Бюджетті дұрыс игермегендер жауапкершілікке тартылады

0
281

Сейсенбі күні Қызылорда қала­лық мәслихатының тұрақты комис­сия оты­рысы өтті. Бюджет және экономи­калық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 2 мәселе қаралды. Жиында 2018 жылғы қала­лық бюд­жеттің кіріс бөлігі, ресми транс­ферттерді қосқанда, 45 920 268,7 мың теңгеге немесе 100,4 пайызға орын­далып, 188 346,8 мың теңге бюд­жетке артығымен түскені мәлімделді. 

Күн тәртібіндегі «2018 жылғы Қызылорда қаласы бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін қарау» және «Қызылорда қаласының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы» мәселелері бойынша облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Сатлабаев Мейрамбек Ахметұлы баяндады. Оның айтуынша Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2018 жылға арналған тізбесіне сәйкес Қызылорда қаласының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына мемлекеттік аудит   іс-шарасы 2018 жылдың 18 қазан — 23 қараша айы аралығында 2016 жылдың 1 қазаны мен 2018 жылдың 30 қыркүйек айын қоса алғандағы кезең аралығына жүргізілген. Мемлекеттік аудит 18 жергілікті атқарушы органдарына, 2 мемлекеттік мекемесіне, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға қарасты 11 мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға үстеме тексерулер жүргізілді.

— Аудит обьектілерінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыс­тағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмауынан   157058,3 мың теңге қаржы­лық бұзушылықтарға жол берілген, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 177814,8 мың теңге, тиімсіз пайдала­нылған бюджет қаражатының сомасы 4620,0 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылық­тардың саны 87 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 39665,6 мың теңгесі бюджетке өтелуге, 117392,7 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады. Анықталған қаржылық бұзушылықтарды талдағанда бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заң бұзушылықтар – 56653,8 мың теңге, активтерді пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заң бұзушылықтар – 2136,4 мың теңге, бухгал­терлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заң бұзушылықтар сомасы – 79071,2 мың теңге, бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заң   бұзушылықтары -19196,9 мың теңге,- деді.

Мейрамбек Ахметұлы мемлекеттік меке­мелер мен кәсіпорындардың есеп қызметкер­лері өз міндеттерін тиісті орындамайтынын да тілге тиек етті. Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын­дардың бюджетке төленетін салықтары және әлеуметтік аударымдарының уақытылы және толық төленуіне талдау жүргізгенде, бюджеттен берілетін қаржылар уақытылы берілсе де мемлекеттік мекемелер 2017 жылы — 456200 теңге, 2018 жылдың 9 айында — 25829 теңге өсімпұл төлеген. Ал мемлекеттік кәсіпорындар 2017 жылы -606686 теңге, 2018 жылдың 9 айында -191968 теңге өсімпұл төлеген.

Қалалық білім бөлімі электр энергиясына ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды есептеуге бюджеттік өтінімді белгіленген нысанға сәйкес жасамай 2018 жылы 35084,5 мың теңге артық жоспарлаған. Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсанына кредиторлық қарызы бола тұра және үнемделмеген қаржы жыл ортасында толық үнемделген делініп бөлім қызметкерлеріне 14918,0 мың теңгеге сыйлықақы негізсіз төленгені мәлім болды. Қомақты қаржыны бөлдіріп алып, оны мақсатты жұмсамау – қылмыс.

Жер учаскесін сатып алу-сату шарттары бойынша және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жасалған шарттары бойынша төленуге тиіс 19196,9 мың теңгені 18 заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджетке төлемеген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңының 5-бабының 2-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа алып, «Қызылорда қаласының білім бөлімі», «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет үйлер, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты», «Күнекей» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 14 мемлекеттік аудит материалдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға мемлекеттік кірістер басқармасы және ішкі аудит департаментіне жолданып, нәтижесінде 10 аудит материалдар бойынша 625300 теңге айыппұл салынды. 4 аудит материалдар бойынша лауазымды тұлғалар ескерту түріндег³ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сараптама қорытындысымен қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері байқалған «Қызылорда қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тасбөгет кенті әкімі аппаратының «Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның аудит материалдары облыстық прокуратураға жолданды. Бүгінде білім бөліміне байланысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Келесі кезекте 2018 жылғы Қызылорда қалалық бюджетінің атқарылуы туралы да облыстық тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев баяндады. «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы 19-сессиясының №124-19/1 шешімімен жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 42 001 703,0 мың теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде: кірістер – 40 303 296,0 мың теңге. Салықтық түсімдер – 16 370 315,0 мың теңге. Салықтық емес түсімдер – 744 301,0 мың теңгені құрап отыр.

— 2018 жылғы қалалық бюджеттің кіріс бөлігі, ресми трансферттерді қосқанда, 45 920 268,7 мың теңгеге немесе 100,4 пайызға орындалып, 188 346,8 мың теңге бюджетке артығымен түскен. Оның ішінде, қалалық бюджеттің меншікті кірістер болжамы 17 056 103,0 мың теңгені құраса, орындалуы 17 244 449,8 мың теңгені немесе 101,1 пайызды құраған. Салықтық түсімдер бойынша болжам 16 370 315,0 мың теңгені құраса, орындалуы 16 522 567,0 мың теңгені немесе 100,9 пайызды құраған. 2017 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдердің көлемі 1 039 646,5 мың теңгеге немесе 6,7 пайызға өскен (2017 жылғы салықтық түсімдер – 15 482 920,5 мың теңге). Салықтық емес түсімдер бойынша болжам 385 909,8 мың теңгені құраса, орындалуы 334 139,7 мың теңгені немесе 86,6 пайызды құраған, -деді Мейрамбек Ахметұлы.

Баяндамада мәлімдегендей есепті кезеңдегі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болжамының барлығы артығымен орындалған, сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер бойынша түсім жоспарланбағанымен 145,7 мың теңге қаражат түскен. 2017 жылмен салыстырғанда, ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі шамамен 2 есеге артса, нысаналы даму трансферттерінің көлемі 19,9 пайызға артқан.

Қалалық бюджеттің шығыстарының жоспары 42 001 703,0 мың теңге көлемінде бекітілген. Есепті жыл көлемінде қалалық бюджетті нақтылау, түзету енгізу негізінде 2018 жылғы желтоқсан айындағы шығыстар жоспары 50 582 128,1 мың теңгені құрап, оның 50 468 157,7 мың теңгесі немесе 99,8 пайызы игерілген. Игерілмеген қаражат сомасы 113 970,4 мың теңгені құраған. 2018 жылғы қалалық бюджеттің шығындарын атқару 20 бюджеттік бағдарлама әкімшілері әкімшілен­діретін 15 функционалдық топтар бөлінісінде жүзеге асырылған.

Мейрамбек Ахметұлының айтуынша, бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарындағы дебиторлық және кредиторлық берешектер есептері бойынша дебиторлық берешектер 297,4 мың теңгені, кредиторлық берешектер   639805,8 мың теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда дебиторлық берешектер 163,7 мың теңгеге, кредиторлық берешектер 48342,9 мың теңгеге көбейген. Дебиторлық берешектер байланыс қызметінің нақты шығындарды уақытынан кеш берілуінен, әлеуметтік салықтың және жарамсыздық парағына жыл аяғында шығуына байланысты жалақы артық аударылуынан құралып отыр.

2019 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық қарыз 639 805,8 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде: қызметкерлердің жыл соңында жұмыстан шығып кетуінен 15,3 мың теңге айлық жалақы мен 0,2 мың теңге медициналық аударымдар есебінен, қаржы жетіспеушілік салдарынан 6,4 мың теңге табыс салығынан, 5223,3 мың теңге коммуналдық төлемдер мен 180,0 мың теңге байланыс қызметіне нақты шығындардың кеш берілуінен, 28951,3 мың теңге тұрғын үй көмегі бойынша нақты құжат тапсырғандарға есептелуінен және 47249,7 мың теңге әртүрлі бюджеттік бағдарлама­лардың 159 ерекшеліктері бойынша секвес­трге алынған қаржылар мен 558188,2 мың теңге қалалық білім бөлімі бойынша жыл басындағы кредиторлық берешектердің есебінен қалыптасқан.

А. ОМАШ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here