Қызылордалықтардың жалақысын өсіру — Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті

0
120

Қызылорда облысы тұрғындарының жалақысын өсіру — Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты.

«Сыр бойы — елдің әл-ауқатын еселеп, халқымыздың бақ-берекесін арттырған өңір! Қызылорда — халықтың тағдырлы шешімдері қабылданған қала», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, республикалық деңгеймен салыстырғанда Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен.

«Мәселені бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес. Мен мұны түсінемін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру — Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті», — деді Қ.Тоқаев.

inform.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here