«Мансап» –үздік білім кепілі

0
121

Адамды ғана емес, қоғамды да алға жетелейтін білім десек, мектеп мәселесі қашанда өзекті болмақ. Баршаға белгілі, бүгінде ата-ана балаларының біліміне барынша көңіл бөліп, жан-жақты болуына жағдай жасауда. Білім саласында бәсекелестік орта қалыптастыруда – жекеменшік мектептің орны зор. Осы орайда оңтайлы кәсіп түрі оқу орталықтары, жекеменшік мектептер көптеп   ашылуда. Қазіргі таңда жекеменшік мектептердегі білімнің салмағы туралы жиі айтылады. Ондағы оқудың сапасы қаншалықты екенін балалары сонда оқитын ата-аналар жақсы біледі. Әрине, ашылған мектеп барлық талаптарға сай, балалардың интеллектуалдық ой-өрісін дамытуға қабілетті болуы шарт. Бүгін біз Қызылорда қаласында өткен жылы   қазан айында есігі айқара ашылған «Мансап» мектебі жайлы баяндамақпыз. Аталмыш мектеп ҚР заңнамаларынын, бала құқығы туралы Конвенциясын және адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Білікті ұстаздарды біріктірген мектептің құрылтайшылары аз ғана уақыттың ішінде өз кәсібін дөңгелетіп үлгерген. Мектеп табал­дырығын аттасымен мектеп директоры Айнаш   Ержанова бізді жылы ұшыраймен қарсы алды. Кейін кабинеттерді таныстырды. Көзімізбен көргендей, оқу каби­нет­­терінің бәрі жаңа жабдықтар­мен жабдықталған. Мектепте бала­лардың ойнауы мен шығарма­шылық қабілеттерін дамыту, баланы өзін-өзі жетілдіру үшін барлық жағдай жасалып отыр. Оқушылардың ойнайтын, тамақ­танатын орны (күніне 3 мезгіл), сабақ оқитын кабинеттері талапқа сай жасақталған.

  

Алдымен   «Мансап» мектебі­нің директоры Айнаш Ержанова­дан басқа мектептерден аталмыш мектептің несімен ерекшеле­нетінін сұрадық.

— Жекеменшік білім ордасы да ҚР білім беру стандарты бойынша барлық сабақ кестесі бойынша өтеді.   Түске дейін сабақ процесі жүргізілсе, түстен кейін пәндерді тереңдетіп оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын игеру, үй тапсырмасын орындау, түрлі үйір­мелер (таэквондо,би, шахмат) қарастырылған. Оқушыларымыз балаларға арналған мектеп желісі Юниоркодпен оқиды. Бұл бағдар­ламамен әлемнің 21 елінің 250 қаласы жұмыс жасайды. 5 жастан бастап оқушылар ІT саласы бойын­ша білім алып жатыр. Мек­теп алды даярлық сыныбында сабақ — 30 мин, ал бастауыш сы­ныптарда 40 минут. Балалар топ­тық жүйе бойынша оқытылады. Ұстаздарымыз жоғары санатты педагогтар. Мемлекеттік мектеп сыныптарында 30-40 оқушыдан отырады, сондықтан мұғалімдер әр балаға көңіл бөліп үлгермейді. Ал жекеменшік мектептің артық­шылығы — әр балаға көңіл бөліне­ді. Біздің мектепте сыныптағы бала саны 15 оқушыдан аспайды, бұл мұғалімдерге әр баламен жеке шұғылданып, сабаққа деген ынта­сын оятуға мүмкіндік береді,- деді.

Кабинетті аралағанда басқа ұлт өкілдерінің балалары көптеп білім алып жатқанын көзіміз шал­ды. Балалардың бір-бірімен өзара сөйлесу барысында қиындық туын­дамау үшін көптеген іс-шара­лар, үйірмелер бірлескен түрде өтеді. Аптасына 4 рет «Келіңіз, қазақша сөйлейік» деген сабақ өтеді. Мұнда оқушылар көпшілігі орыс тілді болғандықтан қазақ тілі үйретіледі, яғни қазақ тіліне басымдық берілген. Сондай-ақ, оқушылар үшін арнайы медбике бар. Кіре беріс дәлізде   ай сайын әр оқушының бойы, салмағы қағазға жазылып ілініп тұр. Яғни, ата-ана баласының денсаулығына да алаңдамауына болады.

Ұстаздардың айтуынша, орыс тілді бүлдіршіндер мектепке келгеннен кейін аз уақытта қазақша меңгеріп алған. Мәселен, Данияр Нұрбекұлы мектепке кел­генде қазақша түсіну қиын болған. Кейін келе балалармен араласып, қазақ тілін үйрететін пәндердің көптеп өткендіктен, қазір ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Мектеп басшысының айтуын­ша, мұнда пәндер бойынша қо­сым­ша сабақтар өткізіліп, білімді тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибемен ұштастыруға көбірек мән беріледі. Оған қоса, қазақ, орыс, ағылшын тілдері тереңде­тіліп оқытылады. Айтпақшы, аталмыш мектепке балаңызды оқытқыңыз келсе даярлық тобына 30 мың теңге, 1,2,3,4-сыныптар үшін 50 мың теңге қаражатыңыз болуы қажет.

Сөз арасында мектеп дирек­торы балалардың өзіне көңіл бөлгенін, назар аударғанын қалайтынын жеткізді:

— Бала бойындағы адамгерші­лік қасиеттерді қалыптастыру үшін балаға жақын болу керек. Талап қойып, оның орындалуын қадағалау қажет. Қазіргі таңда бала­ларға қажетті көңіл бөліне бермейді. Әрине, бала болған соң мұғалімнің өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Ойын еркін жеткізу үшін тоқтау қоймаймыз. Яғни, қазақша да, орысша да ойын жеткізеді. Орыс сыныбында оқитын қазақ балалары ойын қазақша жеткізес, мұғалімдер орысша аударып, көмектеседі, — деді.

Жаңа білім ордасының ашыл­ғанына аз ғана уақыт болса да қазірдің өзінде 40-қа жуық оқушы бар. Мектепалды даярлық сынып­тан екі сынып, 1-сынып, 2-сынып­тан екеу ашылған. Әр сыныпта оқушы контингенті 15 оқушыдан аспайды. Оларға 10 мұғалім сабақ беруде. Оқушылар аптасына 5 күн,   ұстаздар таңертеңгі 8-ден кешкі 18.00-ке дейін балалармен жұмыс жасайды. Яғни, ата-аналар бала­ла­ры үшін алаңдамайды. Үй тап­сыр­масын күнделікті мектепте орындайтындықта   оқушы үйге барып сабақ оқымайды, тек сенбі-жексенбі күндері ғана.

Аталмыш мектепте жазғы уақытта балаларға жазғы каникул ұйымдастырылады. Жазда ғана емес, күзгі, қысқы, көктемгі кани­кул кездерінде мұғалімдер бала­лармен жұмыс жасайды. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша экскурсиялар, ойын-сауық орта­лықтарына барып танымдық және интеллектуалдық, спорттық жарыс­тар ұйымдастырылады.

-Ата-аналардың көпшілігі жұмысбасты болғандықтан, бала­ларын рухани орта мұражайларға апара бермейді. Көктемгі каникул кезінде балаларды «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы бойынша туған қаламыз Қызылорданың тарихын таныстыру мен көрсету мақсатында қаладағы мұражай­лар­ға апарып саяхат жасадық. Сол жағалауда орналасқан «Рухани жаңғыру» мұражайына, «Облыс­тық тарихи-өлкетану мұражайы­на», «Көркем­ сурет галлереясына» апарып таныс­тырдық. Балалардың қызығушылы­ғы ерекше. Әр нәр­се­ні білгісі келіп, сұрақты жаң­бырша жаудырды,- дейді мектеп директоры.

Сөз соңында Айнаш Оспан­қызы алдағы уақытта мектеп­тің аясын кеңейте отырып, оқушы санын арттыратынын да жет­кіз­ді. Бүгінде мектепке балала­рын оқытқысы келетін ата-ана­лар саны артқан.   Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш мек­тепке оқушыларды қа­был­дау оқу жылы басталмай тұрып, тамыз айының 1-нен баста­лады. Са­бақ дәстүр бойынша 1-қыркүйекте.

Жалпы, жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын бол­ғандықтан мектептің жай, не гимназия, лицей, дарынды ба­лаларға арналған болып бөлін­геніне қарамастан жақсы-жа­маны болмайды. Ең бастысы қай жерде де сапалы білім сара­ланады. «Мансап» мектебі «ұр­пағы білімді ха­лық­тың болаша­ғы бұлыңғыр болмай­ды» ұран­ды ұстанып, жас ұрпаққа сапа­лы білім мен өнегелі тәрбие беруді алға қойып отыр.

А. ОМАШ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here