Қызылордада «Ақылды технологияға» сұраныс көп

0
284

Технологияның қарқынды дамуы біздің сөздік қорымызға жаңа ұғым­дарды енгізді. Бүгінгі таңда «ақылды технологиялар» адамзат өмірінің барлық саласына қарқындап еніп, оның ажырамас бөлігіне айналуда. Сауда желілерінде «ақылды сағаттар», «ақыл­ды велосипедтер», «ақылды самакат­тар» пайда болды.Олардың көпшілігі қажетті қызметті тез арада жүзеге асырады. «Ақылды технологиялар» Қызылорда қаласына да келгелі біраз уақыт болып қалды. Бір қызығы бағасы аспанға шарықтап тұрса да   халық сатып алып жатыр.

Таяуда қаламызда   «Технодом» сауда дүке­ніне барғанымызда алыстан «менмұн­далап» велосипедтер бірден көзге ілікті. Тақап жанына барсақ бағасы да жаман емес. Іштей осыншама қаржыға кім велоси­пед алады деген ой келді. Бірақ сатушылар­дың айтуынша, түрғындар бағасына қара­май бұл велосипедтерді алуда. Сонымен бұл электровелосипедтің басқа велосипедтен айырмашылығы қандай? Аталмыш велоси­пед атауы TAІLG, 350 W, 36V/11.6 AH деп аталады. Бағасы 350 мың теңге. Сағатына 30 км жылдамдықпен жүреді. Қуаттылығы 36 Вт, аккумуляторы 36 V, 11,6 AH. Аталмыш велосипедтің батарейкасын алып, 5-6 сағат­та қуаттап алуға болады. Велосипед­ке қа­ра­пайым компьютер орнатылған. Сату­шылардың айтуынша, аталмыш вело­сипед жеңіл, ыңғайлы, әрі пайдалы болып келеді. Қолма қол ақшасы болмағандар, банк арқылы несиеге алып жатыр дейді.

Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік құралдарының біріне айналған. Ал біздің елде қандай? Велоси­педпен жүру денсаулыққа да пайдалы, эко­ло­гияға еш зияны жоқ, кептеліс туғызбайтын және адамның жүйке-жүйесін шаршатпай­тын спорт түрі дейміз. Сенбі-жексенбіде спорт түрімен айналысқаннан гөрі, жатып алып, теледидардан тамашалағанды дұ­рыс деп санаймыз. Көлікпен салыстыр­ғанда велосипедке артық шығынның қажеті жоқ. Велосипедті өзіңіздің басты көлігіңіз ретінде таңдауыңыз экологияның жақса­руына қосқан үлесіңіз болып саналады.

Сондай-ақ, «ақылды» технологияның қатарына «ақылды сағаттарды» жатқызуға болады. Сағат дегенде бәріміздің ойымыз­ға уақыт пен күнді көрсететін зат елестейді. Сағатты тек сән үшін тағатын дәуір өтіп бара жатыр. Бүгінде «Ақылды сағат» ар­қылы қоңырауларға жауап беру, хабарла­маны оқу, электронды поштаны ашу, әлеуметтік желілерге келген хабарлама­ларды оқу, жаңалықтардан хабардар болу, мекенжай кітапшасын қолдану, музыка тыңдау, ауа-райын біліп отыру, ғаламторға қосылу мүмкін­діктері ұсынылуды. Сондай-ақ, жүрек қағысының жиілігін өлшейтін қондырғы және фитнеске арналған функциялар жұмыс істейді. Қазіргі таңдағы сапалы ақылды сағаттарға Garmіn Smart Watch , Часы Suunto Spartan Sport Wnr Baro Stealtn+Belt айта аламыз. Бүгінде қала­мыздағы сауда дүкендерінде «ақылды сағаттар», бағасы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін барады.

Осылайша, ақылды техно­ло­гиялар қызыл­ордалықтар өмірін жеңілдетіп отыр.

А. ОМАШ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here