«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

0
237

Елбасымыз құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың әлі де тиылмай келе жатқанын және онымен күрес жолдарын тиісінше атап көрсетті. Осыған орай еліміздің құқықтық органдар саласы өз жұмыстарын ширата түсіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын белгілеуде.

Жалпы, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жіті қолға алынған болатын. Соған қарамастан бұл індет қоғам өмірінде анда-санда болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас. «Көз қысты, бармақ басты» дегендей орайы келгенде қызмет бабын пайдалану арқылы пара беру немесе пара алу сияқты келеңсіздіктер орын алып қалуда.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекітті, осы Жарлыққа сәйкес республика үкіметіне бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын бір айда берілген болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Аталған бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуға да, биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестегіне де баса мән беріліп отыр.

Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты — оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.

Сондықтан, ХХІ ғасырдың өзекті бір мәселесі болып отырған «Сыбайлас жемқорлыққа» қарсы міндетті ел болып бірге күресейік ағайын.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.А.Сабыров

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here