Ауа райы: Бұршақ, жауын, шаңды дауыл

0
493

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте- шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – тұман.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, Батыс- Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман күтіледі.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here