бірнеше сатысынан өткен білікті маман. Облыс, қала әкімдігінде баспасөз хатшысы, қала әкімі аппаратында бөлім басшысы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қала әкімі аппаратының басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Өткен жылғы Елордамыздың 20 жылдығын, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын және басқа да мәдени-көпшілік шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, өткізілуіне ерекше үлес қосты.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясына ие болды.
Қала әкімі аппаратының ұжымы Мира Жомартқызының жаңа қызметіне сәттілік тілейді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here