QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Ақ жол» партиясы президент сайлауына әйел кандидат ұсынды

Автор:QAA.kz

Апр 24, 2019

Бүгін «Ақ жол» партиясы Nur-Sultan қаласында сьез өткізіп, алдағы президент сайлауына тұңғыш әйел кандидат Дәния Еспаеваны ұсынды. 

«Ақ жол» партиясының сьезіне 254 делегат қатысқан. Солардың ішінен 6 кандидат шықты. Алайда, олардың ішінде Азат Перуашев жоқ.

Жабық дауыс беруде Дания Еспаеваны 94 делегат қолдады. Ал екінші тур, ашық дауыс беруде ол 170 дауыс жинады. Сөйтіп «Ақ жол» партиясының атынан сайлауға Еспаева Дәния Мадиқызы түсетін болды.

Еспаева Дәния Мадиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Тұрмыс құрған, екі баласы бар.

Алматы есеп-кредит техникумын (1982), Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген, Алматы қ-сы, (1993) (мамандығы «Экономист»).

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі (08.2008, 2012-2016 қайта сайланды), «Ақ Жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат (05.02.2016), «Ақ Жол» партиясынан VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап).

«Құрмет» ордені (2011); Медальдары: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, «Үздік қаржыгер».

Президент сайлауына үміткер Дәния Еспаева ана мен бала мәселесін көтеретінін айтып отыр.

— Мен ана ретінде осы президенттікке үміткер боламын. Себебі,қазір еліміздегі ең маңызды мәселе — әлеуметтік жағдай. Бірінші мақсатым — соны шешу.  Екіншіден, мен қаржыгермін. Сондықтан біздің бағдарламамызда көптеген сұрақ қаржыға байланысты. Ол сұрақтарды шешу үшін қаржыгер ретінде білімім жетеді. Сондықтан, өз-өзіме сенемін. 

Мүмкін осы сайлауда әйел президент болмайтын шығар. Оны уақыт көрсетер. Бірақ, бізде электораттың басым көпшілігі әйелдер. Сондықтан, алдағы уақытта бәрі де мүмкін, — деді Еспаева Abai.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Abai.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *