QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі қандай?

Автор:QAA.kz

Апр 26, 2019

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пітір-садақаның көлемі — 300 теңге. Бұл — пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де болады» — деп жазды Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады.

«6 мамыр — оразаның бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні — 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым — ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», — деген болатын А. Қонарбайұлы.

 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *