Үйі жоқ үміткер

0
288

Президенттікке үміт еткен жетеудің бірі — коммунист Жамбыл Ахметбековтің атында әлі күнге жеке үйі жоқ екен. Үйі жоқ, бірақ күйі, көлігі бар Ж.Ахметбеков:

«Мен ауылдан қалаға келген кезде үй жалдап тұрдым. Ол қаладағы Лесозавод ауданында болатын. Батпақтың арасымен жүрдік. Партиямыз парламентке өтіп, депутат болып сайландым. Қазір қызметтік үйде тұрып жатырмын. Анам менің қолымда. Отбасымда 7 адам бар», — дейді.

Президенттікке үміткер жеке басында үй жоқ екенін, ал қымбат көлікті несиеге сатып алғанын айтты.

«Қазір өзімнің жеке үйім жоқ. Жұбайым — мұғалім. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама арқылы алдымен жалға берілетін, кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған баспана алдық. Оның ақшасын төлеп тұрамыз. Бірақ ол біздің атымызға түскен жоқ. Әлі біраз ақша төлеу керек. Алдында итеріп жүргізетін Toyota Camry көлігім болды. Оны сатып, несиеге 2013 жылғы Toyota Hіghlander көлігін алдым. 3 жыл несиесін төледім. Одан басқа бизнесім, жеке мүлкім жоқ», — деді кандидат.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here