«Құдайдан безген қаныпезерлер»: Жорабаева «Өз ойым» жүргізушілерін сынға алды

0
2583

Ел алдында арын сатпақ болған Айнұр Жәнібекованың оқиғасы Алтынай Жорабаеваны да бей-жай қалдырмады. Әнші қыздың тағдырын ойынға айналдырғандарға шүйлікті. Ол «Өз ойым» бағдарламасының жүргізушілерін «намыссыз» әрі «Құдайдан безген» деп атады.

«Нұрболхан бауырымның жазғанын оқып, жағамды ұстап отырмын. Қаршадай қызды бүкіл елдің алдында осылай шығарып отырған «Өз ойым» бағдарламасына тіпті айтар сөзім жоқ. Бұл бағдарлама рейтинг үшін тағы қандай қадамдарға барар екен?

Өнер адамы болып, xалықтың алдына шығып жүрген соң, мұндай масқара жағдайларға бей-жай қарай алмаймын!

Ұлтымызды, дінімізді, құндылықтарымызды қайдағы жоқ, болмайтын тақырыптар қозғап, осылай құрту бізге тән қасиет пе ағайын!? Дереу іс-әрекет жасап, елге бағдарламаның шынайы бет пердесін көрсету біздің парызымыз. Мынадай сұмдықты Нұрболхан болмаса, тіпті білмей де қаламыз ғой.

Ал қыздың өмірі не болды? Осындай жағдайдан кейін оқудан, жатақxанадан қуылыпты. Ата-анасы елге қарай алмай отыр екен. «Өз ойымның» артында кім отыр? Жарайды қазаққа қатысы жоқ біреу шығар?! Ал жүргізушілер ше? Намыстары жоқ, Құдайдан безген қаныпезерлер болып тұр ма? Сол бағдарламаға шыққан трансвестит, гей, намыссыз жалаңаштанған қыздарды түсіре келе, бағдарлама әркім өз өмірін өзінше сүруі тиіс етіп түйіндейді екен. Алла сақтай гөр», — деп пікір білдірді әнші Instagram-дағы парақшасында.

stan.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here