«Баламның өліміне бүгінгі билік пен жүйе кінәлі»: Сәуле Әбілдаханқызы соттың көмегіне жүгінді

0
875

Белгілі журналист, «Ақжүніс» бағдарламасының жүргізушісі, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы «фейсбук парақшасында» Алматы қалалық әкімдігін, қалалық білім басқармасын, № 17 мектеп-интернатының қазіргі басшылығын және «Үміт үйінің» қазіргі басшылығын, сонымен қатар, Азамат Успанов және 365 инфо сайтын сотқа беретінін мәлімдеді.

«365 инфо» сайты көп балалы аналардың құқығын қорғап жүрген Әбілдаханқызының өзі көпбалалы емес екен және қызы Айзаны кезінде балалар үйіне өткізген, мектеп-интернатта тәрбиелеген деп мәлімдеген еді. Бұл ақпартты Әбілдаханқызы:

«… аса құрметті өсекші блогер мырза және 365 инфо сайты, сіздердің бұл ақпараттарыңыз шындыққа жанаспайды және менің қызым 3-4 жыл детдом емес, яслиде болғанын бұрын талай сұхбаттарымда айтқанмын, мені жақсы білетін, менің сұхбаттарымды оқып, тыңдап жүрген халық үшін бұл жаңалық емес», — деп жалған екенін дәлелді.

90-жылдары көп қиындық көрген журналист жан бағу үшін осындай мемлеттік ясилеге (балаларды 6 жасына дейін тәрбилейтін орын) қызын тапсыруға мәжбүр болған. Қазіргі көпбалалы аналардың құқығын бір кездері өзі де көргендіктен қиындықтардан соң қорғап жүргенін айтады.

«Көпбалалылардың мәселесімен тек көпбалалылар айналысады деген топас түсініктен арылыңыздар. Көпбалалылар сол көп баласына нан тауып бере ме, әлде қоғамдық-әлеуметтік мәселемен айналыса ма? Қолы бос менің өзім осы қоғамдық жұмыспен айналысқалы бір шыны шайымды адалдықпен тыныш отырып іше алмаймын… Көпбалалылар мәселесімен тек «артын қанша қазсаң да идеальный өмір сүрген, бақытты тағдыр кешкен адамдар айналыссын» десеңдер, онда, пажалыста, сондай адамдарды тауып, соларға жүктеңіздер», — дейді жуналист.

Ұлынан қапияда айырылып қалған Сәуле Әбділдаханқызы жалғызының өліміне биліктің тікелей қатысы бар екенін жасырмайды.

«…егер біздің билік халыққа дұрыс жағдай жасаудың тетіктерін дұрыс қалыптастырғанда, біз осындай күйге түсер ме едік? Бәрімізді «жұлқып оятқан» бес қыз өртеніп кетер ме еді? Әрі-бәріден соң, біздің жүйе халықты ойлайтын жүйе болғанда, менің балам да өлмеген болар еді. Менің баламның өліміне де бүгінгі билік, бүгінгі жүйе кінәлі», — деп жайып салды шерлі ана.

Бұдан бөлек өткен өмірі үшін еш арланбайтынын, барлық қиындықтарға төтеп бергенін, «достойны» өмір сүргенін қоса айтты.

Өз жазбасында жала ақпараттар үшін кешірім сұрап, «ҚР БАҚ туралы» заңның 32 бабына сәйкес терістеме жазуға және осы материалды өшіруге 1 күн уақыт беретінін қадап айтты.

«Сендерге «Сәуле қызын детдомға тастап кеткен» деп жар салған жалған, жала ақпараттарың үшін кешірім сұрап, «ҚР БАҚ туралы» заңның 32 бабына сәйкес терістеме жазуға бір апта уақыт беремін. Олай болмаған жағдайда, жеке басымның намысыма тиіп, жалған ақпарат таратқандарың үшін СОТҚА беретінімді мәлімдеймін. Қызым Айза да сендерді сотқа береді», — деп кесті Әбілдаханқызы.

Тағы бір айта кететін жәйт, жеке отбасына қатысты мұрағаттық құжаттарды қопарып, өзіне қарсы ар-намысыма тиетін осындай әрекеттер ұйымдастырып отырған — Алматы қалалық әкімдігін, қалалық білім басқармасын, № 17 мектеп-интернатының қазіргі басшылығын және «Үміт үйінің» қазіргі басшылығын сотқа беретінін қоса мәлімдеді.

stan.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here