Д. Назарбаева Президенттікке таласады ма?

0
293

Қазіргі уақытта Қ.Тоқаев Президент сайлауына түседі ме дегеннен гөрі осы сұрақ бұқара арасында басым болып тұр. Бәрінің білгісі келеді. Себебі де белгілі…

Бұл тарапта жұрт арасында әңгіме аз емес.

Кім болғанда да әркім өз көзқарасын, пікірін білдіріп, саясат көрігін қыздыруда. Өнерден гөрі саясат құндылыққа айналған қазіргі қоғамда сол өнерден гөрі саясатқа әркімнің таласы бары рас. Осы ретте Ақордаға кіріп-шығып жүргендердің «ешкім естімесін» деген сыбырына сүйеніп көріп айтатын көріпкелдерде экономикалық, саяси жағдайларды сараптап, сараптама жасайтын саясаткерлер мен саясаттанушылар, сарапшылар үшін де саяси ұпай жинап қалатын саяси науқанның дәл өзі осы сайлау. Бірі Назарбаева Президент болуға таласады, енді бірі таласпайды деп әр алуан жорамал жасағандардың арасынан саясаттанушы Оразғали Селтеевтің пікірін жариялағанды жөн көрдік. Оның пікірінше: «Nur Otan» партиясынан үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев болады. Дариға Назарбаеваның өтпелі кезең менен жаңа билік құрылымының орнығуы тұсындағы рөлі бөлек.

Көп ретте Д.Назарбаева есімі Президенттіке үміткер есебінде аталады. Алайда, менің көзқарасымда бұл сарапшылардың негізсіз байламы, сондай-ақ қазіргі биліктің қарсыластарының мақсатты ақпараттық шабуылы. Әйтпесе, ішкі субъектілердің орнығуы мен саяси қайта құрылымдағы бас бенефициарлар арасында Д.Назарбаева қызметі ойлағаннан да бөлек өте маңызды, әрі салмақты.

Барлық сайлау процестері біткеннен кейін Парламент өкілеттілігі күшейеді. Орталық органдар арасындағы билік бөлінісінде Парламент мәртебесі артады. Парламент Үкімет пенен Президент әкімшілігіне тең әріптес деңгейіне көтеріледі. Д.Назарбаева өз аппараты мен саяси салмағын арттырады. Президент әкімшілігі Парламентке тікелей жетек­шілік етпейтін болады. Депутаттық корпус Үкіметке, әкімдіктерге ықпал­ды болады. Мұндай жүйе елдің саяси жүйесін жетілдіруге қолайлы.

Қазақстанның саяси болашағы үшін бұл жаңа жол өте керек. Қалай болғанда да саяси күресте бәсекелестіктің орын алуы заңдылық. Мемлекет пен қоғам дамуына балама бағдарламалар пайда болатын уақыт жақындап келеді. Жария саясат кезеңі үстем болып, тілі шұбалаңқы, фактурасы жоқ, көлеңкедегі сұр шенеуніктердің қоғамдық саяси кеңістіктен шығып қалатын кезеңі келеді».

С.БИҚОЖАЕВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here