«Қуанғаннан жыладым»: Өнер адамдары көпбалалы отбасыға үй сыйлап, 500 адамға ауызашар берді

0
356

Өнер адамдары көпбалалы анаға үй сыйлап, орталық мешітте 500 адамға ауызашар берді.

Бірқатар өнер адамы орталық мешітте 500 адамға ауызашар жасап, 6 балалы мұқтаж отбасына баспана сыйлаған. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Ердос Қанаев, Ерғали Әбдірайымов және өзге де өнер жұлдыздары бар.

Бұл жайлы видеоны Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 6 балалы анаға үйдің кілтін табыстаған өнер жұлдыздары көпшіліктің ықыласына бөленді. Рамазан айында игі іс жасап, мұсылман қауымның  ризашылығын алды.

«Исламда жария садақа рұқсат етілген. Өнер адамдары орталық мешітте 500 адамға ауызашар беріп, қасиетті айда 6 баласы бар анаға үй сыйлады. Алла тағала ниетімізді қабыл қылғай. Елімізде баспанаға мұқтаж жан болмасын. Әумин!» — деп жазды Сәкен Майғазиев.

Бейнежазбада үй алған отбасының қуаныштан көзіне жас алып, алғысын жаудырып жатқаны байқалады. Өнер адамдарының бұл әрекетіне желі қолданушылары да оң бағаларын берді.

Бірінші келісілген көпбалалы ананың үкен ұлдары «Бізден де мұқтаж жан бар шығар. Еңбектеніп, жұмыс жасап, өзіміз аламыз» деп айтқан көрінеді.

Артынша өнер иелері мешітке тамақ сұрап келген алты балалы анаға, шын мұқтаж жанға көмек қолын созған.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here