Ақшамның асханасы

0
65

Әр елдің ұлттық тағамдары олардың мәдениетінен көрініс береді. Мысалы біздің қазақты бешбармақсыз, өзбектерді палаусыз, грузиндерді хачапурисіз елестету мүмкін емес.

Италияның ұлттық тағамы — пицца

Пиццаның қамы­рын дайындау үшін:

— 2 стақан ұн

— 0,5 стақан сүт

— 2 жұмыртқа

— 0,5 шәй қасық тұз

— 3 үлкен қасық сұйық май.

Қамырының дайындалуы: Алдымен ұн мен тұзды бөлек табада араластырасыз. Жұмыртқа, сүт пен сұйық майды екінші табада араластырып, ұн мен тұз араласқан табаға дайын сұйықтықты құясыз. Қамырды илеп, 30 минутқа үстін сүлгімен жауып қоясыз. 30 минуттан кейін қамырды екіге бөліп, пиццаның пішінін жасайсыз.

Ал, қамырдың бетіне өзіңіздің талғамыңызға қарай ірімшік, бұрыш, майонез, кетчуп, қызанақ сынды т.б. нәрселер салсаңыз болады.

Грузияның ұлттық тағамы — хачапури

Құрамы:

— 0,5 л мацони

— 2 стақан сүт

— 2 жұмыртқа

— 1 шым-шым ас содасы

— 1/4 шәй қасық тұз

— сыр немесе брынза

— 50 гр сары май

Дайындалуы:

Алдымен ма­цони, сүт, жұмырт­қа, ас содасын қо­сып қамыр илейсіз. Сыр немесе брынзаны әбден езгілеп оған жұмыртқа мен сары майды араластырасыз. 0,5 кг сырға, 1 жұмыртқаны, 25-50 г сары майды саласыз. Хачапуридің пішінін жасап аласызда, оны пешке 10 минутқа саласыз. 10 минуттан кейін бетіне салмасын салып, жұмыртқа жағып пешке қайтадан салып пісіріп аласыз.

Франциялық круассан

Құрамы:

Қамырына қажетті заттар:

— 1 стақан жылы сүт

— 1 стақан жылы су

— 0,5 стақан сұйық май

— 1 дана жұмыртқа

— 1 жұмыртқаның ақуызы

— 1 шәй қасық тұз

— 2-3 ас қасық құмшекер

— 1 ас қасық ашытқы

— 5 стақан ұн

— 100 гр сары май

— арасына кез-келген шоколад пастасы

Дайындалуы:

  1. Ыдысқа жылы су, сүт, сұйық май құйып, үстіне тұз, шекер, ашытқы, 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқаның ақуызын салып, араластырамыз. Оның үстіне ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып, көтерілгенше жылы жерге қоямыз.
  2. Қамыр көтерілгеннен кейін, бірдей бөліктерге бөліп қоямыз. Барлығы 12 бөлік шығады. Майды алдын-ала табаға салып, отқа қойып, ерітіп аламыз да, қамырды тәрелкенің үлкендігіндей жайып, үстіне ерітіп алған майымызды жағамыз. Қамырдың араларына майды жағып, бірінің үстіне бірін қойып, қолымызбен басыңқырап, тоңазытқышқа май біраз қатқанша, шамамен 15 минутқа қоямыз. Майы еріп тұрған кезде қамырды жайып әлек болмаңыз. Еріп тұрғандықтан қамырыңыз жайылмайды, сондықтан тоңазытқышқа қою міндетті.
  3. Қамырды тоңазытқыштан шығарып, үстін басып, жұқа қылып жаямыз. Пышақпен үшбұрышты етіп 16-ға бөлеміз. Шетіне шоколад пастасын салып, суретте көрсетілгендей ораймыз. Барлығын орап болған соң, бетіне жұмыртқаның сарыуызын жағып, пешті 200 градусқа қойып қызарғанша пісіріп аламыз. Салқындағаннан кейін, бетіне шекер ұнтағын (сахарная пудра) сеуіп қоямыз. Круассан дайын.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here