«Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі»

0
197

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілген. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасауда. Десек те, тіл тағдыры – барша саналы қазақ азаматтарын толғандырып жүрген мәселе.

Осы орайда, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мен мамандары қатысты.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Сайджаппарова мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайдағы деңгейін атап өтті және тілімізді қолданудың маңыздылығы туралы баяндама оқып, осы таңдағы қателіктерге тоқталды. Қатысушылар мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжат айналымындағы кемшіліктер жайлы өз пікірлерін айтып, оларды шешу жолдарын талқыға салды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тіл тұғырын алдымен өзіміз, яғни мемлекеттік қызметкерлер көтере білсек, ана тіліміздің мәртебесі ары қарай көтерілетініне сенеміз, деген пікірлерімен қорытындылады.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бапасөз қызметі

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here